• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қандай?

Автор:admin

Июн 13, 2022
Spread the love

Түлкібас ауданы әкімі аппаратының жоспарға сай кезекті мәжілісі өтті.Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.  Атап айтсақ: 1.Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларының  қорытындысы бойынша орындалуы;  2.Ауылдық округ, поселкелерде «Шатқал» бағдарламасының орындалуы, санитарлық тазалық, тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру және көше бағаналары мен газ құбырларын сырлау бойынша атқарылған жұмыстар;  3.Шақпақ ауылының автомобиль жолы бойындағы және базар аумақтарындағы ретсіз сауда орындарын ретке келтіру және «Түлкібас өнімдері» сауда қатарын ашу;  4. Ауданның 90 жылдығына орай нысандардың дайындығы туралы және Майлыкент ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар.  Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, аудан әкімі аппаратының бөлімше басшылары, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ, поселке әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Есембаева Тамара Тұрарқызы қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларының орындалуы туралы баяндап өтті.  Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Керімбеков Мырзахан Батырбекұлы ауылдық округ, поселкерде «Шатқал» бағдарламасының орындалуы, тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру және көше бағаналары мен газ құбырларын сырлау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, санитарлық тазалық бойынша атқарылып жатқан және атқарылатың жұмыстарға тоқталып өтті. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қозтаев Сәбит Талдыбекұлы аудан аумағындағы ретсіз сауда орындарын ретке келтіру мен бірге кәсіпкерлік нысандардың қасбеттеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар “Түлкібас өнімдері” сауда қатарын ашу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.  Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Жанесен Марат Сүгірәліұлы ауданның 90 жылдығына орай нысандардың дайындығы туралы және Майлыкент ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамасын жасап, аудан аумағында абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті. Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Н.Тұрашбеков күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқыланғаннан кейін бөлім басшылары мен ауылдық округ, поселке әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, мерзімінде орындалуын өз бақылауына алатындығын жеткізді. Түлкібастағы бағбандар жаппай алма егуге көшті. Себебі бұл өлкені еуропалық жеміс тұқымы бірден жерсінген. Жергілікті кәсіпкер осыдан 5 жыл бұрын Италия мен Польшадан әкелінген көшеттерді 20 гектар алқапқа еккен. Биыл израильдік технология қолданылатын қарқынды баудың көлемі 210 гектарға жетті. Мұнда алма сұрпының төрт түрі бар. Бағбан жеміс күтіміне қатысты барлық агротехнологиялық әдістерді меңгерген. Айтуынша, әр гектарға 3 мың түп алма көшеті егілген. Қазір алғашқы өнімді жинап жатыр. Сөйтіп, Түлкібастың тәтті алмалары елдің барлық өңіріне жөнелтілді. Сұраныс артқандықтан экспортқа да шығарылады. Қарқынды баудың тиімділігін түсінген ауданның өзге де шаруалары бағбандыққа бет бұрып, қазір алма баудың көлемін 3 мың гектардан асырды. Ерболат Назарбеков, бағбан: — Қазіргі таңда 3 мың тоннаға жуық алма жиналды. Әлі де терім болып жатыр. Алдағы уақытта 10-15 күнде бітуі керек. Абылай Төлепбергенов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі: — Ауданымыз бау шаруашылығын дамытуға өте ыңғайлы аудан боп саналады. Жыл сайын 30-33 мың тонна алма жиналады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика