• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы: жас баланың дамуындағы ата-ананың орны!

Автор:admin

Сен 23, 2022
Spread the love

Жас баланың дамуында ата-ананың орны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.

Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Осы тұста қазақ зиялыларының бірі  М. Жұмабаевтың мынадай бір айтқан сөзімен қорытындыласақ: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн». Отбасы мүшелерінің арасында сыйластықты арттыру үшін жоғарыда аталған сипаттамалар және құрметпен қарауға шақыратын нақты ережелер жиынтығы болуы керек. Сол сияқты, сүйіспеншілікке толы климат, терең түсіністік пен шын жүректен қабылдау маңызды.

Осы негізде берік және сындарлы құрылымды құра отырып, отбасын қызықтыратын міндеттер мен іс-әрекеттердің бүкіл ұйымы құрылуы керек.

Екінші жағынан, шешім қабылдаудың ашық процедурасын белгілеу қажет, және оған күнделікті өмірден кейде оқтын-оқтын кіреді.

Шешім критерийлері нақты болуы керек, өйткені бұл әсіресе отбасы балаларына шешім қабылдау үшін рефлексиялық процесс қажет екенін білуге ​​көмектеседі, сонымен қатар басқасының пікірін ескеру керек, сондықтан оған қажет уақыт.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика