• Чт. Сен 4th, 2025
Популярные метки

ТЕКЕСУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Авг 6, 2025

Шымкент қаласында халықты сапалы коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. Соның нақты дәлелі — Текесу тұрғын алабында ауыз су жүйесінің іске қосылуы. Бұл — қала әкімдігі тарапынан халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кезекті нақты қадамдардың бірі.
Аталған жоба шеңберінде 130-дан астам абонент сапалы және үздіксіз ауыз суға қол жеткізіп отыр. Жалпы ұзындығы 14 шақырым болатын су құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Ең бастысы, бұл игі іс жергілікті бюджеттен тыс, демеушілердің қаржысы есебінен жүзеге асырылған.
Айта кетейік, бұл инфрақұрылымдық жоба қала әкімінің тікелей тапсырмасы негізінде қолға алынған болатын. Бұған дейін Текесу тұрғындары қалалық әкімдікке және басқа да жауапты органдарға бірнеше рет ауыз су тапшылығы мәселесін көтерген. Кері байланыс нәтижесінде нақты жоспар әзірленіп, жоба сәтті іске асырылды.
Ауыз су жүйесінің іске қосылуы тек тұрмыстық қажеттілікті өтеу ғана емес, бұл — санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің, денсаулықтың, әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі. Енді Текесу тұрғындары сапалы, таза, санитарлық талаптарға сай ауыз су тұтынатын болады. Бұл өз кезегінде отбасылардың өмір сапасына, гигиеналық жағдайына және балалардың денсаулығына оң әсерін тигізеді.
Бүгін бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді. Ол жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асқанын, бақылау жұмыстарының тұрақты жүргізілгенін және тұрғындармен кері байланыс негізінде нақты шешімдер қабылданғанын атап өтті.
Текесу – Шымкенттің қарқынды дамып келе жатқан шағынаудандарының бірі. Ауыз су жүйесі іске қосылғаннан кейін бұл аумақтың әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Алдағы уақытта бұл бағытта тағы бірнеше жоба қолға алынбақ.
Қала әкімдігі мен жауапты мекемелердің мәлімдеуінше, Шымкент қаласында 2025 жылға дейін барлық елдімекендерді 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспары жүйелі түрде орындалып келеді. Текесу мысалындағы бұл жоба – сол жоспардың нақты жүзеге асқан бір парасы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *