
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, жаңа жобаларға қолайлы жағдайлар, қолдау тетіктері мен артықшылықтары туралы жан-жақты баяндады. Облысқа арнайы шақыртуды қабылдап келген инвесторларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.