Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық орнатылатын балада ағалары немесе әпкелері болса, олардың бірге тұруына жағдай жасалады. Бір тұлға ағайынды және апалы-сіңлілі немесе бір-бірімен туыстық қатынастары жоқ бірнеше баланы асырап ала алады. Егер балалар бірге тұрып, бірге тәрбиеленбесе және өздерінің туысқандықтары туралы білмеген жағдайда және асырап алушылық балалардың мүдделеріне жауап беретін жағдайлар болмаса, бір отбасында тәрбиеленген ағайындыларды және апалы-сіңлілерді әртүрлі тұлғалар асырап алуға, қорғаныштық және қамқоршылыққа алуға, патронатқа жол берілмейд. Патронат отбасыларында ағайындылар және апалы-сіңлілер берілген жағдай болмаса, 3 баладан артық бала тәрбиелеуге болмайды. Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Отбасына қорғаныштыққа берілетін балалар саны шектелмейді, бірақ соған қарамастан, қорғаныштыққа беру шешімін қабылдар кезде балалардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қамқоршының материалдық және тұрмыстық жағдайлары қарастырылатын болады. Зерттеулер қорытындылары бойынша тәжірибеде ағайындыларды және апалы-сіңлілерді бір-бірінен айырмау саясаты қолдау табады. Бірақ баланы отбасына қорғаныштыққа немесе асырап алуға тапсыру кезінде ағаларының және әпкелерінің болуы кедергілердің бірі болып табылады, себебі барлық асырап алушылар бірнеше баланы қыбалдауға дайын бола бермейді. Балалар бірін-бірі білмеген немесе егер бұл баланың мүддесіне жауап берген жағдайлар болмаса, ағайындылар және апалы-сіңлілерді әртүрлі тұлғалардың асырап алуына жол берілмейді. Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларына жайғастыру кезінде баланың мүддесі үшін оның ұлты, нақты бір дінге және мәдениетке қатыстылығы, тәрбиелеу мен оқытудағы мирасқорлықты қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескерілуі мүмкін.
R-ақпарат