• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы тұғыры!

Автор:admin

Сен 21, 2022
Spread the love

Ата, әже, әке, шеше, аға, іні, әпке, қарындас, жеңге, келін, жезде, күйеу, нағашы, жиен, құда, туыс, туажат, жекжат т.б. болып кете береді. Аталған алғашқы он тұғыры отбасының ішкі қабаты да қалғаны сыртқы қабаттарын құрайды. «Үй ішінен үй тігу» ол анаға қатысты айтылады. Қыз алып қыз берісуді білдіреді де, отбасы тұғырының сыртқы қабатына меңзейді. Туыстық қатынастың орталығы ол қыз екен. Сонымен отбасының ішкі сыртқы байланысының негізгі көпірі ол ана. Сондықтан қыз өріс деп жатамыз. Ана отбасында ғана емес, ұлттың, мәдениеттің танымдық, құндылықтық орталық ретінде ең маңызды тұғыр. Сол тұғырға қатысты туған жер, отан, ошақ, тілге қатысты анықтамалар көп. «Ана тіл», «жер ана» сияқты. Бұлар мәдениеттің ең басты арнасы: тіл мен атамекен, отан. Адамның «Мені» осы арнадан бастау алады: Жер бесік отан мен тал бесік анадан. Сондықтан туған жер мен туған ана, адамды адам еткен болмыстық құндылықтардың басында келеді. Сондықтан қазақ «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген ұстанымды жақтаған. Бірақ қазіргі таңда, жаппай құбылыс болмаса да, ішінара қыздарымыз, өздері бастап, ананың қазақ болмысындағы осы көпір функциясынан бас тартып, басқа діни шаблондарды иектеп, ешкіммен санаспастан, ата анасы туған туысын тәрк етіп, байға шығып, артынан талаққа ұшырап жатыр. Бұл біріншіден, діни таным жаттығынан, екінші қыздың қазақ мәдениет ұясындағы тәрбиесі берік болмаған деген сөз. Ол қыз анасының отбасындағы орнын танымаған, тәрбиесі дұрыс болмаған немесе анасының қызына берер құндылығы болмаған. Сондықтан басты себепті сол отбасынан іздеуге тура келеді. Қыз жат жұрттық болса да, жанашыр, бауырмал, тілеулес деп жатамыз. Ол солай негізі. Бірақ неге қазір қыздарымыз жанашырлығы, бауырмалдығы, тілеулестігінің орталығы болған отбасы мүшелеріне, туған туыс, әке шешесі, бауырларына туыстық байланысын ұмытып, өзінің қазақ ұлты алдындағы міндетін ысырып қойып, дәстүр салтын да аттап, басқа жат мінезге, шаблонға өзеурейтін болды. «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөз ол бүгін, ұлтқа қырық бәледен, қатерден сақтану деген сөз. Сондықтан ұлттың, қазақ мәдениетінің баяндылығы да болашағы да қыздарымыз бен аналарымыздың жауапкершілігінде қалып отыр.

Отбасылық құндылықтардың орталығы ол ана. Алдымен осы тұғыр туралы ойланғанымыз абзал. «Ел болғың келсе, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаған. Ана рухани құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірсе, ата сол ұяны сақтаушы, қорғаушы болу керек еді. Бірақ кеше кеңестік кезең ыдырап, жұмыссыздық жайлап, аталарымыз кешегі кеңестік шаблоннан қалған сары суға «сылқиып алып төрде жатқанда», бала шағаны асырауға поезд аралап қазақтың аналары кетті. Аталар да шығып көріп еді өзара төбелесіп, еркек атаулы қоғам шырқын бұзған соң, сен үйде отыра бер, өзім деп тәуекелді белге буып аналар шыққаны мәлім. Қазақтың қазақтық болмысын қашанда сақтап келе жатқан тұғыр аналар, қыздар туралы бүгін тағы қайта толғануға тура келді.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика