ОРДАБАСЫ: ЖАҢА ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында жаңа аудандық прокуратура ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, ҚР Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Миразов, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, сондай-ақ аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ресми қатысушылар мен тұрғындар үшін маңызды оқиғаға айналды. ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков құттықтау сөз сөйлеп, аудан прокуратурасы қызметкерлерінің алдағы уақытта азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау бағытындағы қызметтерін абыроймен атқаратынына сенім білдірді. Оның айтуынша, прокуратураның сапалы жұмыс істеуі – мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыты, ал жаңа ғимарат бұл міндетті тиімді орындауға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сөз сөйлеп, жаңа ғимараттың ашылуы Ордабасы ауданы үшін тарихи маңызды сәт екенін атап өтті. Ол:
«Бүгін біз қасиетті Ордабасы ауданында прокуратураның жаңа ғимаратын ашып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жұртты саяси прагматизмге шақырып, қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру маңызды» деген болатын. Сондықтан жаңа ғимарат – құқықтық жүйенің дамуы мен болашаққа сенімнің символы. Аудан прокуратурасы ұжымы бұл ғимаратта қоғамның барлық саласында азаматтардың құқықтарын қорғау жолында аянбай қызмет ететініне сенеміз. Ғимарат жаңа заман талаптарына сай салынған, құқық қорғау қызметкерлеріне сапалы жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Бұл бастама өңірдің өркендеуіне үлес қосатын маңызды қадам», – деді.
Салтанатты рәсім барысында ғимарат құрылысына атсалысқан мердігер компания өкілдері мен жұмысшылар марапатталды. Қонақтар жаңа нысанды аралап көріп, аумағына ағаш отырғызды. Жаңа ғимараттың пайдалануға берілуі аудан тұрғындарының құқықтарын қорғау ісінде сапалы өзгерістерге жол ашатыны анық.
Нысан жергілікті бюджет есебінен салынды. Құрылыс жұмыстарын «Строй Жол Сервис KZ» ЖШС 2024 жылдың қыркүйек айында бастап, уақытылы аяқтады. Екі қабатты ғимараттың жалпы алаңы 860 шаршы метрді құрайды, ал 0,20 гектар аумақта орналасқан. Ғимаратта прокуратура қызметкерлерінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған заманауи кеңселер, жеке қабылдау бөлмелері, ақпараттық және архивтік бөлімдер, сондай-ақ қызметкерлердің демалыс және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қарастырылған.
Аудандық прокуратура ғимаратының ашылуы – Ордабасыдағы құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңдылықты қорғау ісін күшейту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін маңызды қадам болып отыр. Сонымен қатар, жаңа ғимарат тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қоғамдық сенімді нығайтуға және құқық қорғау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ғимарат құрылысында қолданылған материалдардың сапасы мен заманауи архитектуралық шешімдер жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етті. Жауапты мердігерлер құрылыс барысына барынша мұқият қарап, барлық техникалық талаптар мен нормативтерге сәйкес жұмыстарды жүргізді. Сондай-ақ ғимарат аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, заманауи бейне мен эстетикалық көрініс беруге баса мән берілді.
Аудан прокуратурасы ұжымы жаңа ғимаратты пайдалануға бергеннен кейін қызметтің сапасын жақсартуға, азаматтардың арыз-өтініштерін тиімді қарауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға кірісті. Бұл жаңа бастама аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіруге үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
Жалпы, Ордабасы ауданында прокуратура саласында жүзеге асырылған бұл жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, құқықтық инфрақұрылымның нығаюына және азаматтардың құқықтарын қорғау ісіне маңызды үлес қосады. Жаңа нысанның ашылуы – тек ғимараттың пайдалануға берілуі ғана емес, сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік қызмет арасындағы сенімділікті арттыру, құқықтық тәртіпті сақтау және мемлекеттік қызмет сапасын жетілдірудің айқын көрінісі болып табылады.
Аудан әкімдігі мен прокуратура қызметкерлерінің бірігіп атқарған жүйелі жұмыстарының нәтижесінде Ордабасы өңірінде азаматтардың құқықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында жаңа белестерге қол жеткізілуде. Жаңа прокуратура ғимаратының пайдалануға берілуі – ауданның дамуына, тұрғындардың құқықтық сауаттылығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.
