Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының төрағалығымен аудан және қала әкімдіктері, қаржы институттары, «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ өкілдерімен кәсіпкерлік мәселелері жөнінде мәжіліс өтті. «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бағдарламасының іске асырылуы; Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу үшін үй шаруашылықтарының, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін талдау мақсатында маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізілу барысы; сондай-ақ Түркістан облысындағы кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы ҚР қолдауымен қабылданған «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген несиелеудің өңір кәсіпкерлері үшін қолжетімділігін арттыру қажет.
Сонымен қатар, басқосуда кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу жұмысын күшейту мақсатында аудан және қала әкімінің орынбасары жетекшілігімен әрбір аудан және қала аумағында құзырлы жергілікті атқарушы орган, «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ, қаржы институтары өкілдерінің қатысуымен Мобильді топ құру тапсырылды. Сондай-ақ, басқарма басшысы Түркістан облысы Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша басқа өңірлер арасында көшбасшы екендігін мәлімдеп, қарқынды одан әрі жоғарылатуды аудан және қала әкімдіктерінің назарына жеткізді.
Екінші кезекте, аудан және қала әкімдіктері мен үй шаруашылықтарының, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін талдау мақсатында маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізу есебі баяндалды. ҚР Үкіметімен бекітілген мерзімде маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізу жұмысын сапалы орындау туралы Басқарма басшысымен аудан және қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, барлық аудан және қала әкімдіктеріне күн тәртібіндегі үшінші мәселе Түркістан облысындағы кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу туралы бірқатар жүктемелер тапсырылды. Мәселен, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылға қарағанда 13,3 мың гектарға артып, 827 мың гектарды құрады. Егістікті әртараптандыру бойынша мал азықтық дақылдар 11 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 201 мың гектарға жетті.
R-ақпарат