Өздеріңізге белгілі Түркістан облысы халқы тығыз әрі көп орналасқан өңірлердің бірі. Мемлекеттің саясаты Оңтүстіктен – Солтүстікке көшіру және ол жақта барынша қазақтандыруға тырысып бағуда. Әрине мемлекеттік бағдарламалардың да тиімділігін атй кеткеніміз жөн. Аймақтардың экономикалық дамуының бірқалыпты болмауы ішкі көші-қонның артуына ықпал етуде. Оған қоса, қала мен ауылды жерлердегі табыс пен даму мүмкіндіктерінің арақашықтығы елдің барлық аймақтарына тән жағдай. Село мен ауылда орта мектеп түлектерінің жұмыс табуға мүмкіндігі жоқ. Село мен шағын қалалардағы жұмыс орындарының болмауы және әлеуметтік инфрақұрылымның төмен деңгейі ауыл тұрғындарының ішкі көші-қоны мен қалаларға жылыстауының негізгі себептеріне айналып отыр көшіп-қонушылар үшін барынша тартымды қала. Ішкі және шетелдік инвестициялармен қатар өзге де экономикалық мүмкіндіктердің жоғары деңгейі, бос жұмыс орындарының жалпы көбеюі елдің өзге аймақтарынан көшіп-қонушылардың көбірек келуіне себеп болып отыр. Жұмыс іздеп келген көшіп-қонушылардың заңды түрде жұмысқа тұру мен тұрғын үй алу мүмкіндіктері шектеулі. Нәтижесінде айналасында тұрғындары тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген, өз тұрғын үйіне қатысты меншік құқығы жоқ, сапалы коммуналдық және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алмайтын және негізінен экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін бірқатар ірі елдімекендер (ықшамаудандар) құрылды. Ішкі көші-қон мәселесін зерттеу экономикалық даму саясаты мен стратегиясын әзірлеу үшін қажет. Миграциялық ағымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізбей және ілеспе факторларға баға бермей жұмысқа орналасу мәселесінен бастап қоныстану орындарындағы тұрғын үйлердің жетіспеушілігі мәселесіне дейін бірқатар әлеуметтікэкономикалық мәселелерді шешу мүмкін емес. Ішкі көшіп -қонушылардың басым бөлігін жастар құра йды. Осы жағдайда жастар мен жастардың көші-қон мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбеуде . Жұмыспен қамту, табыс, ақша жинақтау, шығындар, білім алу мен денсаулық сақтауға қол жеткізу жастарға қатысты экономикалық мәселелерді қамтыса, бірге тұру, неке, ажырасу, туылу, гендерлік теңдік, қылмыс пен топ арасындағы қатынастар жастардың әлеуметтік мәселелерін қамтиды. Ресми және бейресми саяси институттарға сенім артумен қатар олармен байланыстары – саяси мәселелер. «Жастар олардың лайықты өмір сүруге деген талпынысы мен с ұраны мдарын қанағаттандыратын, және оларға болашаққа деген сенімдік көзқарасты ұсына алатын саяси және экономикалық ж үйені құруға мүдделі. Мұндай жүйенің жоқтығы, әсіресе смартфондар мен әлеуметтік желілер арқылы байланысып, пікір алмасып отыру жеңілдеп кеткен қазіргі уақытта жастар қақтығысының өрбуіне себепші болады» «Көші-қон» және «мигрант» түсінігі. БҰҰ және ХКҚҰ тәсілдері. Көші-қонның жіктелуі. Халықаралық және мемлекетішілік көші-қон. Эмиграция және иммиграция. Тұрақты және уақытша көші-қон. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді көші-қон. Циклдық және циркуляциялық көші-қон. Табиғи және ұйымдасқан көші-қон. Ерікті, еріксіз және мәжбүрлі көші-қон. Реттелетін және реттелмейтін көші-қон. Құжаттандырылған және құжаттандырылмаған көші-қон. Көшіқонның мақсаттары: экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық. Көші-қон факторлары. Көші-қон себептері. Көші-қонның итеруші және еліктіруші себептері. «Көші-қон» термині migratio және migro латын сөздерінен шығады («өтемін» және «көшемін»). Аталмыш терминнің жаппай қолданылуына қарамастан оның бірыңғай түсіндірмесі жоқ. ХКҚҰ көші-қонды «адамдардың өздерінің тұрғылықты жерінен немесе халықаралық шекара арқылы немесе мемлекет ішінде көшуі» деп анықтайды.1 Халықаралық деңгейде жалпы қабылданған «мигрант» түсінігі жоқ. ХКҚҰ өзінің мақсаттары үшін келесі анықтаманы әзірледі: «Мигрант – өзінің әдеттегі тұрғылықты жерінен елдің аумағында болсын, халықаралық шекара арқылы болсын, уақытша немесе тұрақты тұруға және әртүрлі себептер бойынша кететін адамды жалпы кәсіби емес түсінуді көрсететін халықаралық құқықпен анықталмайтын жалпы термин». Бұл термин еңбек ететін мигранттар; жүріп-тұруының нақты түрлері заңмен анықталған заңсыз әкелінген мигранттар; сондай-ақ жүріп-тұру мәртебесі немесе құралдары халықаралық құқықта анықталмаған, мысалы, шетелдік студенттер сияқты адамдардың нақты белгілі бір заңды санаттарының тобын білдіреді.2 «Мигрант» терминін анықтау үшін әдетте екі тәсіл пайдаланылады: — ХКҚҰ «мигрант» терминін жүріп-тұрудың барлық нысандарын қамтитын жалпы термин ретінде қарастыра отырып, ұстанатын инклюзивтік тәсіл; — резидуалистік тәсіл «мигрант» терминінен соғыстан немесе қудалаулардан қашатындарды алып тастайды (яғни босқындар және мәжбүрлі мигранттардың басқа санаттары). БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі департаментінің көші-қон туралы деректерін жинау мақсатында халықаралық мигрантты «өзінің әдеттегі тұратын елін ауыстыратын кез келген тұлға» ретінде анықтайды. БҰҰ анықтамасы «демалыспен, достарына және туысқандарына барумен, медициналық емдеумен және діни қажылықпен» шарттастырылған көші-қонды жояды.3 Негізге байланысты жіктеу үшін көші-қонның бірнеше түрлерін белгілеуге болады ХКҚҰ халықаралық көші-қонды әдеттегі тұрғылықты жерінен сол елдің азаматы болып табылмайтын елге халықаралық шекара арқылы баруы ретінде анықтайды.4 Халықаралық көшіқон донор елдердің де, қабылдаушы елдердің де халық санына әсер ете алады. Елден кетуді эммиграция, ал оған қатысатын адамдарды – эммигранттар деп атайды. Елге келуді иммиграция, ал оған қатысатын адамдарды – иммигранттар деп атайды. БҰҰ және ХКҚҰ пайдаланатын анықтамалар: Эмиграция, жіберетін ел тұрғысынан – бұл адамның өзінің азаматтығы бар елден немесе әдеттегі тұрғылықты жерінен басқа елге баратын ел оның әдеттегі тұрғылықты жерінің жаңа елі болатын мақсатпен көшу акті.5 Эмиграция, жіберетін ел тұрғысынан – бұл баратын ел оның әдеттегі тұрғылықты жерінің жаңа елі болуы мақсатымен өзінің азаматтығы бар елден немесе әдеттегі тұрғылықты жерінен басқа елге көшетін адам.6 Иммиграция, келу елінің тұрғысынан – бұл келген ел іс жүзінде оның тұрғылықты жерінің жаңа елі болсын деген мақсатпен адамның өзінің азаматтығы елінен немесе әдеттегі тұрғылықты жерінен ерекшеленетін елге көшу акті.7 Иммигрант, келу елінің тұрғысынан – келген ел іс жүзінде оның тұрғылықты жерінің жаңа елі болсын деген мақсатпен адамның өзінің азаматтығы елінен немесе әдеттегі тұрғылықты жерінен ерекшеленетін елге келген адам.8 БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі департаменті халықаралық мигранттар легін нақты бір кезеңнің ішінде елден шығатындар (эмигранттар), халықаралық мигранттар саны немесе елге келген халықаралық мигранттар (иммигранттар) саны ретінде анықтайды.9 Сондай-ақ «халықаралық мигранттардың контингент (жинақталған саны)» – белгілі бір уақыт ішінде бұрын-соңды өзінің әдеттегі тұрғылықты жерін ауыстырған (түсінік статистикалық мақсаттарда пайдаланылады) елдегі халықаралық мигранттардың жалпы саны түсінігі бар.10 ХКҚҰ ішкі көші-қонды жаңа уақытша немесе тұрақты тұратын тұрғылықты жерін анықтауды көздейтін мемлекет шегіндегі адамдардың жылжуы деп анықтайды.11 Мемлекетішілік көшіқонда аймақішілік (ауданішілік) көші-қон белгіленеді, олар белгілі бір әкімшілік-аумақтық (аудан, облыс, республика, округа және т.б.) және аймақаралық (ауданаралық) миграции бірліктердің шекараларында жүзеге асырылады. Аталмыш көшулер елдің жалпы халық санына әсер етпейді, бірақ ел ішінде халықтың орналасуын өзгертеді. Екінші белгі – мигранттың тұрғылықты немесе келген жерінде болу уақытына, көші-қонды жүзеге асыру мерзімділігіне және тұрақтылығына байланысты. Тұрақты (қайтпайтын) және уақытша көші-қонды (соның ішінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) белгілеуге болады. Тұрақты (қайтпайтын) көші-қон тұрақты тұрғылықты жерді ауыстырумен байланысты. Осындай көші-қонның классикалық, мысалы, ауылдық жерден қалаға көшу немесе шетелге тұрақты тұруға кету (қайтпайтын эмиграция) есептеледі. Бірақ қазіргі шарттарда халық жеткілікті белсенді және жиі орын ауыстырады және «тұрақты тұрғылықты жер» барынша түсініксіз және айқын емес түсінікке айналып барады. Мысалы, көп адамдардың қалада пәтері және қала сыртында үйі бар, олар онда тең және жеткілікті ұзақ уақыт өткізеді. Сол себепті олардың тұрақты тұрғылықты жері қай жер екенін айту қиын. Кейбіреулер тіптен екі елде тұрады. ХКҚҰ «тұрақты тұрғылықты жер» терминін «мемлекет биліктерінің шетелдікке онда тұрақты (шектеусіз немесе мерзімсіз) негізде тұруын тағайындау құқығы» ретінде анықтады. Бұл ретте тұрақты тұратын тұрғындарға арналған шарттар бір мемлекет пен басқасының арасында өзгереді».12 Сәйкесінше «тұрақты тұрғын – келген мемлекетте тұрақты тұру құқығы бар мемлекет азаматы емес адам».13 Уақытша көші-қон ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі департаменті осындай анықтамаға белгілі бір түсінік береді: «ұзақ мерзімді мигрант – өзінің әдеттегі тұратын жерінен ерекшеленетін елге кемінде бір жыл мерзімге баратын ел оның әдеттегі тұратын жаңа елі болатындай мақсатпен көшетін адам. Кеткен елінің тұрғысынан бұл адам ұзақ мерзімді эмигрант, ал келген ел тұрғысынан – ұзақ мерзімді иммигрант». БҰҰ пайдаланатын ұзақ мерзімді мигрант анықтамасы тек халықаралық мигранттарға ғана қатысты.14 Қысқа мерзімді мигрант. Үш айдан он екі айға дейінгі кезең ішінде елден алыста болатын адам қысқа мерзімді мигрант деп есептеледі. БҰҰ түсінігіне сәйкес «қысқа мерзімді мигрант» анықтамасынан демалу, достарына және туысқандарына бару, бизнес, медициналық қызмет көрсету мақсатымен немесе діни қаржылық мақсатпен баратын адамдар алынып тасталады.15 «Еңбекші мигранттар және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы» (1990 ж. 18 желтоқсанда қабылданған, 2003 жылғы 1 шілдеде күшіне енген) халықаралық конвенцияда «циклдық немесе циркуляциялық көші-қон» түсінігі пайдаланылады. Бұл адамдар екі немесе одан да көп елдің арасында сол жаққа немесе одан үнемі көшіп-қонып жүретін көші-қон нысаны. «Циклдық көші-қон» термині бірнеше контекстте қолданылады. Ол кенеттен көші-қонды сипаттау үшін пайдаланылады (мысалы, бірнеше елде тұруға заңды құқығы бар тұлғаның аймақтық ықпалдастыру процестерінің аясында шекаралық аймақтарда, мысалы Еуропалық одақта немесе екі не одан көп ел арасында көшіп-қонуы). Бұндай көші-қонды мемлекеттер және даму процесінің қатысушылары шетелге көшкен мигранттарға, негізінен жұмысқа орналастыру мақсатымен уақытша және шыққан еліне қайта оралуға көмектесетін арнайы әзірленген бағдарламалар мен сызбалар арқылы қолдайды. Сонымен қатар, циклдық көшіқон бағдарламаларын әзірлеуде ерекше сақтық танытқан жөн, себебі көші-қонның осы нысаны тұрақты келу нысандары және ұзақ мерзімді біріктіру нысандары жұмыс берушілердің де, еңбекші-мигранттардың да қажеттіліктеріне жақсы сәйкес келе алатын ұзақ мерзімді құрылымдық тапшылығы бар еңбек нарығы секторлары үшін оңтайлы шешім бола алады. Циклдық көші-қонды қоршаған ортаның жағдайын нашарлату және климаттың өзгеруі салдарларын жеңу стратегиялары ретінде де пайдалануға болады. Осылайша, циклдық көшіқон сызбаларының климаттың өзгеруімен қозғалған қауымның тұрақтылығын арттыруға және жергілікті бюджеттерді толықтыруға арналған тиімді тәсіл болуы мүмкін.16 Қысқа мерзімді көші-қон түрлерінің ішінде мыналарды белгілеуге болады: Эпизодтық көші-қондар әртүрлі бағыттар бойынша және уақыт бойынша тұрақты емес жасалатын ресми, рекреациялық немесе өзге сапарларды (іссапарларды, демалысты және т.б.) қамтиды. Барыс-келіс көші-қон өзінің елді мекенінің шегінен тыс оқу немесе жұмыс орнына тұрақты сапарларымен байланысты. Олардың саны қазіргі шарттарда, соның ішінде көліктік инфрақұралымды дамыту себебі бойынша артады. Маусымдық көші-қондарға халықтың жылдың белгілі бір кезеңі ішінде көшіп-қонуы тән. Мысалы, курорттық аудандарға демалысқа немесе ауыл шаруашылық жұмыстарына жазғы сапарлар. БҰҰ «маусымдық еңбекші-мигрант» түсінігін пайдаланады – бұл жұмысы немесе көші-қоны жылдың бір бөлігі ішінде жүзеге асырылатын және өзінің сипаты бойынша маусымдық шарттарға байланысты мигрант.17 Кейде көші-қонның уақытша нысандары мемлекет шекараларының қиылысуымен байланысты. Бұндай жағдайда уақытша шекара маңындағы көші-қон –басқа елге жұмысқа күнделікті немесе маусымдық сапарлар және «шекара маңы маусымдық жұмысшылары», «жұмыс-фронтальерлері» анықтамаларының түсінігі пайдаланылады. БҰҰ «шекара маңындағы еңбекші-мигрант» түсінігін пайдаланады – бұл ол күн сайын немесе аптасына кемінде бір рет қайтып келетін көршілес мемлекетте өзінің әдеттегі тұрғылықты жерін сақтайтын адам.18 Үшінші белгі – мемлекеттің мигранттар легін қалыптастыруға және көшіп-қону үдерісін ұйымдастыруға қатысуы. Бұл жағдайда мигранттардың өздерінің күштерімен жүзеге асырылатын дербес көші-қон және (ұйымдаспаған, табиғи) толығымен немесе ішінара мемлекеттік органдар немесе қандай да бір ұйымдар есебінен жүзеге асырылатын (халықаралық, ұлттық, этномәдени, экономикалық және т.б.) ұйымдасқан көші-қон (мемлекеттік қоныс аудару бағдарламалары, ұйымдастырылған жинақтар, үндеулер) белгіленеді. Көшіп-қонудың ұйымдасқан нысандары негізінен ұзақ мерзімді келешекте мемлекет үшін тым шығынды, бірақ ұзақ мерзімді келешекте олар өздерін ақтайды, себебі адамдар алдын ала дайындалған орындарға ұйымдасып көшеді, қабылдайтын қоғамға тезірек бірігеді. Төртінші белгі ерікті көшуге немесе қоныс аударуға негізделген. Көшіп-қонулар мигранттардың қалауы бойынша орындалатын ерікті көші-қонды және әртүрлі факторлармен көші-қон қозғалысын ұсынатын, бірақ мәжбүрлеуді қамтитын мәжбүрлі көші-қонды белгілеуге болады.19 БҰҰ тәсіліне сәйкес: — «мәжбүрлі көшіп-қонулар – өзінің әдеттегі мекенжайынан немесе өзінің үйінен, атап айтқанда табиғи немесе антропогогендік апаттар немесе адам құқықтарының бұзылуы, зорлықтың жаппай орын алу жағдайлары, қарулы қақтығыстың салдарларына жол бермеу үшін кетуге немесе үйін тастауға мәжбүр болған адамдардың қозғалыстары»;20 — «ішкі көшіп-қонулар – өзінің әдеттегі мекенжайынан немесе өзінің үйінен, атап айтқанда табиғи немесе антропогогендік апаттар немесе адам құқықтарының бұзылуы, зорлықтың жаппай орын алу жағдайлары, қарулы қақтығыстың салдарларына жол бермеу үшін кетуге немесе үйін тастауға мәжбүр болған немесе халықаралық танылған мемлекеттік шекараны қиып өтпеген адамдардың немесе адамдар топтарының қозғалыстары».21 Тағы бір атап өтетін санат – босқындар: — «босқындар 1951 жылғы Конвенция бойынша – толығымен негізді қауіптердің негізінде нәсіл, діни нанымдар, азаматтық, белгілі бір әлеуметтік топ немесе саяси нанымдар белгісі бойынша қудалаулар құрбаны бола алатын немесе осындай қауіптер салдарынан осы елдің қорғауын пайдаланғысы келмейтін; немесе белгілі бір азаматтығы жоқ және осындай оқиғалардың нәтижесінде өзінің бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінен тыс болатын немесе осындай қауіптердің салдарынан оған оралғысы келмейтін адамдар».22 Бесінші белгі елде мигранттың болуы және шекараны қиып өту заңдылығының қағидаттарына негізделген. ХКҚҰ терминологиясында мынадай түсініктер пайдаланылады: — «тұрақты көші-қон – шығу елі, транзиттік және бару елінің заңнамасына сәйкес іске асырылатын көші-қон»;23 — Барлық еңбекші-мигрнаттар және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияға сәйкес: «тұрақты мигрант – әдеттегі жағдайда көшіп-қонатын немесе халықаралық шекараны қиып өткен және осы мемлекеттің заңнамасына және осы мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге сәйкес мемлекетке кіру немесе қалу құқығы бар адам»;24 — «тұрақты емес көші-қон – шыққан мемлекетке кіру, транзит немесе одан шығу әрекеттерін реттейтін халықаралық келісімдерден немесе ережелерден, заңдардан тыс болатын адамдардың көшіп-қонуы»;25 — Барлық еңбекші-мигранттар және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияға сәйкес: «реттелмеген мәртебесі бар мигрант – әдеттегі жағдайда көшіп-қонатын немесе халықаралық шекараны қиып өткен және осы мемлекеттің заңнамасына және осы мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге сәйкес мемлекетке кіру немесе қалу құқығы жоқ адам». Реттелмеген жағдайдың өзінде мигранттар адамның өзінің құқықтарын жүзеге асыруға және құрметтелуіне, қорғалуына құқылы. Бұдан басқа, босқындарға егер олар өздеріне қауіп төніп тұрған жерден кетсе, санкцияланбаған кіру немесе болу үшін олар жазаланбауы тиіс және халықаралық қорғауға рұқсат ұсынылуы тиіс.26 Құжаттандырылмаған мигрант – тиісті құжаттарсыз елде болған немесе кірген сол елдің азаматы емес адам. Мигранттардың екі себеп бойынша тіркелмеген болуы мүмкін. Біріншіден, оларда жеке басты куәландыратын құжат бар, бірақ олардың елге кіруіне немесе болуына құқықты растайтын құжаттары жоқ немесе осындай құжаттары қолдан жасалған немесе жарамсыз. Екіншіден, оларда жеке басын куәландыратын ешбір құжат, сондай-ақ олардың елге кіру және болу құқықтарына ешбір басқа дәлелдері жоқ. Жеке басын куәләндыратын қандай да бір құжаттары жоқ, әдетте өзінің шыққан еліне қайтып келуге немесе жұмысқа немесе тұруға рұқсат алу қызметтеріне рұқсат алуда үлкен қиындықтарға ұшырасатын құжаттандырылмаған мигранттар. Құжаттандырылмаған мигранттар өзінің азаматтығына қандай да бір дәлел ала алмаса, ұзақ мерзімді келешекте тіпті азаматтығынан айрылуы мүмкін.27 Алтыншы белгі – көші-қон мақсаттары, олар экономикалық (жұмыс, коммерциялық қызмет), әлеуметтік (оқу, неке, отбасына қосылу), саяси (баспана), экологиялық (климаттық шарттарды ауыстыру, экологиялық жағдай) болуы мүмкін. Экономикалық көші-қонның барынша кеңінен таралған нысаны қазіргі уақытта еңбек көшіқоны болып табылады. ХКҚҰ тәсіліне сәйкес: «Еңбек көші-қоны – адамдардың бір мемлекеттен екіншісіне немесе өзінің елінің шегінде жұмысқа орналасу мақсатымен көшіп-қонуы».28 Мигрант анықтамасына сәйкес еңбек көші-қоны елдің ішінде және халықаралық шекаралар арқылы көшіп-қонатын мигранттарды қамтушы ретінде анықталады. Сондай-ақ осы таңдау халықаралық мигранттармен бірдей кейде біріктірудегі қиындықтар және кемсітушілік сияқты кедергілермен немесе мәселелермен ұшырасатын, жұмыс іздеу мақсатымен бір елдің шегінде көшіп-қонатын адамдардың ауқымды санымен дәлелденген. Дегенмен осындай мәселелр шекара арқылы өтетін мигранттар үшін барынша маңызды болып табылады, олар ішкі мигранттарға да тән.29 Барлық еңбекші-мигранттар-олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы (1990 ж. 18 желтоқсанда қабылданған, 2003 ж. 1 шілдеде күшіне енген) Халықаралық конвенцияға сәйкес: «Еңбекші-мигрант – сол елдің азаматы болып табылатын немесе табылмайтын мемлекеттегі төленетін қызметпен айналысатын, айналысып жатқан немесе айналысқан адам. Конвенция еңбекші-мигранттарды және олардың отбасы мүшелерін мигранттар келген елінде жұмыс істегенде ғана емес, көші-қонға, транзитке, шығуға және бүкіл болу және жалданып жұмыс істеу бойынша мемлекеттегі төленетін қызметінің уақыты кезінде, сондай-ақ әдеттегі тұратын мемлекетіне немесе шыққан мемлекетіне қайтып келуге дайындықты қамтитын дайындауды қамтитын «еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің көшіқон үдерісі кезінде де» қорғауды көздейді. Еңбекші-мигранттар сондай-ақ құжаттарда кейде «шетелдік жұмыскерлер немесе (уақытша) келісімшарттық жұмысшылар» ретінде айтылады.30 Экологиялық мигрант (экологиялық көші-қон) – өзінің шыққан елінің немесе әдеттегі тұратын жерінің аумағынан тыс немесе аумағында көшіп-қонатын және осыны уақытша немесе тұрақты жасауды жөн көретін немесе басты түрде қоршаған ортадағы олардың өміріне немесе өмір сүру шарттарына ықпал ететін, кенеттен болатын немесе тез орын алатын себептер бойынша әдеттегі тұратын орнынан кетуге мәжбүр болған адам немесе адамдар тобы.31 Әзірге қоршаған ортаға байланысты себептер бойынша көшіп-қонатын адамдар немесе адамдар тобын сипаттау үшін пайдаланылуы тиіс термин туралы ешбір халықаралық келісім жоқ.32 Заманауи көші-қонның себептері сан алуан және күрделі. Бірінші дәрежелі – өзара байланысын соншалық, оларды ажырату қиын және көбіне әлеуметтік-экономикалық себептер туралы айтудың ешбір мәнісі жоқ экономикалық және әлеуметтік. Көші-қон факторы – латын тілінен аударғанда «жасаушы», «өндіруші» фактор. «Фактор» түсінігі қандай да бір үдерісті, құбылысты белгілеу үшін пайдаланылады. Заманауи көші-қонның негізгі факторлары: — экономикалық – еңбекақы деңгейі, жұмысының болуы; — әлеуметтік – денсаулық жағдайы, өмірлік күштері, отбасылық қатынастар, балалар; — этно-діни – этникалық сәйкестік, діни сенім; — табиғи – ауа-райы және климат, экологиялық жағдай; — әкімшілік факторлар – көші-қон саясаты, көші-қонды бақылау болып табылады.
R ақпарат