• Вт. Ноя 18th, 2025
Популярные метки

САУРАНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІК МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Автор:admin

Ноя 18, 2025
Сауран ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған қорытынды іс-шара өтті. Шара қоғамдағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуға, этностар арасындағы достық пен келісімді дәріптеуге бағытталды. Іс-шараның негізгі мақсаты — еліміздегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауда Ассамблеяның маңызды рөлін кеңінен насихаттау.
Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев пен аудан прокуроры Алмаз Асылбеков сөз сөйлеп, Ассамблея аясында биыл атқарылған жұмыстардың этносаралық татулықты нығайтудағы маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Сахнада ынтымақ пен бірлікті бейнелейтін көрініс қойылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Бағдарлама барысында облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаттары Арслан Раматуллаев пен Хуршид Шарапов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді.
Өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға үлес қосқан ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен белсенді мүшелеріне «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Ұласбекқызының Алғыс хаттары табысталды. Шара соңында ән мен биден тұратын мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *