Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшылығының төрағалығымен медициналық нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі туралы мәселесі қаралды. Жиынға басқарма қызметкерлері мен медицина ұйым басшылары қатысып, ерекше жандар үшін емдеу мекемелерінде жасалған жұмыстарды баяндады.
Қаладағы медицина ұйымдары бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың əлеуметтік саясатын жетілдіру жəне оларға əлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарының кедергісіз қолжетімділігін қалыптастыру үшін белгіленген талаптарға сай ету ұсынылған. Осылардың барлығын негізге ала келе, қалалық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылып, жыл басынан бері емдеу мекемелеріндегі жағдайды тексеріп шықты. Мониторинг топ құрамында басқарма мамандары мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілдері бар.
Мониторинг барысында бірқатар ғимараттарды кейбір тармақтар бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жөніндегі нормаларға сәйкес келтіру мүмкіндігі жоқ екендігі анықталып, ексертулер берілді.
Анықталған кемшіліктер бойынша денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы аясында емдеу мекемелері ерекше жандар үшін пандус, жүру жолдары мен жеделсаты, тұрақ орындары, сынды т.б талаптарды нормаларға сәйкес келтіріп, қолжетімді жағдайды жасады.
Кейбір күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған медициналық ұйымдарда қалалық мүгедектер қоғамы атынан ұсынымдар беріліп, осал топтағы азаматтар үшін талапқа сәйкес жағдайлар қарастырылып, жол картасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, қаладағы медициналық нысандардың дені мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді жағдайды қарастырған.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 337 мүмкіндігі шектеулі азамат (2021 ж. – 36 537) тіркелген, оның ішінде:
— бірінші топтағы мүгедектер – 3 441 (2021 ж. – 3372);
— екінші топтағы мүгедектер – 14 717 (2021 ж. – 14 556);
— үшінші топтағы мүгедектер – 12 335 (2021 ж. – 12 191);
— 18 жасқа дейінгі 6 844 мүгедек балалар (2021 ж. – 6418) тіркелген.
Нақты айтатын болсақ төмендегі жұмыстар жүргізілді:
— протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4 108 өтініш қабылданып, 1 310 құрал қамтылды (41,8%) (2021 жылы – 6307 өтініш қабылданып, 4382 адам қамтылды (69,5%);
— сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 10 132 өтініш қабылданып, 7 957 құралдармен қамтылды (78,5%) (2021 жылы – 16 322 өтініш қабылданып, 14 846 қамтылды (91%);
— мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 573 өтініш қабылданып, 225 құрал қамтылды (39,2%) (2021 жылы – 1276 өтініш қабылданып, 1163 адам қамтылды (91,1%);
— жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 542 азамат мұқтаж болса, 2 159 азаматқа қызмет көрсетілді (85%) (2021 жылы – 2494 азаматқа);
— 8 033 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 1 200 азамат қамтылды (15%) (2021 жылы –5602 азаматтан өтініштер қабылданып, 4778 адамға жолдама берілді (85,3%);
— мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 18 көлікке 420 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 1200 өтінім);
— Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 55 автокөлікке 567 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 651 өтінім);
— Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 175 жолдама берілді (2021 жылы – 1 215 жолдама);
— Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 198 жолдама берілді (2021 жылы – 1641 жолдама).
Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.