«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Сейтханұлы Шакеевтің және кәсіподақ төрағасы Шолпан Темербекқызы Мамадиярованың қатысуымен, мекеменің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, мемлекеттік қызмет туралы заңның қабылдануы мен мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасу тарихына терең тоқталып, «23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күнімен» қызметкерлерді құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табысталды. Кәсіподақ мүшелерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жыл сайынғы қызметкерлердің жалақысын индекстеу, еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру, олардың сұрақтарын шешу бойынша заңнамалық бастамалар енгізу туралы мәселелерін ілгерілету жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. Еңбек ұжымдарының мәселелерін шешуге нақты жәрдемдесу мақсатында кәсіподақ комитеттерін кәсіподақ көшбасшылары – сайланбалы билік органдарына белсенді түрде ұсынды.
Атап айтқанда, филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Тілдерді дамыту және архивтермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Утенова Гүлнар Тәжібайқызы, филиалдың «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің бас маманы Дүсенова Ақбөпе Мұханқызы, филиалдың «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Әдіскері Абубакір Ғазиза Әбдіжалілқызы марапатталды.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
