Ордабасы ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 18 қараша күні «С.Нұрмағамбетов» атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында әдіскер Г.Накипованың ұйымдастыруымен химия пән мұғалімдеріне арналған «Химия сабақтарында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – химия пәнін оқытуда жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану жолдарын көрсету, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және оқу процесінің сапасын жақсарту болды.
Семинар барысында қатысушылар тәжірибелік және теориялық бөлімдер арқылы ЖИ құралдарын сабаққа енгізу жолдарын қарастырды. Бұл шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, заманауи білім беру технологияларын оқу процесіне енгізуге, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Семинарда «Зерде» жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі А.Ережеп «Жасанды интеллектті химия сабағында қолданудың тиімділігі» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол жасанды интеллектті қолдану арқылы түрлі әдіс-тәсілдерді көрсету арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын көрсетті. Мұғалім практикалық мысалдармен оқушылардың білім деңгейін көтеру, сыни ойлау қабілетін дамыту және химия пәніне қызығушылықтарын арттыру жолдарын таныстырды.
Сонымен қатар, «А.Иманов» атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Абу Жамила «Мұғалім мен жасанды интеллекттің серіктестігі: тиімді химия сабағына жол» тақырыбында семинарға қатысушыларға практикалық тренинг ұйымдастырып, ЖИ құралдарын сабақта қолданудың нақты жолдарын көрсетті. Мұғалімдер жасанды интеллект арқылы сабақ барысында интерактивті жаттығулар жүргізіп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту әдістерімен танысты.
Семинар барысында қатысушылар ЖИ технологияларын химия пәніне интеграциялау тәжірибесін талқылап, әр сабаққа қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Педагогтер жасанды интеллект құралдары арқылы сабақ жоспарын құру, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау жолдарын үйренді. Сондай-ақ, семинар барысында мұғалімдер өз мектептерінде ЖИ құралдарын қолдану бойынша ұсыныстар мен тәжірибелік кеңестер алды.
Ордабасы ауданының білім бөлімі семинардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етіп, қатысушылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасады. Іс-шара мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, цифрлық сауаттылықтарын жетілдіруге, сондай-ақ химия пәнін оқытудың сапасын жоғарылатуға бағытталған маңызды қадам болды.
Бұл семинар педагогтердің білім беру саласындағы озық тәжірибесін кеңінен насихаттау, мектептегі заманауи технологияларды тиімді пайдалану және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға септігін тигізді. Сонымен қатар, шара ауылдық мектептердегі химия сабақтарының сапасын арттыру, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізу бағытында нақты үлгі болып отыр.
