
Дебатқа аудан жастары мен жас ұстаздар қатысып, адалдық, ашықтық, әділдік және жауапкершілік тақырыптарында өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар қарсы тараптың уәжіне дәлелді жауап беріп, ойларын нақты әрі жүйелі түрде жеткізді. Іс-шараны Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің м.у.а. М.Қалеке ашып, дебаттың мақсаты мен тәртібіне тоқталды. Ол жастарды заң мен тәртіпті сақтау, өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге шақырды.