• Вс. Ноя 23rd, 2025
Популярные метки

САУРАН АУДАНЫНДА ҚХР САУАН ҚАЛАСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 23, 2025
✔️Сауран ауданында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық районына қарасты Сауан қаласының ресми делегациясымен кездесу өтті. Басқосудың негізгі мақсаты — екі өңір арасындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік бағыттағы әріптестікті нығайту, жаңа бастамаларды талқылау және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту болды.
✔️Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев жүргізіп, делегация мүшелеріне Сауран ауданы атынан қатысып отырған басшыларды таныстырды. Атап айтқанда, жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағымбек Асылбеков, депутаттар Ислам Намуратов пен Ержан Мустапаев, сондай-ақ бірқатар бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер қатысты.
✔️Кездесудің негізгі бөлігінде сөз алған Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров өз тарапынан ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, екі өңір арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға дайын екенін жеткізді. Сауран ауданының инвестициялық, туристік және кәсіпкерлік әлеуеті жөнінде Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысы Сұлтанғали Шакиров ақпарат берді. Ол өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін, бизнес жүргізу жағдайларын және туризм саласындағы жаңа бағыттарды таныстырды.
✔️Қытай Халық Республикасының Сауан қаласының әкімі Ербол Төлегенұлы сөз сөйледі. Делегация басшысы екі өңір арасындағы мәдени-гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін айтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылығын білдірді.
✔️Ресми басқосуда ауыл шаруашылығы, туризм, өндіріс, инфрақұрылым және әлеуметтік жобалар бойынша өзара ұсыныстар талқыланды. Тараптар алдағы бірлескен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылап, әлеуетті жобаларды пысықтады. Жиын соңында қатысушылар екіжақты әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілуіне сенім білдіріп, ресми сапарға ризашылықтарын жеткізді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *