Демографиялық ахуалдың қазіргі колайсыз жағдайына және оның даму перспективаларына талдау жасау, біріншіден, демографиялық дамудағы басымдықтарды, екіншіден, негізгі багыттарды, өтпелі кезеңде оларды шешудің тетіктерін айқындауға және ұзақ мерзімдік перспективаға — әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және елдің тұрақты дамуы кезеңіне арналған іс-қимылдардың стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде халық санының азаю қарқынын бәсендету жөнінде шара қолдану және оны тұрақтандыруға қол жеткізу қажет.
Бұл:
туудың қулдырауын бәсендету және оны тұрақтандырудың;
өлімді азайтудың және өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту;
көшіп кетуді азайтудың және репатрианттардың (оралмандардың) қайтып оралуына қолайлы жағдай жасаудың есебінен шешілетін болады.
Екінші кезенде:
тууды материалдық және моральдық ынталандырудың;
көші-қонның оң сальдосына қол жеткізудің есебінен сан жағынан да, сапа жағынан да халықтың жалпы өсімі қамтамасыз етілуі тиіс.
Мемлекеттік демографиялық саясаттың халықтың дамуын реттеудегі негізгі бағыттары қазіргі заманғы ахуалды және әлеуметтік-экономикалық дамудың алғы шарттарын қатаң есепке алуға негізделген неғұрлым өзекті проблемалық бағыттар бойынша бағдарламалық-мақсатты іс-шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары:
экономика мен әлеуметтік саланың барлық секторларының тепе-теңестірілген дамуын камтамасыз студің есебінен халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, шағын және орта көсіпкерлікті дамытуды;
санның ұлғаю серпінімен салыстырғанда елдің озыңқы экономикалық өсуі негізінде адамдардың тыныс-тірішілігі жағдайын сдәуір жақсартуды қамтамасыз ету;
салауатты өмір салтын насихаттаудың, адамның тыныс-тірішілігінің барлық элементтері профилактикасының, еңбек пен демалыстың, спорт ғимараттары мен спорт кешендерін пайдаланудың қол жетімділігі жөнінде шаралар қабылдаудың негізінде еліміз халқының денсаулық деңгейін көтеру;
халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және оның санитариялық-гигиеналық сауаттылығын көтеру жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды, бірінші кезекте, экологиялық қолайсыз аймақтарда, іске асыру;
халықтың, бірінші кезекте, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың еңбек жағдайының нашарлауына, нашақорлық пен алкоголизмнің таралуына байланысты жазатайым жағдайлардан, өдірісте улану мен жарақаттанудан өлімін азайту;
туберкулезбен, диабетпен және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен науқастануды азайту;
өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтаудың дамуы деңгейін арттыру есебінен әйелдермен салыстыргавда еркектер өмірінің ұзақтығы арасындағы айырмашылықты қысқарту, зейнеткерлерге арналған әлеуметтік көмек және емдеу-сауықтыру мекемелері желілерін кеңейту. Жасы келген азаматтар үшін күндізгі стационарларды дамыту;
туудың құлдырауын бәсендету және оны турақтандыру, бала туылған кездегі, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар үшін материалдық жәрдемнің тізбесі мен көлемін ұлғайту жолымен тууды материалдық ынталандыру жүйесін құру;
өсіп-өну үшін денсаулықты сақтау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, өсіп-өну қам-қарекеті, ана болудың қауіпсіздігі, адамгершілік-жыныстық және мәдени-этникалық тәрбие, отбасылық өмірге даярлау мәселелері бойынша ақпарат жүйе құру, халықтың контрацепцияның қазіргі заманғы құралдары мен әдістеріне деген қажеттігін қамтамасыз ету, оқу орындарының бағдарламасына валеология оқу пәнін енгізу;
ана мен баланың денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау саласынлағы басымдықты багыт деп тану. Бұл бағыттың негізгімақсатты тапсырмасы: сәбилер олімінің коэффициентін томендету және құрылымын дамыған елдерге жақындату жағына өзгерту;
туу кезінде ана өлімін, жүктілік пен туғаннан кейінгі кезендегі асқынуды қысқарту;
адамның иммундық тапшылық вирусымен және СПИД-пен, және жыныстық жолмен жұғатын аурулармен зақымдануының алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
әйел бедеулігінің алдын алу және оны емдеу, аборттың алдын алу және аборттың зардаптарын жою;
отбасы-неке қатынастарын нығайту жөніндегі заңнаманы жетілдіру және насихаттау, отбасы мәртебесін көтеру;
еркекетің отбасы-неке қатынастарын нығайтудағы рөлі меп жауапкершілігін арттыру, жалғыз бастыларды таныстырудың түрлі клубтары желілерін дамыту;
эмиграцияны реттеу және ескертулік шараларды жузеге асыру жолымен көші-қондық азаюды бәсендету. Иммиграцияны реттеу, республиканың нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, этникалық, қазақтардың елге оралуы жөніндегі жыл сайынғы экономикалық негізделген квотаны белгілеу;
өз отанына оралған отандастарымызды қабылдау және жайластыру үшін қолайлы жағдай жасау, олардың әлеуметтік ортаға тезірек кірігуі үшін жағдайды қамтамасыз ету. Шет елдердегі қазақ диаспорасының қабілетті және дарынды балаларын, жасөспірімдері мен жастарын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларымен бірдей оқу орындарына қабылдау. Шет елдердегі қазақ диаспорасымен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту;
этникалық қазақтар шығатын елдермен азаматтықтан шығудың оңайлатылған тәртібі туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қою;
иммиграциялық бақылауды енгізу және жүзеге асыру жолымен иммиграциялық процестің бақылануын қамтамасыз ету;
әр азаматтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, халықтың өзін салауатты өмір салтын қалыптастыру процесіне тарту;
мемлекеттік мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарын қалпына келтіру және олардың тұрақты жұмыс істеуі жөнінде шара қабылдау, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер мен демалыс үйлерінде оқушыларды сауықтыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік білім беру ұйымдарына психологиялық қызметтерді құру, мектептерде, интернаттарда және мектеп жасына дейінгі ұйымдарда психолог және әлеуметтік педагог қызметін енгізу;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жоніндегі шараларды жүзеге асыру;
арнаулы түзету мекемелерінің, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің және мектеп-интернаттардың материалдық — техникалық базасын нығайту, балалық шақты әлеуметтік қорғаудың ғылыми-әдістемелік базасын құру, комелетке толмағандардың әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін кеңейту, корғаншылыққа мұқтаж балалардың мүліктік және басқа мүдделерін қорғау;
кәмелетке толмағандардың қылмыс, құқық бүзушылық жасауының және қадағалаусыздығының алдын алу жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеу. Түзеу мекемелеріндегі өндірістің мүдделерін, сотталғандарды бостандыққа шыққаннан кейін еңбекке орналастырудың мүмкіндігін ескере отырып, оларды оқыту жүйесін құру.
R-ақпарат