• Пт. Сен 5th, 2025
Популярные метки

«КҮЗГІ ТАЗАЛАУ» КЕЗЕҢІ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Сен 5, 2025
Сауран ауданында дәстүрлі «Күзгі тазалау» кезеңі жалғасуда. Осы шара аясында Үшқайық және Шорнақ ауылдық округтерінде жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына 300-ге жуық ауыл тұрғыны, мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысып, елді мекен аумағында санитарлық-тазалық шараларын атқарды. Сенбілікке арнайы 12 бірлік техника жұмылдырылып, қоқыс қалдықтары шығарылды. Жалпы көлемі 11 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды.
Ауыл ішіндегі көшелер тазаланып, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Сонымен қатар, талдар суарылып, жасыл желекті қорғау бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен бірлесіп тазалықты сақтау бойынша мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды.
Мұндай шаралар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, ауыл-аймақтың көркейіп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған. «Күзгі тазалау» кезеңіндегі сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *