• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Кәсіпкер қайырымдылық істерін неге жасырады?

Автор:admin

Авг 4, 2022
Spread the love

Қайырымдылық әлемнің іскер адамдары арасында трендке айналды. Бұл фактор оның бизнеспен ара-жігін жақындатып жіберді.
Сарапшылар «табиғаты бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі тенденцияның жолы қай жерде түйіседі және қай жерде бөлінеді» деген сауалға жауап іздей бастады.
2013-2018 жылдар аралығында қайырымдылыққа жұмсалған қаржы (орташа есебі) / ҚР Статистикалық комитеттің дерегі бойынша дайындалды
Бұл сұрақтың жауабын алыстан іздеудің қажеті жоқ. Қазақстандық компаниялардың біразы қайырымдылықты промо-акцияға айналдыра бастады. Мереке қарсаңында немесе әрбір тоқсан сайын сауда үйлерінің «Бұл тауардың бағасының 20 пайызы жетім балалар үйіне жұмсалады» деген жарнамасы қалыпты жағдай.
Қазір қайырымдылық үшін кез келген адам тиын-тебенін суырып бере салмайды. Не мән бермейді, не уақыт таппайды. Ал сауда үйлерінің мұндай бағыттағы промо-акциялары қоғамның да, кәсіпкерлердің де оң жамбасына дөп келіп тұр.
– Бұл тұста компанияны немесе кәсіпкерлерді «пиар-жүрісті таңдап алды» деп айыптауға болмас. Себебі олар, жанама түрде болса да көмекке мұқтаж болып жүрген отандастарына қол созды, бір сәтке болса да, тұрмыстың ауыртпашылығын жеңілдетті. Егер, мұндай ізгі ниет барынша ашық түрде жасалса, ол көздеген нүктеге дөп тисе, қоғамның құндылықтарына айналар еді, – дейді қоғам қайраткері Мұрат Әуезов бізбен әңгімесінде.
Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді
Бұл мақалдың баламасы әлемнің барлық халқында кездесетініне кез келген адам бәс тіге алады. Тапқаныңның бір бөлігін жан-жағыңмен бөлісіп отырмасаң,табыстың саған келетін жолда адасып қалатыны – бизнестің қағаз бетіне түспеген заңы.
Қоғам қайраткері Мұрат Әуезов бізбен әңгімесінде «ақша ағыны бітіп, таусылып қалмау үшін табысыңмен бөлісу керек» деген көзқарастың ерте замандарда пайда болғанын айтады. Ақылгөйлер сол замандарда-ақ мемлекетаралық сауда байланыстарының негізі осыдан бастау алғанын айтып кеткен.
– 1929-1939 жылдардағы экономикалық дағдарыс АҚШ-ты ғана емес, Еуропаны да теңселтіп кетті. Батыс өз қателігінен сабақ алды. Әлемде кез келген құбылыс бір-бірімен салыстырмалы күйде. Сәттілік мәңгілік емес. Басқаша болса, тағдырдың дегені болады. Қазір Батыс елдерінде табысының үштен бір бөлігін қайырымдылық қорларына аударатын олигархтар сол қателіктің орнын толтырғысы келеді, – дейді Мұрат Әуезов бізбен әңгімесінде.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда бұл салаға ерекше көңіл бөлінгендігі туралы деректер енді айтылып жатыр.
ХХ ғасырдың басында қазақтың байы Қаражан Үкібайұлы қазақ баспасөзінің тұрақты түрде шығып тұруына демеушілік жасап тұрған. Тіпті 1918 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» журналын шығару үшін Қаражан Үкібайұлынан қаржылай көмектесуін сұраған екен. Мұхтар Әуезовке жазған хатында Қаражан Үкібайұлы: «Журналды шығарсаңыздар болды, қанша қаражат керек болса да үнемі беріп отырамын» деп жауап берген.
Алашорда үкіметі құрылған кезде, қазақтың ұлттық милициясын қаржыландыруға Қаражан Үкібайұлы, Иса Көпжасарұлы көп көмек көрсеткен. Қазақтың Әлиханы 1908 жылы Семейдің түрмесіне қамалған кезде Хасен Ақайұлы деген ауқатты адам 8 ай бойы түрменің алдын күзетіп, күніне бір бағлан сойып, бие байлап, ас-судан тарықтырмаған екен.
Ал қазір Қазақстандағы қайырымдылық қорларының саны және оларға аударылып жатқан қаржы жайлы басы ашық мәлімет аз. Мамандар мұның себебін қайырымдылықпен айналысу және олардың қызметіне жүгіну мәдениетінің қалыптаспағанын айтады. Заңнамада да жетілдіретін, толықтыратын тұстар көп.
Мұның соңы БАҚ пен әлеуметтік желіні үйсіз-күйсіз жүрген немесе донор іздеп, көптен жылу жинап жүрген азаматтардың жан ақғайының мінберіне айналдырды.
Дамыған елдерде қайырымдылық қорлары сақтандыру нарығының жүгін жеңілдетіп тұрады Бізде екі сала аяғын тең басып тұрмағандықтан, қайырымдылық қорлары билік пен бизнес арасындағы буферлік міндетінен айрылып қалды.
Қаржыгер Ғалым Байназаров бізбен әңгімесінде сақтандыру саласындағы кемшіліктердің біздің нарық заңдылықтарымен жүруімізге көп кедергі келтіріп жүргенін айтады.
– Дамыған елдерде денсаулығынан айырылса немесе төтенше жағдайдан отбасы зарбап шексе, сақтандыру компаниялары көмекке келеді. Бізде жағдай басқаша, – дейді ол.
Ғалым Байназаров әрбір бизнес өкілі қайырымдылық ілімін жетілдіріп, арнайы жоба жасап отыру керек деген ойға басымдық береді.
Психологтар қайырымдылықты «ақылды» және «ақылсыз» деп екіге бөлу қажеттігін көптен айтып жүр
Кәсіпкердің балалар үйіне теледидарды сыйға тартқаны немесе демалыс үйлеріне жолдама алып бергені қайырымдылықтың ақылсыз түріне жатады екен.
Әлеуметтанушы Меруерт Молдабаева жоғарыдағы ресурстардың текке кетіп, жәрдем көздеген нысанадан тыс кететінін айтады. Олардың орнына балаларды өмір сүруге тезірек бейімдеуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру әлдеқайда тиімді екен.
Қарым-қатынасты өзгертетін, стереотиптер мен мифтерді жоятын жобалар «ақылды» қайырымдылыққа жатады. Қазақ бизнесіндегі қайырымдылық жасау мәдениеті осындай деңгейге көтерілсе, біздің болашағымыз да жарқын. Қайырымдылық ілімін сызып, жобасын жасақтау елде қайырымдылық жасау мәдениетін көтереді. Бұл біздің отандық бизнес үшін нақ қазір қажеттілік, – дейді Меруерт Молдабаева.
Қайырымдылықты жоспарлау мүмкін бе?
Сарапшылар нарық заманында бәрін жоспармен жүргізу керектігін айтады. Қайырымды іс жасау үшін бұрын жоспарланған мақсаттардың бірін құрбандыққа шалсаңыз да артықтық етпейтінін, қайырымдылықтың сізге күш-қуат беретінін ғылым әлдеқашан дәлелдеген.
Жалпы генетика және цитология институты директорының орынбасары Бақытжан Бекманов қайырымдылықтың негізгі формуласын француздар альтруизм деп қабылдайтынын айтты. Альтруизм – басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу, табиғаты эгоизмге қарама-қарсы сезім.

– Бұл ұғымды гендік теорияға енгізген француз философы әрі әлеуметтанушысы Огюст Конт. Ол бойынша альтруизмнің «басқалар үшін өмір сүр» қағидасы қоғамды моральдық тұрғыда жетілдіруге көмектеседі. Марапат пен мадақтау күтпейтін альтруизм түрі қазақтың генінде басым. Сондықтан альтруизм – қазаққа таңсық дүние емес. Ендеше болашақта қазақ кәсіпкерлерінің қайырымдылық, ізгілік көрсету мәдениетінің жоғарылайтыны даусыз. Бізге жабайы кәсіпкерліктен арылатын кез әлдеқашан жетті. Сондықтан әрі қарай кәсіпкердің әлеуметке көмек қолын созуын жетілдіреміз десек, халықаралық тәжірибеге сай, заманға лайық бастамаларды қолға алып оларды жетілдіргеніміз дұрыс, – дейді Бақытжан Бекманов.
АҚШ азаматтарының 90 пайызы қайырымдылықпен айналысса, бізде – 10 пайызы ғана
Рейтинг қуғандарға бұл да – жағымсыз рейтинг. Британдық «Charities Aild Formation» деген халықаралық ұйымның «Қайырымдылық индексі бойынша» 2017 жылы біздің ел 139 елдің ішінде 87 орында екен.
Ресми сарапшылардың есебі бойынша Қазақстанның қайырымдылық нарығының жылдық айналымы – 300-500 млн теңгенің арасы.
Бұл қаржының 30-40 пайызы қарапайым азаматтарға, қалғаны демеушілер мен түрлі ұйымдарға тиесілі екен.
Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі Павел Казанцев бізге берген сұхбатында бизнестің табиғаты қайырымдылыққа жақын екенін айтады. Бірақ екеуінің тезірек тіл табысып кетуіне салықтың ауыртпалығы көп кедергі келтіреді екен.
– Салықтың барлық түрінен 100 пайыз босатуды ешкім сұрамайды. Шетелдік тәжірибеде бизнестің қайырымдылық шараларына жұмсаған қаржысы салық есебіне жатқызылады. Бұл бизнестің әлеуметтік жобаларға көбірек араласуына мүмкіндік береді, – дейді Павел Казанцев.
Павел Казанцев біздегі қайырымдылық шаралары тек мүгедектер мен жетім балаларға көмек көрсетуге бағытталғанын айтады.
– Спортты, мәдениеті дамыту, ардагерлерге көмек көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарына қайырымдылық қорларының демеу болуы ұмыт қалған. Басқаша айтқанда қайырымдылық қорларының қоғамдағы рөлін әртараптандыратын кез келді, – дейді Павел Казанцев.
«Қайырымдылық қағидаттары» деген мақаласында Қазақстанда жұмыс істейтін қайырымдылық қорларының саны да белгісіз екенін, ақпарат алмасу істері де жүйеленбегенін айтыпты. Қор басшылары ақшаның қайда жұмсалып жатқандығы туралы есеп бермейді.
«Бизнес ортада осы қызметтің бірыңғай бағдарламасы жоқ. Әрбір компания өз мүддесін көздей отырып, өзінің қайырымдылық параметрлерін айқындайды. Екіншіден, қайырымдылық қызметті өзінің нысаны және мазмұны бойынша қалай және кім қалыптастыратынына байланысты. Осының барлығы қайырымдылық бизнесін түсінуге арналған конвенциалды тәсіл әлі де пайда болған жоқ деп айтуға толық негіз болады. Жалпы, ашығын айтсақ, көптеген қайырымдылық қорлары өте тиімсіз жұмыс істейді. Бұған бірден-бір себеп, олардың қолдарында теориялық және әдістемелік база жоқ. Содан барып көбіне қайырымдылық құралдарын тиімсіз жұмсау проблемалары туындайды», – дейді Сарқытбек Молдабаев.
Кәсіпкер қайырымдылығын неге жасырады?
Бұл сұрақтың 100 түрлі жауабы бар.
Оның бәрі сырт көзге қисынды болып көрінуі мүмкін. Бұл тұста біреуге жасаған жақсылығын міндеттемейтін халықтық менталитет басым күшке ие болып келгені анық. Бірақ әлемдік интеграция қайырымдылық қорларына келіп жетті. Нарыққа халықаралық қорлар келді. Енді халықтық менталитетпен бүркемеленіп келген «мистер Х-терге» бет пердесін ашатын кез келіп жетті.
Қайырымдылық қорларының өкілдері мемлекетте өзінің қажет екендерін олар мемлекеттік аппараттың бюрократтығымен түсіндіреді. Бұл дерттің асқынып кеткені сондай, кішкентай адамдардың проблемасына ат-үсті қарайтын деңгейге жеткен.
– Қоғамдық дерт немесе түсінбестік осындай көзге ілмей кеткен проблемалардан басталады, – дейді қазақстандық «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов өткен аптада алматылық журналистермен кездесуде.
Бұл жиынға қатысқандар біздің елде қайырымдылықпен айналысу мәдениетінің қалыптаспағанын айтты. Тіпті кәсіпкерлеріміздің өздері онымен қалай айналысудың тетіктерін біле бермейді екен. Сондықтан, қазақстандық қорлар бизнес пен оның көмегіне мұқтаж болып отырған қоғам арасында кәсіби маманданған буфер қызметін қанағаттанғысы келетін ыңғай танытып жүр.
Қайырымдылық қорларының мемлекетпен және бизнеспен байланысы туралы Жангелді Сәрсеновтың пікірі мынадай:
– Қайырымдылық қорлары қоғам мүшелерінің барлық сегментінің проблемасын жақсы біледі. Бірақ оны мемлекеттің қатысуынсыз шеше алмайды. Сондықтан, мемлекеттің міндеті қайырымдылықпен тұрақты түрде айналысатын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктерді заңдастыру керек, – дейді Жанкелді Сарсенов.
Жангелді Сәрсенов әкімшілік жауапкершілікті қайырымдылық қорларына жүктеу керектігін айтты.
– Қордың есеп-шотына келіп түскен қаржының бәрі қайырымдылық жобаларына бағытталуы тиіс. Халықтың қорға деген сенімі нақты көрсеткіштерге қарап қалыптасады. Қазақстандағы қайырымдылық қорлар тек кәсіпкерлермен ғана емес, қарапайым азаматтармен де жұмыс істегісі келеді. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың тең жартысы қорға қаржы аударуға қарсы емес екенін айтқан. Бірақ іске келгенде нәтиже басқа. Мұның себебі БАҚ бізбен жұмыс істегісі келмейді. Бізге қатысты жиындардың бәрін жарнама деп қабылдайды. Осындай көзқараспен «қайырымдылық қорлары майшелпектің үстінде отыр» деп ойлайтын бір толқынды тәрбиеледік, – деп сөзін қорытындылады Жангелді Сәрсенов.
Адамдар қайырымдылық қорларын ашуға неге ықыласты? Қайырымдылықтан олардың қалтасына не түседі?
Қоғам бұл сұраққа жауап алуға мүдделі.
Қайырымдылық қорларының басшылары болса, жауап беруге асығар емес. Алайда, бұл үшін оларды кінәлай да алмайсың. Есептің заманы. Ақпарат құралдары да әлдеқашан ақша табудың жолына көшкен. Сол себепті «Қайырымдылық істеріне байланысты ақпараттарға мемлекет тарапынан арнайы гранттар бөлініп, қолдау көрсетілгені жөн» деген пікірді осы саланың мамандары ғана емес, журналистер де айта бастады.
Қайырымдылық туралы заң көптеген елдерде бар.
Бұл құжаттың жобасы Қазақстанда бұдан 15 жыл бұрын әзірленіп қойылғанына қарамастан, тек 2015 жылдың 16 қарашасында ғана «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Және ол «ерікті түрде қайырымдылық жасау», «қайырымдылық еріктілері», «мақсатты капитал», «филантроп» және «филантропиялық қызмет» түсініктемелерімен толықтырылды. Демек «адамдар қайырымдылық қорларын ашуға неге ықыласты» деген сауалдың жауабын бұл заң да тарқата алмады.
Заң тарқата алмаған түйін қашан да жұмбақ.
Қазақстандық сақтандыру қорының өкілі Аружан Саин бұл түйткілді екі тараптың бір-біріне деген сенімі тарқата алатынын айтады.
Қайырымдылық қорларының бизнес және қоғам арасындағы сенімділік синдромына тәуелді болып тұрғанын қор өкілдері де мойындайды
Жанкелді Сәрсенов қайырымдылық қорларын жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіп ретінде тіркеуге болатынын, бірақ коммерциялық емес ұйым болып табылатынын айтады. Сол себепті оның есеп-шотына аударылған қаржының қайсысының демеушілерден немесе жеке табыс көзінен түскенін анықтау да, салық салу да қиын. Бірақ келіп түскен қаржының бәрі қайырымдылық шараларына немесе әлеуметтік жобаларға жұмсалатыны заңмен нақтыланған.
Сарапшылардың «қайырымдылық қорлар бизнес пе, әлде қоғамдық қор ма деген мәселенің басын ашып алу керек» деген пікірінің жаны бар.
Бұл сұрақтың түйіні тарқатылса, «адамдар қайырымдылық қорларын ашуға неге ықыласты болып кетті» дегенге жауап алады.
Сарапшылар екі тараптың арасында сенімнің бәсі басым болса қайырымдылық қорларының жұмысы жанданатынын айтады. Қор өкілдері соған сендіріп отыр.
Бізде де сенейік. Жақсылық дегенде,кез-келген адамның қуанышты күлкісі езуіне келіп,тек жақсы жағдайлар мен жақсы істерді,жақсы сөздерді ойлайтыны рас.Жақсылық-адамның көңілін көтеріп.қуанышқа бөлейтін әсерлі сәттерің бірі.
Жақсылық жасау,адамға қуаныш силау.Кез-келген адамды жасына қарай силап,ізет көрсетудің өзі де үлкен жанға көрсетілген жақсылықтың бір үлесі.Үлкен болсын,сенен кіші болсын жақсы сөздер айтып,қолдан келген көмекті аямай,әрқашанда қолдау көрсету керек.Әрине,ол жақсылықтың да кейін қайтарымы болады. Жақсылық жасау-міндетті түрде ол адам үшін дүниені төңкеру немесе әлем білетіндей көмек көрсету емес,жай ғана өзбен демеп,кішкене ғана көзге ілінбес жақсылық жасаудың өзі үлкен құрметті іс.Жақсылықтың ісі ең алдымен жақындарыңнан,туысыңнан,достарыңнан басталады.Кейде тіпті жолда кетіп бара жатып,танымайтын үлкен адамның немесе жас жеткіншектің сумкасын көтерісіп жеткізіп берсеңде,бұл үлкен қошеметке ие болар сауапты істің біріне жатады.Көмек көрсету кезінде ол адамды міндетті түрде тануға шартты емеспіз,тек ондай ситуфцияда адамгершілігіміздің рөлі қаншалықты екені көрініп тұрады.араласып жүрген достарымызқға да қолдан келгенше аямай көмек көрсеткеніміз жақсылыққа апаратын дара жолдың бірі.
R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика