• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасылық типтегі Балалар үйі – мемлекеттің отбасы саясатындағы рөлі!

Автор:admin

Сен 27, 2022
Spread the love

Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламалық сөз сөйлеулерінде жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар құқығын қорғау жүйесіндегі жұмыс басымдылықтары анықталған. Осылайша Мемлекет басшысымен келесі тапсырмалар берілді: — жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер санын * Ақпарат «Шығармашылық ынталы әйелдер лигасы» ҚҚ дайындалған, Алматы қ., 2013 ж. 31 азайту бойынша шаралар жасау (бұдан әрі-балалар үйі); — отбасылық типтегі балалар үйін құрудың құқықтық механизмін құрастыру; жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдарды нығайту бойынша нақты шараларды қолдану(27.12.2013 жылғы № 1-01-2125-Д/П-12-5). — жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы ұлттық мағлұматтар базасын құру Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімімен 2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы отбасылық қарым-қатынастарды, моральды-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша жалпы ұлттық жоспар бекітілді, соның аясында жетім балаларды отбасыларына альтернативті жайғастыру мен балалар үйін уақталып ұйымдастыруды жүзеге асыру мәселелері заңнамалық деңгейде қарастырылған. Отбасылық типтегі балалар үйі дегеніміз не Отбасылық типтегі балалар үйі өздерінің абаттандырылған үйлерінде (Типтік ережелер) көп бөлмелі пәтерде тұратын 4 баладан кем емес 10 баладан артық емес баланы тәрбиелеуге алғысы келетін екі ерлізайыптының қалауымен жеке алынған отбасы негізінде құрылады. Отбасылық типтегі балалар үйі қарапайым балалар үйіне альтрнатива болуы керек. Жетім балалардың келешектегі ересек өмірде дұрыс әлеуметтік бейімделуі үшін ең алдымен оларды қорғаныш мен махаббат ортасында, нағыз отбасында бақытты ету керек. ОТБҮ жүйесіндегі жағдай — Қазақстанның тәуелсіздік алған кезінен бергі алдын ала жасалған жағдайға көзқарас көрсеткендей, жеке және мемлекеттік типтегі отбасылық балалар үйінің саны бірден төмендеп кеткен. — Жеке жетімханалар жүйесі аз дамуда – ол да материалдық және құқықтық сипаттағы қиындықтар себебінен. — Салдар кешені осы орналастыру формаларының азаюына әсер етуде, бірақ деинституционалдандыру жағдайларында олар асыранып алынбайтын жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін отбасылық ортаға ие болудың шынайы мүмкіндігі болып табылады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика