• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУАЛАРДЫҢ 9 ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Автор:admin

Авг 23, 2023
Spread the love
Биыл Ордабасы ауданында өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының есепті кездесуінде тұрғындар көтерген мәселелер шешімін тапты. Атап айтқанда, осыған дейін әкіммен кездескен тұрғындардың өтінішімен Темірлан ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды. Көлтоғанелді мекеніндегі орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Темірлан ауылына ауыз су жүйесі жүргізілді. Жолдар жөнделді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен есептік кездесуі бүгін Ордабасы ауданында жалғасты. Ел алдында есеп берген облыс басшысы биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, іске асқан жұмыстардың мән-жайын тұрғындарға баяндады. Алға қойылған мақсат-міндеттер мен қолға алынатын маңызды жобаларды халыққа жеткізді.
Облыс әкімі баяндағандай, Төрткүл ауылының тұрғындары көтерген табиғи газбен қамту мәселесін шешу үшін бюджеттен 829 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін осы мәселені шешу үшін 75 жедел-жәрдем автокөлігін сатып алу жоспарлануда. Ұялыжар ауылынан талапқа сай 9 гектар жерге жеке кәсіпкер есебінен полигон салынуда. Бұдан бөлек, ауданда заңсыз жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша тексеру барысында, қыш зауыттың аумағынан топырақ қазу фактісі анықталды. Жер қойнауына келтірілген залал көлемі зерделеніп, құжаттар құзырлы органдарға жолданды.
Облыс әкімінің халықпен кездесуіне келген ордабасылық шаруалар 9 жылға созылған жер дауының шешілгенін қуанышпен жеткізді. Осыған дейін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде мәселе көтерген өндірістік кооператив мүшелері 24 рет рет соттасып, енді ғана мәмілеге келген. Мәселе шешілді. Қос тарап келісіп, шығындар өтелген.
Кездесуде облыс әкіміне Ордабасы ауданының тұрғындары түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өтініштерін жеткізді. Сонымен бірге жеке қабылдауда да өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір сұраққа жауап беріліп, хаттамаға енгізілді. Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.
Спорт алаңын салып беруді сұраған тұрғынға облыс әкімі бұл шараларға аудан басшылығына жергілікті кәсіпкерлерді тартуды тапсырды. Туған жерді түлетуге қол ұшын созып жүрген азаматтардың артқанын айтты. Сондай-ақ кездесуде өндірістік қоқыс мәселесі көтерілді. Бұл жағдай құзырлы органдардың бақылауында.
Ауданның негізгі капиталына жыл басынан бері ауданға 14 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өнеркәсіп саласында биыл 6 айда 14,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі биыл 6 айда 19 млрд. теңгені құрады. 71,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Өңірлік өнім көлемі 6 айда 48,3 млрд. теңгені құрады. Биыл 6 айда құрылыс көлемі 6 млрд. теңгеден асты. Шағын және орта бизнес нысандары 13 мыңнан асты. Ордабасы ауданында осы жылы 2 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Бюджеттің өзіндік кірістері былтыр 4,5 млрд. теңгені құрады. Биыл 6 айда 2 млрд. теңге түсіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсті.
— Бюджеттің өзіндік кірістері әлі де жеткіліксіз. Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізеді. Өзіндік кірістерді арттыру үшін әкімдер жүмыс істеу керек. Ол үшін 5 жылдық жоспар құру керек. Әр әкімге қойылар басты талап – халықтың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту, қордаланған мәселелерін шешу.
Тәуелділіктен арылуы үшін біздің өңір, әр аудан өзін өзі қамту деңгейін нығайтып, арттыра түсу қажет. Сондықтан бюджет кірісін арттыру — біздің басымдықты міндеттеріміздің бірі. Біздің мақсатымыз – облысымыздың әрбір елді мекенін дамыту. Осыған орай, назарды тек облыс орталығына ғана аудармай, қалған 16 аймақты да көркейту, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау біз үшін өте маңызды. Жергілікті әкім, өз кезегінде, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін көтеруге бар күш жігерін жұмсау керек. Барлықтарыңызды, ауданды дамыту жолында аудан әкімімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. Аудандағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық жақсы біледі. Сондықтан, күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз, -деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Аудандағы су нысандарының су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін 7,2 млрд. теңге бөлініп, 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қараспан су торабымен (құны – 1,2 млрд. теңге), Қараспан магистралді каналына (құны – 3,5 млрд. теңге) күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Биыл 2 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталатын болады. Қалған каналдарды келесі жылы пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Биыл 21 каналдың 44,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін ауданда инвестициялық құны 10,8 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны іске асырып, 328 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Биыл 6 айда 1,2 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 72 жұмыс орны ашылды. Екінші жартыжылдықта құны 9,6 млрд. теңгеге 6 жобаны іске қосу жоспарлануда.
Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін 27 гектарды құрайтын инфрақұрылыммен қамтылған индустриялды аймақ құрылған. Индустриялды аймақта 1 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда ауданға 1,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, құрылған жұмыс орындарының саны 150-ден асады.
Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды атқарылуда. Соңғы 3 жылда 685 гектар жер жаңа үйлерді салу үшін инфрақұрылыммен қамтылып (ауыз су, электр желісі), 1 851 жер телімі бөлінді. Темірлан елді мекеніндегі 70 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (ауыз су, электр желісі) құрылысы жүргізілуде (жалпы құны 234,3 млн. теңге). Ағымдағы жылдың қыркүйек айында нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, жер кезегінде тұрған 261 адамға жер беріледі.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл жалпы құны 150 млн. теңгеге 11 ойын, спорт алаңшалары пайдалануға беріледі.
Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 55 пайызға жеткізу жоспарлануда. 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады. Аудан бойынша 25 елді мекеннің газ жүйесінің құрылыстарына биыл 3,8 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен газға қосылады. Тағы 15 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қажымұқан ауылындағы С.Ысмайлов мектебі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде ауданда жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда.
Жалпы, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, оның ішінде турникет жүйесімен, бейне-бақылаумен, дабыл кнопкасымен, күзетпен қамту үшін 293 млн. теңге бөлінді. Ыстық тамақпен 1-4 сыныптарының оқушыларын қамтамасыз ету үшін 425 млн. теңге бөлінді. Яғни, биыл бірінші рет осы мақсатта 718 млн. теңге бөлініп, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталып отыр.
Биыл екі елді мекенде медициналық пункттер ашылды. Төрт ауылда фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдар Ордабасы ауданында 3 медициналық нысан салу жоспарланып отыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика