• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасыны күшейтуге бағытталған бастамашылықты қолдау

Автор:admin

Сен 27, 2022
Spread the love

ҚР Президентінің Жолдауы, 2012 жылғы желтоқсан, «Балаларды қорғау» бөлімі «Жастарды отбасы құндылығы түсінігімен, ажырасудың зияндығын түсіндіру арқылы тәрбиелеу керек, себебі ажырасқанда ең бірінші балалар зардап шегеді. Балалардың тәрбиесі – бұл тек ананың ғана емес, ең алдымен екі ата-ананың да мендеті болып табылады. Сол себепті Үкіметке: 16 аналық пен балалықты қорғау саласында, сонымен қатар отбасы мен неке саласындағы заңнаманы толығымен қайта қарастыруды тапсырамын». «Қазақстан Балалары» Мемлекеттік Бағдарламасы 5 б. 5 т. жетімдікті алдын алу, отбасы құндылығы мен отбасылық тәрбиені үгіттеу бойынша теледидарлық және радио бағдарламаларды құру жолымен әлеуметтік жетімдікті алдын алу бойынша алдын алу жұмыстарын жетілдіру. 2006-2016 жылдарға арналған ҚР Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы Стратегияның міндеттері: ұлттық некелік-отбасылық заңнаманы одан әрі жақсарту мен отбасын әлеуметтік қолдауды жақсарту; отбасы мүшелерінің өзіндік дамуы мен баланың тәрбиесі үшін тиісті әлеуметтікэкономикалық, күнделікті-тұрмыстық жағдайларды жасау; отбасы абыройын көтеру, некелік-отбасылық қарым-қатынасты нығайту, отбасы мен неке құндылығын насихаттау; отбасы мен некенің позитивті бейнесін сіңіру мен адамгершілік құндылықтарды жаңғырту; некелік-отбасылық қарымқатынастарда гендерлік теңдік мәселесі бойынша халықтың ақпараттыққұқықтық хабардар болуын жақсарту болып табылады. Бұл үшін неке мен отбасының рухани және адамгершілік негіздерін бекітуге көмектесетін жақсы деген отбасылық, этно-мәдени дәстүрлерді жаңғырту қажет. Жаңа жағдайларға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мен дағдарыс жағдайынан шығу бойынша отбасыларына мамандандырылған психологиялық-педагогикалық қызметтер, отбасылар мен балаларды әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа мамандандырылған институттарын құру мен қолданыстағыларын дамыту керек. Әлеуметтік жетімдікті алдын алу мен отбасыларын нығайту бойынша Ұлттық бағдарлама (SOS Балалар ауылдары) Бұл бағдарламаның мақсаты отбасыларын нығайту мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалу қаупі бар балаларға қолдау көрсету болып табылады. Яғни балаларды олардың биологиялық отбасынан айыруды алдын алуға бағытталған шаралар тізбегі жүзеге асырылады. Ата-аналарды білім, білік және ресурстармен қамтамасыз ету, өз балаларының үйлесімді дамуы мен отбасылық ортада өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бағдарлама отбасыларына толыққанды және өз балаларына қамқорлық пен қорғаншылықты қамтамасыз ете алатындай болуға көмектесуге бағытталған. Сонымен қатар, осы Бағдарлама аясында жергілікті қоғамның әлеуетін нығайту бойынша шаралар жүргізіледі.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика