• Пн. Окт 13th, 2025
Популярные метки

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖАНДАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Автор:admin

Окт 13, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте жасаған Жолдауында еліміздің қаржы секторын реформалаудың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы Ұлттық банк пен Үкіметке банк ақшасын экономикалық айналымға тиімді тартудың нақты тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Бұл бағыттағы шешімдерді кешіктіруге болмайтынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, банктер туралы жаңа заң қабылдау – экономикалық өсімді ынталандырудың негізгі құралы болмақ. Заң жобасында экономиканың сұранысы мен технологиялық өзгерістер толық ескерілуі тиіс. Сонымен қатар, қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, заң жобасын жан-жақты пысықтау қажеттігі айтылды.

Мемлекет басшысы Парламент депутаттарына заңды жыл соңына дейін қабылдау жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл бастама – елдің қаржы жүйесін жаңғырту, экономиканы жандандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

#Жолдау2025 #ПрезидентЖолдауы #ЭкономикалықРеформа #ҚаржыСекторы #ҰлттықБанк #Үкімет #ЖаңаЗаң #Қазақстан

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *