• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ОҢТҮСТІКТЕН – СОЛТҮСТІККЕ КӨШІРУ САЯСАТЫ, ҚАЙТАРЫМДЫ КӨШІ-ҚОННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Автор:admin

Ноя 3, 2022
Spread the love

Қазақстанның солтүстік бөлігінде еңбекке қабілетті жастағы азаматтар азайып барады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлім етті «Біздің тарапымыздан түрлі зерттеулер жүргізілді, егер қазіргі демографиялық, көші-қондық үрдістер сақталар болса, алдағы бес жылда ШҚО, Павлодар, СҚО және Қостанай облыстарында 167 мыңнан астам еңбекке қабілетті азаматтарды жоғалтамыз. Ал Жамбыл, ОҚО, Алматы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында еңбек ресурсы көп, халықтың саны көбейіп жатыр. Сондықтан, бос орындарды оңтүстіктің есебінен толтыру үшін 2018-2022 жылдары 59 мың жанұяны солтүстікке көшіруді көздеп отырмыз», — деді вице-министр. Оның айтуынша, жыл басынан бері жұмыс бабымен өңірден-өңірге көшу бағдарламасы аясында 114 отбасы, яғни 461 адам оңтүстіктен солтүстікке көшіп, жұмыспен қамтылды және тағы 1 200 отбасы көшуге дайын.Бұл ерікті көші-қон бағдарламасы болғандықтан, азаматтарға оңтүстіктен солтүстікке көшу үшін бірқатар ынталандыру тетіктерін әзірленіп жатқанын атап өтті. «Егер оңтүстіктің азаматы солтүстікке жұмыс бабымен көшкісі келсе, көші-қон шығындарын өтеу үшін әр отбасы мүшесіне 35 АЕК көлемінде 79 415 теңгеден төлеп береміз. Екіншіден, барған жерінде тұрғын үй мәселесін шешу үшін, бір жылға дейін пәтер/үй жалдайтын болса, жалға алатын ақшаны айына 34 мыңнан 68 мыңға дейін бір жыл бойы төлеп беруге дайынбыз. Егер ай сайын төленетін қаражаттың есебінен ауылды жерден шағын үй сатып алу мүмкіндігі болса, бір жылдық пәтерақыны бір мезгілде төлеп беру жолдарын қарастырып жатырмыз. «Тұрғын үй құрылыс банкімен» бірлесіп, бағдарлама аясында көшетін азаматтарға жеңілдетілген заем, субсидиялар беру тетіктерін қарап жатырмыз», — деді ол. Сонымен бірге, солтүстік өңірдің ауылды елдімекендеріне көшіп барған оңтүстік азаматтарына жер телімдері конкурссыз берілуі мүмкін. «Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта жер конкурс арқылы беріледі. Ал біздің бағдарлама қатысушыларына ауыл шаруашылық жерлерін, коммерциялық тұрғыда пайдаланылатын немесе балабақшамен айналысатын жерлерді конкурссыз беру жолдары шешіліп жатыр. Ол үшін тиісті заңдарға өзгерістер енгізу қажет», — деді ол. Тағы бір айта кетерлігі, оңтүстіктен солтүстікке көшкен азаматтардың бизнес-идеясы болса, олар «Бизнес-Бастау» жобасы арқылы оқытылады. Егер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкер туралы оң пікір білдірсе, оған 5 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беру мүмкіндіктері қарастырылуда. КСРО ыдырағаннан кейін және ОА тәуелсіз мемлекеттері құрылғаннан кейін көші-қон

үдерістері белсенділендірілді, көші-қонға халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтар

қатыстырылды, көші-қон саясатын либералдандыру басталды. Қазіргі уақытта ОА елдеріндегі

көші-қон – жергілікті социумдардың өмірінің әртүрлі аспектілерін қамтитын кеңінен таралған

құбылыс. ОА мемлекеттері оның жақсы жақтарын да, қауіптерді де ескерумен көші-қонға

әртүрлі көзқарастарға ие.

Мемлекеттердің басым көпшілігі ұлттық мүдделер және қауіпсіздікті сақтау мақсатында

мигранттардың көшіп-қонуын бақылауға тырысады. Сондай-ақ мемлекеттер медициналық

және әлеуметтік көмек, экономикалық және мәдени салаларда бейімделуді ұсыну, тұрғын үймен

қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру бағдарламаларына қатысуы тиіс. Көші-қон үдерістері

және тиісті қоғамдық қатынастар мониторингті және жақсартылған құқықтық реттеуді қажет

етеді.1

Қазіргі ғылымда құқықтық қамтамасыз ету ауқымды және тар мағынада қаралады. Ауқымды

мағынада аталмыш түсінік әлеуметтік-құқықтық элементтердің жиынтығын және қоғамдық

қатынастарды заңды реттеу үдерісіне әсер ететін құқықтық қатынастар субъектілерінің

практикалық қызметінде оларды пайдалану, тәсілдері мен амалдары, құқықтық құралдарын

әзірлеу үдерісінің жиынтығын қамтиды. Тар мағынасында құқықтық қамсыздандыру қоғамдық

қатынастардың нақты аспектілеріндегі құқық субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтікқұқықтық актілер жүйесі ретінде түсініледі. Атап айтқанда бұндай ракурсте көші-қон

үдерістеріне қатысты ОА мемлекеттерінің нормативтік-құқықтық актілерінің жүйесі қаралады.

Көші-қонды басқарудың құқықтық аспектілері біріктірілген бірлестіктердің үлгілері және әртүрлі

деңгейлері тұрғысынан қаралады. Осындай тетікті әзірлеудің маңыздылығы ерікті қайтып келудің

құқықтық тетіктерінің көмегімен реттелмеген мәртебесі бар мигранттарға қатысты шиеленісуді

шешу бойынша шешімдерді әзірлеу, көші-қон сұрақтарымен байланысты саяси жанжалдардың

артуымен, жаһандық ауқымдағы көші-қон үдерістерін қазіргі белсенділендірумен, сондай-ақ

«Жоспарлы қайта ықпалдастыру және реадмиссия және қауіпсіз әрі лайықты қайтып келуді

қамтамасыз ету мақсатындағы серіктестік» №21 мақсатты көздейтін реттелген және реттелетін, қауіпсіз көші-қон туралы БҰҰ Жаһандық шарты аясындағы көші-қон үдерістерін тиімді басқару

мақсатында мемлекеттер арасындағы серіктестікті күшейту қажеттілігімен байланысты.2

«Адам құқықтарының жалпы декларациясының нәтижелері: уақыт және шындық сынтегеуріндері» Адам құқықтары жөніндегі Азиялық форумның Самарқандтық декларациясының

10-тармағында «мемлекеттерге тұрақты даму мақсаттарымен олардың көші-қон мәртебесіне

қарамастан барлық мигранттардың құқықтарын құрметтеу, қорғау және қамтамасыз еткен

жөн» деп көрсетіледі.3

Қазіргі шындық қайтарымды көші-қон үдерістерін реттеу саласындағы мемлекетаралық,

аймақтық және халықаралық серіктестігі қажет екенін көрсетеді. Қайтарымды көші-қон

саласындағы серіктестік ХКҚҰ көші-қон бойынша халықаралық диалог сияқты жаһандық

платформалар аясында да, Көші-қон және даму жөніндегі Жаһандық форумның аймақтық

алаңдарында да – бұл көші-қон саласындағы аймақаралық және аймақтық кеңес беру

үдерістері.

Көп жағдайларда көші-қон көршілес елдер арасында болады, алайда көлік шығындарының

төмендеуі және жаһандық ақпаратқа рұқсатты жақсарту қашықтықтың жүріп-тұру үшін

айтарлықтай кедергі болмауына жағдай жасайды. Қазіргі таңда көптеген елдер шығу елі, жету

елі немесе транзит елдері ретінде немесе бір уақытта осы қасиеттердің барлығына қатысады.4

Қайтарымды көші-қонды реттеудегі маңызды рөлді ОА елдері арасындағы екі тараптық және

көп тараптық келісімдер атқарады. Осылайша, мысалы, Бішкекте 1992 жылы 9 қазанда ТМД

қатысушы-елдердің оны (соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан,

Түрікменстан, Өзбекстан) «Жер аударылған адамдар, ұлттық азшылықтар жән халықтардың

құқықтарын қалпына келтірумен байланысты сұрақтар жөніндегі келісімге» қол қойды.

ТМД аясында мигранттардың қайтып келуі бойынша бірқатар келісімдер қабылданды, мысалы

2002 жылғы 7 қазандағы Кәмелетке толмағандардың олардың тұрақты тұратын елдеріне

қайтып келу мәселелеріне ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісім

қамқорсыз қалған кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекетіне қайтып

келу мәселелері бойынша ынтымақтастыққа бағытталған.5

Көші-қон саласындағы ынтымақтастық негіздері «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің келісілген

көші-қон саясаты туралы декларацияларына» (2007 жыл) да ендірілген, сондай-ақ ол көшіқон саласындағы ынтымақтастық негіздерін анықтайды. Қазіргі таңда ОА елдері арасындағы

реадмиссия туралы екі тараптық келісім – қайтарымды көші-қонды реттеу бойынша негізгі тетік болып табылады. Екі тараптық шарттарды жасау жергілікті, ұлттық, аймақтық және

халықаралық деңгейлерде ілгерілету, оларды тиімді жүзеге асыру үшін негіз ретінде қызмет

етеді және ЕҚКҚЫК әзірлеу және дамытудың озық тәжірибесі болып табылады.

Қайтарымды көші-қонды реттеудегі маңызды рөл егемен мемлекеттерге, олардың халықаралық

құқықтық стандарттар мен халықаралық міндеттемелерге сәйкес дамуына тиесілі. Тиісті

халықаралық және аймақтық заңнама мемлекеттерге қайтарымды көші-қон үдерісіндегі

мигранттардың құқықтарын сақтау бойынша қосымша бағдарларды ұсына алады.

Қайтарымды көші-қон ОА елдері үшін маңызды құбылыс, бірақ әлі де болса жеткіліксіз

зерттелген феномен болып қала береді. Атап айтқанда, аймақтағы мүмкіндіктер, барынша

жалпы тәуекелдер мен мигранттардың осалдығының көздері арасындағы өзара байланыс, оны

әрі қарай дамыту бағыттары, шығу және жету елдеріндегі көші-қон саясатының тиімділігі аз

зерттелген.

ОА елдерінің стратегиялық жоспарлары, ұлттық заңнама, көп тараптық және екі тараптық

келісімдер көбіне әлі де қайтарымды көші-қонды жеке бағыт ретінде белгілемейді, дегенмен

аталмыш бағытта жұмыс жүргізілуде. ОА елдеріне ерікті қайтып келу туралы заңнама жақын

келешекте белсенді дами бастайтыны сөзсіз.

Қайтарымды көші-қон саласындағы ОА әр жекелеген елінің нормативтік-құқықтық қорын

зерттеу халықаралық актілермен қайтарымды көші-қон мәселелері бойынша өзіндік ұлттық

заңнаманы үйлестіру, халықаралық шарттар, келісімдерге қол қою, халықаралық құқықтық

кеңістікке олардың жоспарлы кіру үрдісін анықтауға мүмкіндік берді.

Дүниежүзілік қауымдастыққа біріктіру үдерісінде егемендік алған ОА елдері дербес, жас, тәуелсіз

мемлекеттер ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын

негізгі құжаттар болып табылатын қандай да бір халықаралық шарттарға және конвенцияларға

қол қойды. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандығын реттейтін халықаралық нормативтікқұқықтық актілер тікелей немесе жанама түрде өзінің шыққан еліне қайтқан мигранттар да,

қабылдаушы ел үшін аумақта бар мигранттардың құқықтарын да қозғайды әрі қорғайды.

Қайтарымды көші-қон саласындағы ОА барлық елдерінің заңнамасын қазіргі кезеңде шартты

түрде үш блокқа бөлуге болады.

Бірінші блок жаһандық деңгейдегі көші-қон бойынша құқықтық қатынастарды реттейтін

халықаралық шарттар және конвенцияларды қамтиды және осы құжаттарға қол қойған басқа

мемлекеттердің құрамында олардың толыққанды мүшелері болып табылады.

Екінші блок келісімге қатысушы елдердің мүдделерін қамтитын міндеттерді шешу үшін

аймақтың екі және одан да артық елі арасында жасалған аймақтық масштабтағы нормативтік

құқықтық актілерді – халықаралық келісімдерді қамтиды.

Үшінші блок ұлттық заңдарды – ОА мемлекеттері жекелеп алған нормативтік-құқықтық

базаны, соның ішінде жергілікті деңгейдегі құқықтық сұрақтарды реттейтін заңға тәуелді

нормативтік-құқықтық актілерді қамтиды Әр блокты қайтарымды көші-қон бойынша ОА елдерінің ұлттық заңнамаларының айырымында

толығырақ қарастырайық.

Халықаралық құқықта адамның құқықтары мен бостандықтарын анықтайтын, оларды жариялау

мен қорғау тетіктерін анықтайтын көптеген халықаралық құжаттар қабылданып, қазір

қолданыста жүр. Осындай құжаттардың басым бөлігі мигранттарға, соның ішінде еңбекшімигранттарға қатысты әрекет етеді.6

ОА елдері 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпы декларациясының

қатысушылары болып табылады, ол әр адамның «әр мемлекеттің аумағында өзінің тұрғылықты

жерін таңдау және еркін көшіп-қону», «кез келген елден, соның ішінде өзінің елінен кету және

өз еліне қайтып келу» құқығын белгілейді.7

1990 жылғы 18 желтоқсандағы Еңбекші-мигранттар және олардың отбасы мүшелерінің барлық

құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қою аймақ елдеріндегі қайтарымды

көші-қонды реттеуде үлкен рөл атқарады. Осы құжатқа сәйкес «қатысушы мемлекеттер адам

құқықтары бойынша халықаралық құжаттарға сәйкес олардың аумағында немесе олардың

заңнамасындағы барлық еңбекші-мигранттар және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын

құрметтеуге және қамтамасыз етуге міндеттенеді» (7-бет), сондай-ақ «еңбекші-мигранттар

және олардың отбасы мүшелері кез келген мемлекеттен, соның ішінде өзінің шыққан

мемлекетінен еркін кете алады. Бұл құқық халық адамгершілігі немесе денсаулығы, қоғамдық

тәртіп қауіпсіздігі (ordre public), ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін қажет, заңмен көзделген

ерекшеліктерді қоспағанда, қандай да бір шектеулерге жатпауы тиіс. Еңбекші-мигранттар

және олардың отбасы мүшелері өзінің шыққан мемлекетіне кез келген уақытта келіп, онда

қала алады» ОА елдері адамның құқықтарын қорғайтын негізгі халықаралық құжаттарға қол қойды:

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (Нью-Йорк, 1966 жылғы

16 желтоқсан), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт,

Адам құқықтары туралы конвенция (Нью-Йорк, 1989 жылғы 20 қараша); Әйелдерге қатысты

кемсітудің барлық нысандары туралы конвенция (Нью-Йорк, 1979 жылғы 18 желтоқсан),

Босқындардың мәртебесі туралы БҰҰ Конвенциясы (Женева, 1951 жылғы 28 шілде) және т.б.

Қатысушылары ОА барлық мемлекеттері болып табылатын негізгі халықаралық құжаттардан

басқа олардың бірі қол қойған кейбір халықаралық құжаттарды да атап өткен жөн.

Қазақстан 2018 жылғы 12 желтоқсанда Мароккода Марракеш қаласында БҰҰ Үкіметаралық

конференциясында бекітілген қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон туралы Жаһандық

шартқа қол қойған елдер қатарына кірді.

Қазақстан, Тәжікстан және Түрікменстан 1926 жылғы 25 қыркүйекте Женева қаласында қол

қойылған, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамамен енгізілген өзгертулерімен Құлдық туралы

конвенцияны ратификациялады, оған сәйкес «Тараптар, … тұтқындарды сатудың алдын алуға

және тыйым салуға; біртіндеп және барынша қысқа уақытта барлық нысанында құлдықты

толығымен жоюға біртіндеп қол жеткізуді жалғастыруға»9

міндеттенеді (2-бап), «бір елден

екінші елге қандай көлік құралдарымен болмасын құлдарды тасымалдау немесе тасымалдау

әрекеті немесе осындайларға қатысу осы Конвенцияға қатысатын мемлекеттердің заңдары

бойынша қылмыс деп есептеледі және осы қылмыстарда айыпты деп саналғандар қатаң жазаға

тартылады» (3-бап).10

Қырғызстан 2000 жылғы 15 қарашада Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы БҰҰ

конвенциясын ратификациялады, Өзбекстан 2006 жылғы 20 желтоқсанда барлық адамдарды

зорлықпен жоғалудан қорғауға арналған конвенцияны ратификациялады.

Түрікменстан ХЕҚ конвенциясына қол қойды: №29 «Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы»

(Женева, 1930 жылғы 28 маусым); №105 «Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу туралы» (Женева,

1957 жылғы 25 маусым); №182 «Балалар еңбегiнiң ең жаман түрлерiне тыйым салу және жою

жөнiндегi шұғыл шаралар туралы» (Женева, 1999 жылғы 1 маусым); №138 «Жұмысқа қабылдау

үшін ең төменгі жас туралы» (Женева, 1973 жылғы 26 маусым).

ЕҚКҚЫК әрі қарай ілгерілетуге арналған қор ретінде қайтарымды көші-қонды құқықтық

реттеуде үлкен рөлді аймақ елдерінің мүдделеріне қатысты екі тараптық және көп тараптық

келісімдер атқарады.

ОА елдері арасында жасалған халықаралық келісімдер пакетінің құрамы әртүрлі, бірақ жалпы

көші-қон үдерістерімен байланысты маңызды саяси және құқықтық мәселелерге реттеуге

мемлекеттің ұмтылысын көрсетеді. Қайтарымды көші-қон сұрақтары бойынша ОА елдерінің саясатын анықтайтын негізгі маңызды

келісімдер ретінде мыналарды атап өткен жөн.

Біріншіден, 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарт (Беларусь, Қазақстан, Ресей

Федерациясы, Армения, Қырғызстан), оның аясында экономика салаларында үйлестірілген,

келісілген немесе бірыңғай саясатты өткізу, тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс

күшінің қозғалысы бостандығы қамтамасыз етіледі. Одақ халықаралық құқық субъектілігіне ие

аймақтық экономикалық біріктірудің халықаралық ұйымы болып табылады. ЕАЭО Шартының

4-бабында «Одақтың негізгі мақсаты: олардың халқының өмірлік деңгейін арттыру мүддесінде

мүше-мемлекеттердің экономикасын тұрақты дамыту үшін шарттар құру; Одақтың аясында

тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын

қалыптастыруға ұмтылу; жаһандық экономика шарттарында жан-жақты жаңғырту, ұлттық

экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кооперация» деп көрсетілген.11

Одақтың аясында бірыңғай экономикалық кеңістікте көшіп-қону мүмкіндігі, мигранттардың

еңбек қызметі үшін қолайлы шарттар жасалған. Осылайша, мысалы ЕАЭО Қырғызстанға

кіргеннен кейін еңбекшілер РФ еңбек қызметін жүзеге асыруда бірқатар преференцияларды

алды, олар:

— еңбекшілер және олардың отбасы мүшелері 30 күнге дейін тіркеусіз бола алады;

— тіркеу еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттың қолданыс мерзімінде жүзеге асырылады;

— емтихан тапсыру және жұмысқа қабылдауға рұқсат алу талап етілмейді (патент);

— жұмысқа қабылдауда еңбекшілермен еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасалады;

— жұмысқа қабылдауда білім және біліктілік туралы Кеңес Одағы мемлекеттерінде берілген

құжаттар және т.б. танылады.

Екіншіден, 2007 жылғы 16 тамыздағы ШЫҰ мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді адал көршілігі,

достығы және ынтымақтастығы туралы шарт (Қазақстан, ҚХР, Қырғызстан, РФ, Тәжікстан,

Өзбекстан). Ұйымның басты міндеті экономикалық ынтымақтастықтың тұрақтылығын

және қауіпсіздігін, энергетикалық серіктестікті, ғылыми және мәдени өзара әрекеттестікті,

терроризммен, сепаратизммен, экстремизммен, есірткі трафигімен күресті нығайту және

дамыту болып табылады.

Үшіншіден, Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісім (Минск қаласы 1991 жылғы

8 желтоқсан) ОА елдерінің қалған қатысушыларын қамтиды. ТМД қызметі аясында көші-қонды

реттеуге қатысты келесі актілер әзірленіп, әрекет етеді: 1992 жылғы 9 қазандағы Жер аударылған

адамдар, ұлттық азшылықтар және халықтардың құқықтарын қалпына келтірумен байланысты

сұрақтар бойынша келісім; 2002 жылғы 7 қазандағы кәмелетке толмағандарды олардың

тұрақты қайтып келетін еліне қайтып келу сұрақтарына ТМД-ға қатысушы мемлекетердің

ынтымақтастығы туралы келісім; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің келісілген саясаты туралы

декларация (2007 жыл); 2003 жылғы 1 тамыздағы Заңсыз көші-қонмен күреске Тәуелсіз

мемлекеттер достастығының қатысушы мемлекеттерінің ынтымақтастығы туралы келісім. ТМД деңгейінде реттеу үшін барынша өзектісі реттелмеген көші-қонға қарсы күрес және

еңбек көші-қонын құқықтық реттеуді оңтайландыру, мәжбүрлі қоныс аударушылар және

босқындардың мәртебесін реттеу және мәжбүрлі көші-қон сұрақтары болып табылады.

ТМД ассоциацияланған мүшесі бола отырып, Түрікменстан көші-қон саласындағы жекелеген

келісімдерге қатысады, соның ішінде мыналар бар: Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы

тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарының құқықтарының

кепілдіктері туралы келісім (1992 жылғы 13 наурыз, Мәскеу); Мәжбүрлі қоныс аударушылар және

босқындарға көмек туралы келісім (Мәскеу, 1993 жылғы 24 қыркүйек); Еңбекші-мигранттарды

әлеуметтік қорғау және еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Мәскеу,

1994 жылғы 15 сәуір).

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан босқындарды қорғау дәне көші-қон

саласындағы серіктестік және диалогты жүргізу үшін аймақтық кеңес беру алаңын ұсынатын

Алматылық процеске белсенді қатысады.

Өзбекстан осы мемлекеттен еңбекші-мигранттарды қабылдаушы елдермен ынтымақтастық

бойынша іс-шараларды іске асырады. 2017 жылы желтоқсанда Сыртқы көші-қон саласындағы

ынтымақтастық – «Ресейдегі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Өзбекстан азаматтарын

ұйымдастырылған жинау және тарту туралы» РФ-мен келісім жасалды. РФ ынтымақтастық

туралы еңбек көші-қон саласындағы жоспарлы жұмысты іске асыру бойынша нақты дайындалған

«Жол картасы» бекітілді. Қазіргі таңда Сыртқы еңбек көші-қоны жөніндегі агенттік РФ, кейбір

еуропалық елдермен, Жапониямен және Корея Республикасымен шарттар жасады.

Өзбекстан істердің әртүрлі санаттары бойынша құқықтық көмек көрсету бойынша

серіктестік сұрақтарын реттейтін бірқатар екі тараптық халықаралық шарттарды жасады:

Түрік Республикасымен (1994 жылғы 23 маусым); Латвия Республикасымен (1996 жылғы

23 мамыр); Литва Республикасымен (1997 жылғы 20 ақпан); Қытай Халық Республикасымен

(1997 жылғы 11 желтоқсан); Үндістан Республикасымен (2000 жылғы 2 мамыр); Чех

Республикасымен (2002  жылғы 18 қаңтар); Корея Республикасымен (2004 жылғы 25 сәуір);

Болгария Республикасымен (2004 жылғы 30 сәуір); Өзбекстан Республикасы және Қырғыз

Республикасы арасында (2006 жылғы 3 қазан) және т.б.

Қырғызстанмен жасалған халықаралық келісімдердің ішінде мыналарды атап өткен жөн:

— 2015 жылғы 27 шілдедегі ҚзР №197 «Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей

Федерациясының Үкіметі арасында Ресей Федерациясындағы Қырғыз Республикасының

Еңбек, көші-қон және жастар министрлігі өкілдігінің құқықтық мәтебесі туралы 2015 жылғы

15 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған Келісімді ратификациялау туралы» заңы;

— 2004 жылғы 11 мамырдағы №65 «Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Үкіметі

арасындағы1996 жылғы 28 наурыздағы еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі және

әлеуметтік қорғау туралы 2003 жылғы 22 қыркүйекте Мәскеу қаласында қол қойылған

Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы»

ҚзР заңы;

— 2003 жылғы 1 тамыздағы №186 «Қырғыз Республикасының Үкіметі және Қазақстан

Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралас облыстарда ауылшаруашылық жұмыстарында еңбек ететін мигранттардың еңбек қызметі және әлеуметтік қорғау туралы

2002 жылы 9 шілдеде қол қойылған Келісімін ратификациялау туралы» ҚзР заңы.

— 2004 жылы 19 наурыздағы №30 «1993 жылғы 24 қыркүйектегі Босқындарға және мәжбүрлі

көшіп-қонушыларға көмек көрсету туралы Келісімге қосымша 1995 жылы 10 ақпанда Алматы

қаласында қол қойылған Хаттаманы ратификациялау туралы» ҚзР заңы.

Тәжікстан көші-қонды реттеу саласында бірқатар мемлекетаралық келісімдер жасады, олардың

ішінде 2012 жылғы 8 мамырдағы «Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің

көші-қон органдарының басшыларының кеңесін құру туралы» келісім; 2013 жылғы 8 ақпандағы

Ресей Федерациясының аумағына Тәжікстан Республикасының азаматтарының келу тәртібі

туралы»ТР және РФ арасындағы 2013 жылғы 8 ақпандағы келісім де бар.

Көші-қон саласындағы Түрікменстанның халықаралық-құқықтық базасы екі тараптық және

көп тараптық шарттардан және келісімдерден, соның ішінде мамандандырылған халықаралық

ұйымдармен серіктестіктен тұрады. Басқа мемлекеттермен жасалған Түрікменстанның екі

тараптық шарттары және келісімдері қатарында мыналарды атап өткен жөн: Қос азаматтық

туралы сұрақтарды реттеу туралы РФ және Түрікменстан арасындағы келісім (Ашхабад,

1993 жылғы 23 желтоқсан); Қос азаматтық сұрақтарын реттеу туралы РФ және Түрікменстан

арасындағы келісімдердің әрекетін тоқтату туралы хаттама (Мәскеу, 2003 жылғы 10 сәуір);

Түрікменстан аумағында тұрақты тұратын және РФ аумағында тұрақты тұратын Түрікменстан

азаматтары туралы РФ және Түрікменстан арасындағы шарт (Мәскеу, 1995 жылғы 18 мамыр).

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық сұрақтары бойынша Босқындар істері жөніндегі

БҰҰ Жоғарғы комиссары басқармасы және Түрікменстан Үкіметі арасындағы ынтымақтастық

туралы келісімге (1998 жылғы 4 наурыз, Ашхабад) және Ынтымақтастық туралы Халықаралық

көші-қон ұйымы және Түрікменстан Үкімеі арасындағы келісімге (1998 жылғы 10 маусым,

Ашхабад) қол қойылды. Көрсетілген келісімдерге сәйкес Түрікменстанда осы халықаралық

ұйымдардың тиісті өкілдіктері ашылды.

ОА елдерінің ұлттық құқықтық дереккөздеріндегі қайтарымды көші-қон мемлекеттік

деңгейдегі ішкі көші-қон үдерістерін реттейтін құқықтық нормаларды қамтитын тұтас заңдар

тобымен ұсынылған. ОА елдерінің барлық заңнамасы бір роман-герман құқықтық отбасына

жататындықтан, заңдарының атаулары мен мазмұнының ұқсастығы үрдісі байқалады.

ОА елдерінде қызметі көші-қон мәселелерін қамтитын мемлекеттік органдардың әртүрлі

ведомстволарының мемлекеттік құзыреттері және стратегиялары, мигранттардың мәртебесін

анықтайтын көші-қонды реттейтін жеткілікті дамыған ұлттық нормативтік-құқықтық база бар.

Қазіргі уақытта ОА елдерінің ұлттық заңнамасы ел ішіне кіру, шығу және болу рәсімдері, елдегі

эмигранттардың және иммигранттардың құқықтық қатынастарын реттейтін нормативтікқұқықтық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді қамтиды.

Базалық ретінде ОА елдерінің әрқайсысы Конституцияны, Азаматтық кодексті, Азаматтық

процестік кодексті, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті, Қылмыстық кодексті,

Қылмыстық-процестік кодексті жариялайды.

Қайтарымды көші-қонға қатысты ОА елдерінің заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерін

және салалық заңдарын қамтитын негізгі ұлттық дереккөздер 2.3.2-кестеге көрнекілік үшін

біртұтас жиналған.

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика