1) ата-аналардан тәуелсіз жағдайлар бойынша (психикалық бұзылу немесе басқа да созылмалы аурулар, ауыр жағдайларға душар болу); 2) ата-аналардың өзін-өздері ұстауы нәтижесінде, бірақ соған қарамастан ата-аналарды ата-аналық құқықтан айыруға жеткілікті негіз болмағанда. Құқықтарды шектеу 6 айдан артық емес мерзімге ғана рұқсат етіледі. Егер осы мерзім өту бойынша ата-аналар өздерінің мінез-қылықтарын өзгертпесе, қамқорлық қызметін атқаратын орган ата-аналық құқықтан айыру туралы арыз беруге міндетті. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау оларды альтернативті отбасына, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған барлық типтегі ұйымдарға тәрбиеленуге беру жолымен жүзеге асырылады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінде атааналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың альтернативті қамқорлығының барлық заңнамалық бар формаларына түсініктеме берілген. Бала асырап алу (қыз асырап алу) – шығу тегі бойынша туысқандардың құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін балаға қатысты құқықтар мен міндеттерді туғызатын сот шешімі негізінде отбасына тәрбиелеуге баланы (балаларды) берудің құқықтық формасы. Баланы асырап алу тууы заңнамалық тәртіпте тіркелген, кәмілетке толмаған балаларға қатысты және тек солардың мүдделері үшін толық физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып рұқсат етіледі. Сонымен қатар баланың асырап алуға келісімі, жасы мен жетілу деңгейі де ескеріледі. Патронат – ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген тұлғы (патронаттық тәрбиелеуші) мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиеленуге берілетін балаларды тәрбиелеу формасы болып табылады. Қорғаншылықпен қамқорлық жасау балаларды күту, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сонымен қатар олардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға орнатылады. Балалардың мүдделеріне жауап беретін жағдайлар болмаса, бір отбасында тәрбиеленген, туған 12 ағайындылар мен апалы-сіңлілердің әртүрлі тұлғалармен қорғаншылық немесе қамқоршылық жасалуына жол берілмейді. Қорғаншылық 14 жасқа толмаған балаларға, ал қамқоршылық жасау 14-18 жастағы балаларға рәсімделеді. Институционалдандырылған қорғаншылық – балаларға арналған мамандандырылған мекемелерде балалардың туысқандарымен тәрбиеленуге алынбаған және асырап алынбаған бала/асырап алынбаған қыз бала, жетім балаларды күту мен тәрбиелеудің мемлекеттік формасы. Мекемелерде отбасылыққа жақындатылған жағдайлар жасалады. Баланың күтілуге, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуына, ары мен абыройының құрметтелуіне, өзінің қызығушылықтарының қамтамасыз етілуіне, туған тілі, мәдениеті, ұлттық салттары мен дәстүрлерін сақтауына құқығы бар
R-ақпарат