Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясаты тендестірілген идеологиялық және негізделген каржы-экономикалық саясаттың есебінен жүзеге асырылады. Демографиялық саясаттың негізгі әдістері ретінде ықпал студің экономикалық, әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-психологиялық шаралары пайдаланылады. Мемлекеттік демографиялық саясаттың халықтың дамуын реттеудегі негізгі бағыттары қазіргі заманғы ахуалды және әлеуметтік-экономикалық дамудың алғы шарттарын қатаң есепке алуға негізделген неғұрлым өзекті проблемалық бағыттар бойынша бағдарламалық-мақсатты іс-шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады. Демографиялық ахуалдың қазіргі колайсыз жағдайына және оның даму перспективаларына талдау жасау, біріншіден, демографиялық дамудағы басымдықтарды, екіншіден, негізгі багыттарды, өтпелі кезеңде оларды шешудің тетіктерін айқындауға және ұзақ мерзімдік перспективаға — әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және елдің тұрақты дамуы кезеңіне арналған іс-қимылдардың стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Демографиялық саясатты іске асырудың басты нысаны бағдарламалық мақсатты әдіс — мемлекеттік демографиялық бағдарламаны, демографиялық проблемаларды шешуге бағытталған өзге де республикалық мақсатты бағдарламаларды, аумақтық органдардың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру болып табылады.
Демографиялық дамудың стратегияларын іске асыру:
бар нормативтік құқықтық кесімдерді, әлеуметтік-экономикалық және үйымдастырушылық-әкімшілік кадамдар мен іс-шараларды олардың демографиялық өсу жөніндегі жаңа міндеттерге сәйкестігі бөлігінде тексеруді және жаңаларын жасауды;
демографиялық даму жөніндегі саясатты, стратегияларды және бағдарламаларды әзірлеу үшін қажетті мемлекеттік ресурстар бөлуді, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, донорлар және мамандардың тарапынан көмектерді тартуды және пайдалануды;
демография жөніндегі тұжырымдамалық, ал кейін стратегиялық нүскауларды жалпыұлттық және салалық жоспарлауға және олардың мониторингіне міндетті түрде енгізуді;
деректерді жинау және талдау үшін ұлттық олуетті тығыз үйлестіруді жүзеге асыруды және нағайтуды, демографиялық дамуды кешенді зерделеу, болжау және жоспарлау ушін стратегиялық зерттеулер жүргізуді және деректердің базасын әзірлеуді;
демографиялық даму процестерін реттеу нүсқауларын насихаттауда және іске асыруда мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауды көздейді.
R-ақпарат