• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы – қоғам айнасы!

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген біздің балалары­мыз­­дың кіндігін кім кеспей жүр, бұ­рын жерге ғана көмілетін сол кін­дік қайда қалмай жатыр? Басқа­сын айтпағанда ұлдарымыздың сүндет тойын, мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде, арақ-шарап араластырып, ысы­рап­­шыл­дықпен өткізуіміз қай ата­дан қал­ған дәстүрімізде бар еді? Өкініш­­­тісі, той өткізу бәсекеге ай­на­­­­лып, құдалық даңғазалыққа ұла­­­сып бара жатыр. Сол қыруар шы­­ғын­­ның үйленген жастардың ба­­қы­­ты­на емес, бақталастығына ай­­на­­лып, ақыры жақсылыққа апармай жат­­қан­дығын да көріп жүрміз. Бұған дәлел ретінде неке құрған жас отба­сы­­лардың арасындағы ажы­­ра­­су­­д­ың кейінгі жылдары аса қауіп­ті деңгейге жеткенін айтсақ та жеткілікті.

Статистикалық көрсеткіш бойынша Қазақстанда неке құрған әр үш отбасының біреуі ажырасады екен. Мысалы, 2016 жылғы ресми мәліметтерге қарағанда, қала­лық жерлердегі ажырасу деңгейі  40 пайыз болса, ауылдық жерлердегі ажы­расу деңгейі 27 пайызға жеткен. Ажырасулардың 40%-ы алғашқы бес жылда орын алатындығы да ой­лан­дырады. Соңғы бес жылда еліміз­д­егі тіркелген некенің саны аза­йып, ажырасулардың саны көбейген.

Ажырасулардың кесірінен рес­пуб­лика бойынша толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар саны жылына 40 000-нан асып отыр. Бұл жай ғана жалаң цифрлар емес, қазіргі қоғамдық дерттің көрсеткіші. Әрісінде қаншама адамның тағдыры бар. Қаншама жас сәбидің көз жасы, көңіл наласы бар. Әкесіз тәр­биеленген ұл мен қыздың жарым­жан тағдырына жалпы қоғам болып жауапты екенімізді ұмыта бас­т­а­ған сыңайлымыз. Батыстық оңа­шалаудың әсерінен бе, кейінгі кезде біреудің отбасындағы мәселеге мүл­дем бейжаймыз. Әркімнің жеке басы­ның шаруасы дейтінді шығар­дық. Әке мен шеше тым балажан бо­лып алды. «Ішіме сыйған бала сыр­­тыма да сыяды» деген сөз бүгінгі ата-ана­ның басты уәжіне айналған. Осы бір сұрқия сөздің қай дәуірден жет­­кенін кім білсін?… Астарынан жау­­гер­шілік заманның салқыны сезі­ле­ді. Ендеше бүгінгідей бейбіт заман­­­да мұн­­шалықты салмағы ауыр сөзге ар­­қа сүйеуіміз бекершілік екенін білсек.

Жоғарыда атап өткеніміздей, от­басылық өмір салтының құлдырап, құнсыздануы жалпы әлемдік тенденция. 2016 жылғы ажырасулардың деңгейі бойынша алғашқы ондыққа енетін елдердің басым бөлігі экономикасы дамыған Еуропа елдері екен. Зерттеушілер тіпті дәстүрлі құндылықтарын берік ұстанатын мұсылман елдеріне де бұл індеттің кең тарай бастағанын айтады. Бірақ бұл өркениетті елдердің өресін көрсетпейді.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика