• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Автор:admin

Окт 14, 2022
Spread the love

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Шымкентке жұмыс сапары барысында Ten Qogam әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, ҮЕҰ өкілдерімен және мүгедектігі бар адамдармен кездесу өткізіп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Атап айтқанда, жұртшылық өкілдері мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар жеке көмекшілер көрсететін қызметтердің тарифтеріне, мүгедектік топтарын белгілеуге, жеке оңалту бағдарламаларын орындауға, техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ инватакси қызметтеріне қатысты сұрақтар қойды.
Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және еңбек инспекцияларын жергілікті атқарушы органдардан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру мәселелері көтерілді.
Тамара Дүйсенова барлық қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.
Министр Шымкент қаласының ерекше жандарымен кездесу барысында ресми баяндама жасамай, бірден азаматтардың көкейтесті сауалдарына жауап берді. Жиынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков жүргізіп отырды.
— Әуелі, отбасының цифрлық картасын қалыптастырған соң, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды да әр мемлекеттік орган арасында әуреге салмау үшін бір терезе қағидаты бойынша құжатын рәсімдеу қолға алынбақ. Яғни, емханаға барғанда тиісті мәліметтерді алып, құжатын сол жерде рәсімдей алады. Үшіншіден, жастар мәселесі басты назардатұр. Мәселен, өткен жылы Қазақстанда 450 мың бала дүниеге келді. Бұл шамамен бір облыс тұрғынының санына пара-пар. 2003 жылдан бері туылған балалар қазіргі уақытта еңбекке қабілетті жасқа жетті. Бүгінде олар жұмыспен қамту, оқу мәселелерімен бетпе бет кездесіп отыр. Осы мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында жыл сайын мемлекет тарапынан 100 мың жасты субсидияланған жұмыс орындарға тартуды тапсырды, — деді Тамара Босымбекқызы.
Жиын барысында ерекше жандар саладағы өзекті, министрлік тарапынан өзгертулерді талап ететін мәселелерді қозғады. Әсіресе, мемлекеттік тапсырыс аясында берілетін әлеуметтік, медициналық заттар мен олардың сапасы, бейіні және қолдану ұзақтығына қатысты кереғар жағдайларды талқылады.
Тамара Дүйсенова, сондай-ақ, ерекше жандардың жеке көмекшілері мен оларға төленетін әлеуметтік төлем жайында да баяндады.
Кездесу соңында Министр Ten Qogam әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика