• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы жағдайына – мемлекеттің ықпалы!

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Негізінен, медиация бітімгершілік пен ымыраластыққа бағытталған тиімді тетік және ол бүгінгі күні дауды шешудің ең озық әдісі болып саналады. Медиация дау-дамайлардың тез әрі тиімді, оңтайлы шешілуіне, адамның моральды түрде шаршамауына, сонымен қатар жанжалдасушы тараптардың келешек өмірлерінде бір-бірлеріне деген кек сақтамауына, кемсітпеуіне, бір-біріне кешірім жасауына зор ықпал тигізетін мүмкіндік. Бүгінде сот жүйесінде медиация институтын дамытуға оның қолданылу аясын кеңейтуге ауқымды шаралар жүргізілуде. Жыл басында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, жеті басым бағдарлама межеленген болатын. Осы жобадағы үшінші түйін етіп белгіленген меже елдегі даулардың санын азайтып, жүктемені төмендетуге, сотқа дейінгі балама әдістердің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған. Осы мақсатта аудан орталығынан татуласу орталығы ашылды. Келешекте болмашы даулар орталықта шешімін тауып, дауды балама жолмен шеше алмағандар ғана сотқа жүгінетін болады. Сондай-ақ, Жоғарғы Сот елімізде отбасылық сот құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Пилоттық жобалар әзірленіп, зерттеу жұмыстары өткізілуде. Бұл соттың құрылуының басты себебі, жылдан жылға ажырасушылар санының көбеюі. Десе де, әлі отбасылық соттың дайын үлгісі қалыптасқан жоқ. Бұл мәселе әлі талқылану сатысында. Отбасылық сот күрделі тетік, өйткені, бүгінгі отбасылық құқық арнайы білім мен дағдыларды қажет етеді. Отбасы мүшелерімен жұмыс істейтіндіктен, бұл істі қарайтын судьялардың ерекше тәжірибесі болуы керек. Сонымен қатар, отбасылық дауларды қарау барысына психологтар, бітімге келтірушілер сынды мамандар тартылуы қажет. Шетелде кәмелеттік жасқа толмағандар мен отбасына қатысты барлық мәселе отбасылық сот арқылы шешімін табады екен. Онда отбасы орталықтары құрылып, некенің бұзылар алдында тараптар бітімге шақырылып, лекциялар курсын тыңдайды, психологпен кездеседі. Жұбайлар ортақ нақты мәмілеге келмейінше, сот шешім шығармайды екен. Отбасын құру – ойланып жасайтын қадам. Дана халқымыздың «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейтіні де сондықтан. Жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет деп санаймын.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика