• Пт. Дек 19th, 2025
Популярные метки

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Дек 19, 2025

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында қоғамдық бақылау шаралары жүргізілуде.

Жуырда Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Мақтаарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасына кезекті қоғамдық бақылау өтті. Шара мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын, тиімділігін және халыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қоғамдық бақылау барысында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттардың кіре берісіндегі және ішкі жағдайлары, қызмет алу орындарының мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы болуы, сондай-ақ қызмет алушыларға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жағдайы тексерілді. Сонымен қатар, қызмет көрсету кезінде кезекті ұзақ күту мәселесін азайту мақсатында шаралар қаралды.

Бақылау барысында қызмет алушылардың өтініштерін қабылдаудың сапасы, мемлекеттік қызметтерге арналған қағида мәтіндері мен өтініштерді толтыру үлгілерін ғимараттың көзге көрінетін орындарына орналастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының функционалдығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алу кезінде қауіпсіздік пен санитарлық талаптардың сақталуы тексерілді.

Мәліметтерге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметтердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың өтініштерін тез әрі тиімді қарау үшін нақты ұсыныстар жасалды. Қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша, білім бөлімі қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар белгіленді.

Осындай қоғамдық бақылау іс-шаралары мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыруға, азаматтық жауаптылық пен сенімді нығайтуға, сондай-ақ өңірде әділдік пен тұрақтылық құндылықтарын сақтау мен дамытуға үлес қосады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын үздіксіз бақылау – халыққа қолжетімді, тиімді және сапалы қызмет көрсетудің кепілі болып табылады.

Мақтаарал ауданында жүргізілген бақылау шаралары азаматтарға мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі туралы ақпаратты жеткізуге, сонымен қатар халықтың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *