• Вс. Ноя 23rd, 2025
Популярные метки

САУАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯ МҮШЕЛЕРІ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЛАҢДАРМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Ноя 23, 2025
✔️Сауан қаласынан келген делегация мүшелері Сауран ауданының Шаға ауылдық округіндегі өндірістік парк нысандарын аралап, өңірдің индустриялық әлеуетімен танысты. Қонақтарға ауданның жетекші кәсіпорындарының жұмысы көрсетілді.
✔️Сапар барысында делегация жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін «BNK Group» серіктестігінің өндірістік цехтарын көрді. Кәсіпорын америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен әріптестік аясында «BNK IRRIGATION» брендімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналарды шығарады. Бұл жоғары технологиялық жабдық ауыл шаруашылығын заманауи әрі үнемді тәсілмен дамытуға мүмкіндік береді.
✔️Шара жалғасы ретінде Сауанның делегация мүшелері «Aqniet Holding» кәсіпорнының өндіріс алаңында болды. Компания білім беру ұйымдарына арналған жиһаз өндірумен айналысады және соңғы үш жылда 50-ге жуық мектепті қажетті жабдықтармен қамтамасыз еткен. Қазіргі уақытта кәсіпорын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына сәйкес стандартталған жиһаз үлгілерін шығарып, оларды республикадағы оқу мекемелеріне жеткізіп отыр. Сонымен қатар, мекеме «KAZMEDPRIBOR» компаниясымен бірлесе отырып, денсаулық сақтау саласына арналған медициналық жабдықтарды өндіруді жүзеге асырады.
✔️Сауан делегациясының өкілдері көрсетілген кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық танытып, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Шаға ауылдық округіндегі өндірістік парк шетелдік қонақтарға Сауран ауданының экономикалық әлеуетін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *