• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасындағыи тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу!

Автор:admin

Сен 24, 2022
Spread the love

Оның ішінде елімізде әйелдерге, балаларға қатысты зорлық фактілері жиі ұшырасады. Әсіресе 2020 жылдың басынан коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шаралары қабылданғаннан бері, отбасындағы тұрмыстық жанжалдардың саны екі есеге артқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейін әлемдегі ең өзекті мәселелер тізбегінде саналатын – Тұрақты даму мақсаттарының ішіне гендерлік теңдік және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту ісі енген. Барлығы 17 бағыттан тұратын мақсатты даму бағдарының бесіншісі осы мәселеге арналған. Сондықтан гендерлік теңдік, әйелдер мен қыздардың зорлық-зомбылыққа ұшырамауын қадағалау мемлекеттік саясаттың да басты бағыты болып қала беруі тиіс. Отбасылық құндылықтардың сақталмауы, отбасы мүшелеріндегі эгоизмнің басым болуы және азаматтардың ата-ана, ер-әйел ретіндегі рөліне жауапкершілікпен қарамауы. Бұл белгілі бір дәрежеде балаларды болашақ ата-ана ретінде тәрбиелеу ісінің кемшілігіне де қатысты. Отбасылық өмірге саналы түрде дайындықпен қадам баспаған жастардың көпшілігі кездескен қиындықты еңсере алмай, ажырасып жатады. Бұл ретте ата-әжелер, әкелер және аналар институтын жаңғыртқан жөн. Мемлекет тарапынан толық отбасыларға қарағанда толық емес отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің көп болуы. Жартылай және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсеткен жақсы. Алайда адамдарды ажыраспауға итермелейтін, отбасын толық күйінде сақтап қалуға мотивация сыйлайтын бағдарламалардың көп болғаны ажырасу фактілерінің де азаюына ықпал етері анық. Мысалы қарапайым азаматтар мемлекеттен алған баспананы қолданыстағы заң бойынша он жыл еңбек өтілі толғанда ғана жекешелендіруге рұқсат алады. Ал толық емес отбасы иесі аталған мерзімнен бұрын жекешелендіре алады. Осы мақсатта мәжбүрлі түрде қағаз жүзінде ажырасушы азаматтар саны аз емес. Бұл мемлекеттен берілетін өзге де көптеген әлеуметтік жеңілдік пакеттеріне қатысты екенін айта кеткен жөн. Отбасылардың бұзылуына ықпал ететін осы және өзге де бірнеше себеп бар. Сондықтан мемлекеттік саясат та аталған проблемалардың оң шешілуіне қарай бағытталғаны жөн. Айта кетерлігі, әлемде отбасы проблемаларынан ада ешқандай ел жоқ. Дегенмен адамдардың өзін бақытты сезінуі, отбасылық зорлық-зомбылық фактілерінің аз болуы, отбасыларға мемлекеттік деңгейдегі қолдау шараларының көлеміне қатысты әлем елдерінің рейтингі жасалып, талданып отырады. Осындай рейтигтің бірі гендерлік тепе-теңдік мәселесіне де қатысты жасалады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика