• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Патриоттық тәрбие беру арқылы жастардың саналы сезімін көзқарасын қалыптастырады.

Автор:admin

Июн 3, 2022
Spread the love

Оқу орнында патриоттық тәрбиенің тереңдеуі  Отанымыздың саналы да белсенді күрескерлерін  тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, Республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызады.  Жастардың Отанды қорғауға даярлау,  жас азаматтардың патриоттық тәрбиесінің танымдары мен мінездерін қалыптастыру күрделі және сан түрлі процесс. Оқушының дүние танымын,  білімін,  көзқарасын қалыптастыруда мектеп шешуші рөл атқарады. Аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіре отыруымыз қажет. Сол арқылы әр жас жігіт, бойжеткен қыз еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін түсінуі тиіс. Ер жүрек адамды,  табанды күрескерді тәрбиелеудің негізі мектепте басталады. Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отан деген сүйіспеншілік,  патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан,  мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген  сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде  бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр. Патриотизмге тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар патриотизмге тәрбиелеудің бір бағыты болып отыр. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін — «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру Қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика