Кез келген іргелі кәсіпорындар мен үлкен өндіріс орындарында жұмысшылар мен ұжым мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларды қолдайтын ұйым болады. Ол кәсіподақ деп аталады. Бірақ біз өзіміз көбінесе кәсіподақтың қызметін біле бермейміз. Білсек те, назар аудара бермейтініміз рас. Кәсіподақ санаторий мен емдеу сауықтыру орындарына жолдама берумен ғана шектелмейді. Оның жұмысшыларға берер қолдауы өте үлкен.
Ақиқатына келсек, кәсіподаққа мүше болу – ол сенің үлкен мүмкіндігің.
Ал сол мүмкіндікті біз жеткілікті пайдаланып жүрміз бе? Бұл сауалды әркім өзіне қоя білуі керек деп ойлаймын. Жалпы кәсіподақ не үшін құрылады?
Ендеше мұны шама келгенше, саралап, оның жұмысын таразылап көрелік.
Жалпы әлемдік тарихқа сөз салсақ, Халықаралық еңбек конфедерациясы 200 жылдан асьам уақыттан бері өмір сүріп келеді.
Қазақстан 1993 жылы «Кәсіподақ туралы» заң қабылданды. Оған кейіннен толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Кәсіподақтың жарғылық міндеттері бар.
Кәсіподақ жұмысшылардың мүдделері мен құқын қорғайды.
Сондай-ақ жұмыс берушіге жұмысшылардың мүддесін қорғау және қолдау үшін өз ұсыныстарын өткізіп отырады және заңдық негізге жүзеге асуына атсалысады.
Еңбек қауіпсіздігін барынша сақтауға және оны белсенді қорғауға атсалысады. Жұмысшылардың біреуі жазатайым өндірістік жарақат алып қалса, міндетті түрде олардың мүддесін қорғайды.
Тиісті заңдылықтарға сәйкес, ешкім де кәсіпоақты құруға кедергі бола алмайды. Кімде-кім оған бөгет жасайтын болса, ол заң аясында жауапқа тартылады.
Ал кәсіподаққа кімдер мүше бола алады? Оған кез келген адам мүше бола алады. Кәсіподаққа мәжбүрлеп мүше ету деген жоқ. Бұл мүмкін емес нәрсе. Сондықтан оған еріктілер ғана кіреді. Кәсіподақ кез келген жұмыс орнында бар. Көп жағдайда кәсәподақтың жұмысы немесе оның төрағалығы қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Кәсіподақ мүшелері заңның аясында көптеген іс-шаралар мен акциялар өткізеді. Бұл әрине белгіленген кестеге, әртүрлі мерекелер шараларға қатысты болуы мүмкін.
Кәсіподақ ең алдымен жұмысшылардың немесе өз ұйымына мүше азаматтардың құқын қорғайтынын айттық. Атап айтқанда бұл қандай талап болуы мүмкін?
-Кәсіпоақ өз азаматтараның құқын қорғау үшін сотқа талап-арыз түсіре алады;
-Еңбек дауын шешуге қатысуға толық құқы бар;
-Заңда көзделген немесе рұқсат етілген тәртіп бойынша митинг, жиын өткізе алады.
-Жұмысшыларының мүддесін сотта қорғайды;
-Жұмысшылардың мүддесіне сай келетін қандай да да бір басқа ұйыммен немесе бірлестікпен келісімшартқа отыра алады;
-Қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
— Тиісті ресми орындарға еңбек, тұрғын үй және зейнетақыны реттеуге қатысты мәселе қоюға мүмкіндігі бар;
- Кәсіподақтың заңнамасын бұзушыларға қарсы іс қозғау туралы мәселе қоя алады;
-Жұмысшылардың еткен еңбекақысын дұрыс төлеуге қатысты жұмыс берушіге талап қоюға қашан да құқылы;
Біз әрине, аталған мақала барысында кәсіподақ ұйымының қоғамдағы рөлі туралы айттық. Негізінен бұл керек және сондықтан кәсәподақ өз мүддеңді қорғайтын және қолдайтын ұйым. Сондықтан да кәсіподақ ұйымына мүше болғандар барлық істі заңдық негізде жүргізеді және мұның тиімділігі де зор болмақ.
Еркін Қалдан