Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі АХАТ саласы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 17.04.2015 ж. №219 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттарына сәйкес мынадай қызметтер көрсетілуде:
- Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:
2022 жылғы 7 айда 784 өтініш келіп түскен. Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) – 733 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 51 өтініш.
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру:
2022 жылғы 7 айда 1918 өтініш келіп түскен. Барлығы Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен.
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:
2022 жылғы 7 айда 24 өтініш келіп түскен. Барлығы Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) келіп түскен.
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру:
2022 жылғы 7 айда 166 өтініш келіп түскен. Барлығы Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) келіп түскен.
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:
2022 жылғы 7 айда 486 өтініш келіп түскен. Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) – 24 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 462 өтініш.
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:
2022 жылғы 7 айда 36 өтініш келіп түскен. Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) – 29 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 7 өтініш.
- Азаматтық хал актілері жазбаларын жою:
2022 жылғы 7 айда 2 өтініш келіп түскен. Барлығы Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) келіп түскен.
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
2022 жылғы 7 айда 3243 өтініш келіп түскен. Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) – 196 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 3047 өтініш.
«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген қағидаларына сәйкес мынадай қызметтер көрсетілуде:
- Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу
2022 жылғы 7 айда 245 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 206 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 39 өтініш.
- Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету
2022 жылғы 7 айда 962 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 562 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 400 өтініш.
- Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу
2022 жылғы 7 айда 166 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 150 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 16 өтініш.
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу
2022 жылғы 7 айда 73 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 24 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 49 өтініш.
- Есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу
2022 жылғы 7 айда 87 өтініш келіп түскен. «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 87 өтініш.
- Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу
2022 жылғы 7 айда 852 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 564 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 288 өтініш.
«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен мемлекеттік қызметін көрсету бекітілген қағидаларына сәйкес мынадай қызметтер көрсетілуде:
- «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру
2022 жылғы 7 айда 7 өтініш келіп түскен. Барлығы Мемлекеттік корпорация арқылы түскен.
- «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
2022 жылғы 7 айда 255 өтініш келіп түскен. Барлығы Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығымен төмендегі мемлекеттік қызметін көрсету бекітілген қағидаларына сәйкес мынадай қызметтер көрсетілуде:
- «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»
2022 жылғы 7 айда 107 өтініш келіп түскен. Барлығы Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен.
- «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»
2022 жылғы 7 айда 130 өтініш келіп түскен. «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 1 өтініш. Мемлекеттік корпорация арқылы – 129 өтініш.
- «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»
2022 жылғы 7 айда 29 өтініш келіп түскен. Барлығы Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) келіп түскен.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 16.10.2020 жылғы №539 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бекітілген қағидаларына сәйкес мынадай қызмет көрсетілуде
«Тұрғын үй көмегін тағайындауға » құжаттар рәсімдеу
2022 жылғы 7 айда өтініштер түспеген.
- 2022 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары» бекітілген.
Бұл қызметі бойынша Мемлекеттік корпорациясынан мамыр айынан бастап 334 өтінім келіп түскен.
Тәжі Болатхан
Жетісай ауданы жұмыспен қамту
және әлеуметтік көмек секторының
меңгерушісі