Отбасы – адам өмірінде кездесетін бағалы құндылықтың бірі. Жер жаһанда жанұясынан жылулық, ата-анасынан махаббат, шаңырағынан шаттық іздемейтін адам жоқ-ау, сірә? Өйткені, күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырда көңілді көтеріп, жанды жадырататын бірден-бір орын отбасы. 11 қыркүйек отбасы күніне орай, Шымкент қаласында жас отбасыларға «неке қию куәліктерін» салтанатты түрде табыстау салтанаты өтті. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова некеге тұруға ниет білдірген жастарды құттықтады. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю — отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын,-деді ол. Отбасы күні қоғамда өнегелілікті нығайтып, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын арттыра түседі. Қала тұрғыны Бақдәулет Әуелбеков пен Аружан Тұрғын мереке қарсаңында отбасын құруды жоспарлапты. Жас отбасылардың некесі мерекеде алғаш болып тіркелді. Басқарма басшысы жас отбасыларға неке куәліктерін табыс етіп, жауапты қадамдарына сәттілік тіледі. Үшінші мегаполисте жыл басынан бері 4735 неке қию туралы акт жазбасы тіркелген. Өткен жылы бұл кезеңде 5 364 неке қиылған. Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы — жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы — барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады. Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың — Отаның, ар — намысың — тілің, кәусар бұлағың — ұстазың, қамқоршың — әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты. Ата — анамның тілегін орындауға бар күшімді саламын. Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс — тіршілік әкеледі. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата — ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.
R-ақпарат