• Пн. Янв 26th, 2026
Популярные метки

ОРДАБАСЫ: «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Янв 13, 2026

2026 жылдың 13 қаңтарында Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында «Қызмет алушылар күні» атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, олардың сапасын жақсарту және халықпен тікелей кері байланыс орнату болып табылады.
Аталған шарада азаматтардың әлеуметтік қолдау алу мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Отырар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық бағыттары бойынша егжей-тегжейлі ақпарат берді. Қызмет алушыларға келесі бағыттар бойынша кеңестер ұсынылды:
— Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау,
— Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету,
— Ақталған адамға куәлік беру,
— Тұрғын үй көмегін тағайындау,
— Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу,
— Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу,
— Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу,
— Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсету,
— Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету,
— Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету,
— Семей ядролық сынақ полигонында сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және куәлік беру,
— Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз ету,
— Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізімі, рәсімдеу тәртібі және өтініш беру жолдары егжей-тегжейлі таныстырылды. Сонымен қатар, тұрғындарға аталған қызметтерді үйден шықпай-ақ алу мүмкіндіктері көрсетілді. Бұл мақсатта әрбір азамат eGov.kz және enbek.kz порталдары арқылы онлайн қызмет алуға, ауыл округі әкімдігіне қарасты «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышында құжаттарын рәсімдеуге мүмкіндік алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жеңілдету, тұрғындардың уақытын үнемдеу және бюрократиялық кедергілерді азайту басты назарға алынды. Іс-шара барысында қатысушыларға онлайн платформалар арқылы өтініш берудің артықшылықтары мен кезең-кезеңімен рәсімдеу жолдары көрсетіліп, кеңес берілді. Сонымен қатар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі жиі қойылатын сұрақтар мен мәселелерге қатысты толық түсіндірме ұсынылды.
«Қызмет алушылар күні» іс-шарасы – бұл тек ақпараттық кездесу емес, ол тұрғындардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты іс-шара болып табылады. Мұндай шаралар халық пен мемлекеттік аппарат арасындағы ашықтықты күшейтеді, азаматтардың сенімін арттырады және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аудан әкімдігі мен әлеуметтік қызметтер бөлімінің мамандары тұрғындарға барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін атап өтті. Болашақта да осындай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, азаматтардың ұсыныстары мен сұрақтарына нақты жауап беріліп, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *