• Пн. Сен 8th, 2025
Популярные метки

ПРЕЗИДЕНТ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ҒЫЛЫМ МЕН ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ

Автор:admin

Сен 8, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында қазіргі әлемдік геосаяси ахуалдың күрделілігін атап өтті. Алайда соған қарамастан, Президент еліміздің дамудан тоқтамауы керектігін, жаңғыру мен өсудің нақты жолдарын ұсынды.
Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда білім мен ғылымға салынатын инвестиция – болашаққа салынған ең сенімді капитал. Бұл ретте Президент бастамасымен күні кеше ғана Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірімен жасалған халықаралық келісім – еліміздің білім беру саласында жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыру – арқылы біз отандық жоғары білімнің халықаралық беделін арттырып, жастарымыздың жаһандық бәсекеге қабілетті болуына жол ашпақпыз.
Президенттің Жолдауында алдағы үш жылдың ішінде Қазақстан цифрлы мемлекетке айналатыны атап көрсетілді. Бұл – заманауи технологияларды меңгеру мен инновацияларды енгізу арқылы еліміздің әлеуетін арттырудың нақты жоспары. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ осы мақсатты жүзеге асыруда жастарды цифрлық сауаттылыққа баулу, IT-білімді дамыту және ғылыми зерттеулерді қолдау бағытында жұмыс жасап жатыр. Біз білім мен технологияны біріктіре отырып, Қазақстанның цифрлық трансформациясына өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Президент жыл сайынғы жолдауында Ғылым мен жоғары білім саласына айрықша басымдық береді. Биыл да Инновациялық саясатты министрлік құзырына беру, Дарынды зерттеушілерді қолдау, оларды елге қайтару, көші-қон саясатын, білікті мамандарды, оның ішінде техникалық мамандарға жағдай жасау туралы айтып келеді. Бүгінде бұл мақсатта іргелі істер жүзеге асып та келеді.
2025 жыл — Zhanibekov University тарихындағы ерекше жыл болмақ.
Zhanibekov University зерттеушілері ел мүддесіне қызмет ететін, шынайы ғылыми құндылығы бар жобаларды жүзеге асыруға кірісті.
Нұртаев Әлібек
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректор м.а.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *