Түркістан облысында жұмыспен қамту шаралары мемлекеттік бағдарламалар аясында нәтижие беріп жатыр. Бүгінде екі қолға бір күрек таба алмай жүрген тұрғындар үшін нәтижиелі жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша бос жұмыс орындары мен бизнесін бастауға бар бизнестерін үлкейтуге үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Еңбектің тікелей əсер етуінің арқасында жоғары біліктілікті еңбектің дəрежесі көтеріледі, əрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге жəне оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті жəне іскер жұмыскерлерге қатаң таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, əлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен біліктілікті талап етеді. Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады. Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Еңбек нарығының негізгі мақсаты — еңбек ресурстарын тиімді жəне нəтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі əрі мемлекеттік маңызды мəселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мəселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір жəне батыл койылған саяси экономикалық жəне əлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды. Нарықтық жағдаят жұмыс күшінің бағасына және құнына әр түрлі ықпал жасайды. Ол еңбектің бағасына тікелей сипатта әсер етсе, жұмыс күшінің құнына жанама түрде, яғни жалданушы қызметкердің тұтынатын тауар және қызметтерінің баға қозғалысы арқылы ықпал етеді. Баға өндіріс салаларының дамуының басты бағдары болып саналады, сонымен қатар, тауарлар мен қызметтерді тұтынушы мен сатушы арасында, жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы қарым қатынастарда дәл сол функцияны орындайды. Жалданушы қызметкерлер жұмыс орындарын олардың «бағасына» қарап таңдайды. Қызметкерлер өзінің жұмыс күшін, сол жұмыс күшіне неғұрлым мол ақы (баға) төлейтін жұмыс берушіге сатуға құқы бар. Егер қызметкерлердің едәуір бөлігі бір уақытта өз жұмысын жоғары ақы төленетін басқа жұмысқа ауыстырғысы келген жағдайда, жұмыс берушілер оларды жалақы деңгейін арттыру арқылы өз кәсіпорынына тартып ала алады. Жалпы, біліктілік деңгейі жоғары қызметкерлер мол салаларда жалақы деңгейі (еңбек бағасы) төмен болады. Яғни, сұраныс пен ұсыныс тауарлар, қызметтер және капитал нарығындағы қалай әсер ететін болса, жұмыс күші нарығында да дәл солай әсер ете алады. Еңбек нарығы нарықтық сегменттің ерекше түрі болып саналады. Еңбек нарығының құрамды элементі ретінде психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси қасиеттерге ие адамдар танылады. Бұл ерекшеліктер адамдардың қызығушылығына, мотивациясына, еңбек ету дәрежесіне және еңбек нарығындағы жағдайға ықпал етеді. Еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшін тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығында кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар арасында белгілі бір қарым-қатынастар орнатылады. Сондықтан еңбек нарығы, бұл сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы белгілі бір жұмысбастылық көлемі мен еңбек ақы деңгейі анықталатын, экономикалық агенттер арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасқан экономикалық орта. Жүйелік тәсіл тұрғысынан қарастырғанда, еңбек нарығы — жүйелер, сегменттер, секторлар және әр түрлі ішкі және сыртқы байланыстардан тұратын, қоғамдық қатынастардың күрделі жүйесі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, еңбек нарығы, интеграцияланған немесе біртұтас өндірістік ресурстар нарығының қосалқы жүйесі болып саналады. Басқалай өндірістік ресурстарға (құрал жабдықтар, жер т.б.) қарағанда еңбек өзгеше ресурс – өйткені ол сақтау заты бола алмайды, ол өндірістің субъективті секторларымен, қызметкерлердің құнды жеке сипаттамаларымен тығыз байланысты. Өндірістік ресурстар нарығында еңбек нарығы ерекше, айқын орын алады, өйткені еңбек нарығынсыз өндіріс үдерісі болмайды, ал қоғам адамдардың еңбек қызметінен тыс дұрыс жұмыс істей алмайды. Еңбек потенциалы – табиғаттың потенциалдық қабілеттілігінің жиынтығы, еңбек белсенділігі, білім потенциалы және еңбек жолының бағасын анықтайды. Еңбек потенциалын мүмкіншілігін пайдалы қолдануын анықтауға болмыстар тізімі немесе компонент қолданылады, бірақ олар қоғамның жаңаша даму деңгейіне толықтай сәйкес келмейді. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін өндірістік жеке фактордың еңбек потенциал компонентінің тізімін бағыттау және ұлғайту қажет.Еңбек ресурстарын басқару теорияларының басым көпшілігі адамдар сұранысын қанағаттандыруға әсер етуге байланысты құрылған. Адам факторын басқару туралы қалыптасқан ұғым, персонал басқару практикасы, адамдар ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мәселесі өзара терең байланысты. Еңбек ресурстары – елдегі халықтың бір бөлігі, олар денсаулықтың дамуымен, алынған біліммен, персонал – мамандық деңгейімен пайдалы қоғамдық жұмыстармен айналысуға бейімді. Еңбек нарығы — экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады. Еңбек нарығының атқаратын қызметтері қоғамдағы еңбектің ролімен анықталады: Әлеуметтік қызметі – адамдардың қалыпты табыс деңгейі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етумен сипатталады. Экономикалық қызметі – адамдардың еңбегін тиімді пайдалану, бөлу, реттеумен сипатталады. Ынталандыру қызметі – еңбек нарығына қатысушылар арасында бәсеке қабілеттілікті ынталандыру, жоғары тиімді еңбекке қызығушылығын арттыру, адамдардың біліктілігін жоғарылатумен сипатталады. Еңбек нарығының құрылымында бірнеше сегменттер бөлінеді: жоғары біліктілігі бар басқару жұмысшыларының тұрақты саны; кадрлық жоғары білікті жұмысшылар және қызметкерлер; құрылымдық өзгерістерге бейімделген өнеркәсіп салаларының жұмысшылары; қызметтер саласын қамтитын еңбек өнімділігінің төмен деңгейімен ерекшеленетін ауқымды еңбек ететін жұмысшылар; жұмысшылардың қорғалмаған категориялары: жастар, қарт адамдар, жұмыс табудан үмітін үзген адамдар. Еңбек нарығы экономиканың жағдайын, жұмыссыздықтың деңгейін, адамдардың кәсіби біліктілігін, елдегі демографиялық көрсеткіштердің құрылымын көрсетеді. Еңбек нарығының ерекшеліктері: бірыңғай ұлттық нарық ретінде қалыптасуы, еңбекке жалдаудың ерекше көрсеткіші ретінде қалыптасуы. Еңбектің тікелей әсер етуі арқылы жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі, нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Бұл жағдай еңбектің шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс көмегімен бекітіледі. Еңбекке сұраныс келесі факторларға байланысты: еңбектің шекті өнімділігі; басқа өндіріс факторларының ұсынысы. Еңбек ұсынысына келесі факторлар ықпал етеді: 1. халықтың жалпы саны; 2. жұмыс істейтін белсенді халықтың үлес салмағы және оның өзгерісі; 3. әрбір жеке жұмысшының жұмыс істеу мерзімі; 4. қызметкердердің кәсіби дайындығы және мамандық дәрежесі. Еңбектің сұранысы мен ұсынысына әсер ететін әлеуметтік факторларға ұсынылған еңбектің сапасы және қызметкердің біліктілігі, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі, білім беру жүйесінің дамуы, кәсіподақ қозғалысының дамуы, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы және еңбек жағдайының өзгерісі енеді. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ең бірінші мәселе ретінде қазақстандықтардың еңбекпен толық қамтылуы мәселесін қарастырған. Ол оқытудың тиімді жүйесін қалыптастыра отырып, адамдарды жұмысқа орналастыруға көмектесу және еңбек ресурстарының мобильділігін арттыруға негізделген. Мұның өзі 2020жылы 1,5 миллион адамды сапалы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін атап көрсеткен. Экономиканың жандану және өрлеу кезеңдерінде, жоғарғы деңгейдегі нарықтық жағдаяттың қалыптасуына байланысты, жаңа кәсіпорындар ашылады, бұрыннан жұмыс істейтін кәсіпорындар ұлғаяды, және соның салдарынан жаңа жұмыс орындары ашылады да жұмыс күшіне деген сұраныс артады. Мұның нәтижесінде еңбектің. бағасы неғұрлым өседі де халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Oxford Economics институтының көмегімен Ernst& Young компаниясының жүргізген «Шапшаң ілгерілейтін нарықтар дамуын болжау» зерттеулері негізінде, Қазақстан соңғы онжылдықта экономиканың даму қарқыны бойынша алғашқы үш мемлекеттің арасына енген. Мұның өзі Қазақстанда әлеуметтік экономикалық жағдайдың ең жоғарғы деңгейде екендігінің көрнекті дәлелі болып саналады. Нарықта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді . Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі . Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер , яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады . Біздің елімізде еңбек рыногын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік – экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек . Жұмыс күшінің өндіріс өндіріс құрал – жабдығымен қосылуын нерықтық әдіспен – сатып алу – сату жолы арқылы жүзеге асады . Егер жұмыс күшін тауар десек , онда оның құны жайлы әңгіме туындайды . Шын мәнінде , жұмыс күші құнын өмір сүру жабдықтары қажетіліктер құнына теңестіруге болады , яғни жұмыскер мен оның отбасының отбасының өмір сүруі осы қажеттіліктер құнына пара пар болады . Қазіргі кезде діздің Қазақстанда басқа көптеген елдермен салыстарғанда адамның еңбегі төмен бағалануда . Мысалы , Шветцияда – 30 , Германияда – 28 , Австралияда – 22 , Францияда – 15 долларды құрайды . Ал Қазақстанда 0,10 доллар . Қазақстан Республикасында тәжірибесінде енді ғана тұрғындарды жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге өтуі қарастырылуда . Қазіргі кезде жұмыспен қамту қатынастары терең дағдарысты басынан кешіруде . Оның себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тоталитарлық орталықтан жоспарланған еді . Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту міндетін және тұрғындардың тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады. Еңбек нарығы — экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала. Екінші тоқсанында 15 жас жəне одан асқан жастағы экономикалық белсенді халық саны 8,5 млн. адам болып, өткен тоқсанмен салыстырғанда 334,5 мың адамға (4,7%) көбейеді. Экономикадық белсенді халықтың жалпы санындағы қала халқы — 4,2 млн. адам жəне ол биылғы І-ші тоқсанға қарағанда -226,5 мыңға (5,6%), ауыл халқы 3,3, млн. адам болып, 107,9 мың адамға кебейді (3,4%). Бұл біздің еліміздегі жақсы көрсеткіштер. Еңбек нарығы нарық түрінің ішіндегі ең жетілмегені болып табылады . Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер , әдетте , олардың еңбегіне сұранымның бар немесе жоқтығы туралы мәліметтермен толық ақпараттанбаған . Олар өзінің қаласының шеңберіндегі бос жұмыс орнының барлығын толық білмейді . Ал басқа аймақта жұмыс орнының болуы туралы тіпті хабарсыз . Нарық жағдайында экономикалық еңбекті ауыстыру заңы жұмыс атқарады .Оның мәнісі мынада : өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсенді жұмыс жасау керек , ол болса тұрақты жетілдіруді қажет етеді және бүкіл өмір бойы еңбек еткен кезеңде қызмет сапасы түрін өзгерткені абзал . Мысалы американдықтар өмірінің еңбек еткен жылдарында жұмыс орындарын орташа 7,5 рет , Жапонияда 2,6 рет , ал Батыс Еуропада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары . Дамыған елдердегі рынок өзінің өзгермелі коньюктурасына қарай , жұмыскерлердің үштен екісін үнемі оқуға итермелейді . Жапонияда мысалы , әрбір екінші жұмысшы әйтеуір бір жерде оқиды . Осы елде сапа үйірмелері , тәжірибемен алмасу тобы , жаңа технология және еңбек тәсілдерін игеру құбылыстары кең тараған . Швецияда еңбекке байланысты арнайы заң қабылданған . Заң талабына сай, әрбір жұмыскерге жұмыс уақытының есебінен кез келген курста оқуға құқылы және ешқашан жалақысын жоғалпайды . Сондықтан да жұмыскердің оқуы мен білім дәрежесі жоғары бағаланды . Бұл процес – нарықтық принципке көшетін экономика үшін қажетті құбылыс . Финляндияда , мысалы осындай орташа мерзім кезінде мамандық та өзгертіледі немесе халық шаруашылығында айналысатындардың үштен бір бөлігі басқа жұмысқа ауысады . Еңбек нарығында тепе – теңдік сұраным мен ұсыным көмегімен бекітіледі . Еңбекке деген сұраным мөлшері жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыстылықта болады . Жалақы мөлшері көтерілген кезінде фирмалар тарықтық тепе – теңдікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне сұранымды төмендетуі қажет , ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке сұраным артады . Жұмыс күшіне деген ұстаным нақты байланысқа іс — әрекет етеді . Американ ғылым экономисі П. Самуэльсонның ойынша , қоғамдағы еңбекке деген ұстаным төмендегідей факторлармен анықталады : тұрғындардың жалпы санымен ; жалпы тұрғындар санындағы өз бетінше тұратындардың үлесімен құралады; жыл немесе апта бойынша жұмысшының атқаратын орташа санымен; — жұмысшының жұмсайтын еңбегінің сапасы , саны және біліктілігімен; Әлеуметтік саясатты зерделей отырып, келесі шешімдерге келгенімізді атап өткіміз келеді: Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру еліміздің және қоғамымыздың экономикалық өмірінде, сондай-ақ ҚР азаматтарының өмірінде ерекше рөл атқарады. Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру ролі біздің өмірімізде аса маңызды мәнге ие. Барлық жұмыс істейтін әйелдер сақтандыру негізінде аяғы ауырлық немесе бала бағу бойынша әлеуметтік төлем ала алады. Экономика саласы мен Қазақстанның әлеуметтік қоғамдық өмірін қоса алғандағы барлық жағдайларды қайта жаңғырту таратылуда. Бұл тақырыпты зерделеу бізді Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау жүйесі құрылым және даму сатысында, оның оңтайлы құрылымының белсенді ізденісі жүргізілуде деген ойға келтірді. Халықты жұмыспен қамту тек экономикалық емес әлеуметтік те проблема болып табылады. Ол халық өмірінің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, әр адамның кәсіптік мүмкіншіліктерін дамытуды қалыптастыруда айқындаушы рөлді атқарады. Жұмыспен қамту проблемасын әлеуметтік бағдарламалар бойынша мемлекет басшының өкімі мен шешімдерін орындай бастаған мемлекет ғана шеше алады. Мысалыға, жұмыс істейтін әйелдер сақтандыру негізінде әлеуметтік төлем алып тұра алады. Еңбек белсенділігі және еңбек қарым-қатынастырының нысаны тиімді болады. Әйелдерді жұмысқа қабылдауда тең құқықтан айыру негіздері жойылады. Жалпы алғанда мемлекет өткен жылдармен салыстырғанда халықты жұмыспен қамту саясатын белсенді жүргізуде. Оны санақ деректері көрсетіп тұр. Қалалық маслихатпен бекітілген 2005-2009 жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасында Алматы қаласының бюджетінде 204,0 млн. тенгеден астам көзделген. Басқарушы қызметіне негізгі элеметтерінің бірі кадрлар сасаты. Экономикасының дамуы қазіргі кезеңде еңбек ресурстарын нәтижелі дайындау және қолдану басты айқындаушы фактор болып табылады. Басқару жүйесінде жаңа бейнелі басқарушыларды қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі заманғы қағидаларды әзірлеу қажет. Еңбек ресурстарын басқару бөлінуі негізінен ортағасырда цехтардың жұмыс істеуімен сәйкес келді. Осы кездерде цехтың жұмысшыларының еңбек жағдайлары , еңбекақы және жұмысшы өмірі, жұмысқа көңіл бөліне бастады. Бүгінде еңбек күші стратегиялық ойлау, тапқырлық, мәдениеттілік тағы басқа сол сияқты қабілеттіліктерге иемденуі қажет. Ол үшін адам ресурстарын әрдайым дамытып отыруы қажет.Қазақстан Республикасы дүниежүзілік нарықта өзінің бәсекелестік позициясын орнықтыру үшін мемлекеттің ролін күшейтіп, экономиканың стратегиялық басқаруын дамытуы және кадрлық саясатты көтеруі тиіс.
R ақпарат