• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ…

Автор:admin

Ноя 6, 2022
Spread the love

Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халыққа қажетті белгіленген барлық қызмет түрі көрсетіледі. Жедел әрі тұщымды түрде жасалатын жұмыс елдің ойынан шығып отыр. Мұнда келушілер риза. Себебі қызметкерлердің сапалы сауатты түсіндіруі арқылы талай тірлік тындырылып жатыр.

  1. Бөлімнің Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) саласы бойынша, бала асырап алу және әкелікті тану қызметіне міндетті түрде мамандар көмегі қажет. Басқа қызметтер толықтай автоматтандырылған. Атап айтар болсақ, туу туралы, неке қию туралы, неке бұзу туралы, қайтыс болу туралы, акт жазбаларды қалпына келтіру, жою туралы және қайталама куәліктер мен анықтамалар беру туралы қызметтер онлайн жүйеде жүзеге асырылады.

Бала туылғаннан кейін ата-анасы немесе басқа мүдделі тұлға туу туралы куәлік алу үшін, Egov порталы арқылы немесе мобилді банк қызметтері арқылы баланың аты-жөнін және басқа да мәліметтерін толтыра отырып электронды түрде өтініш беру арқылы, 1 тәулік ішінде куәлікті рәсімдей алады. Бұл азаматтарды әуре сарсаңға салмау және электронды түрде кезек күттірместен уақыттың үнемділігі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттің оң өзгерістерінің бірі. Бұл үшін арнайы бұрыш бар. Ол жерге компьютерлік құрылғы қойылғңан. Және келушілерге түсіндірме жұмысын жасап беріп тұратын маман арнайы бекітілген. Құжатты рәсімдеу жедел жүзеге асырылады. Кезек жоқ.

  1. Қайтыс болу туралы куәлікті рәсімдеу үшін, қазіргі күні медициналық ұйым өкілдері, ақпараттық жүйе арқылы АХАТ органдарына, қайтыс болу туралы медициналық куәлікті тіркеу үшін электронды түрде өтініш тастайды және өтініш түскен күні тіркеуші орган қайтыс болу туралы акт жазбаны тіркейді. Нәтижесінде азаматтар қайтыс болу туралы анықтаманы электронды түрде Egov порталы арқылы еш кедергісіз алуына қолжетімділік жасаған. Ал егерде қайтыс болу туралы фактіні сот тәртібі арқылы анықтаған жағдайда, соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш береді және 1-тәулік ішінде куәлік рәсімделеді. Бұл да тұрғындардың оң жамбасына оңтайлы келіп отыр. Баяғыдай ығы-жығы кезек жоқ. Әркім өзінің уақтысымен келіп, құжатты алып кетіп жатыр.
  2. Неке қию туралы куәлікті рәсімдеу үшін, электронды түрде ерлі-зайыпты болушылар өтінішті береді, өтініш түскен күннен кейінгі күннен бастап, 15 күн өткеннен кейін, неке қию туралы акт жазбасы тіркеледі. Ол үшін ерлі зайыптылар бекітілген күні АХАТ органына бірге келу қажет. Бұл өзгеріс 2022 жылдың 15 тамызынан бастап күшіне енді. Бұдан алдын неке қию мерзімі 30 күнді құрайтын. Шетел азаматтарымен некеге тұру үшін, сол мемлекеттің азаматы некеге құқықтық қабілеті бар екендігін растайтын анықтама тіркей отырып, ерлі – зайыпты болушылар бірлесіп, тіркеуші органға өтінішпен жүгінеді. Неке қиюшылардың бір айлық тәртібінің шегерілуі де отбасын құрам деушілерге оң ықпалын тигізіп отыр. Енді ешкім айлап күтпейді құжаттарын. Жарты ай жылдам-ақ өтіп кетеді. Бұл өз кезегінде некелесушілердің неке қию мерзімін қысқарту арқылы, азаматардың отбасы құруына деген ынтасын бір қадам алға жылжытып отыр.
  3. Неке бұзу туралы куәлікті рәсімдеу үшін, өтініш берушілер электронды түрде немесе екеуі бірлесіп тіркеуші органға өтінішті береді, өтініш түскен күннен кейінгі күннен бастап, 30 күн өткеннен кейін, неке бұзу туралы акт жазбасы тіркеледі. Бұл рәсім тек ортада кәмелетке толмаған балалары жоқ, бір-біріне қандай да бір дауы жоқ азаматтардың арасында, бірлескен өтініш негізінде жүргізіледі. Ал егерде ортада дау болса, кәмелетке толмаған балалары болса немесе екінші тараптың келісімі болмаса, тіркеуші орган неке бұзудан бас тартады. Мұндай азаматтар тек сот тәртібімен некелері бұзылады. Со тәртібімен неке бұзылған жағдайда, неке бұзу туралы куәлік басылып шығарылмайды, тек ақпараттық жүйеге неке бұзылғандығы туралы белгі қойылады. Бұл рәсім, азаматтардың бір инстанциядан шешілген мәселені екінші инстанцияға қайта тіркеуді жою болып есептеледі. Себебі бұдан алды, сот тәртібімен неке бұзылып, азаматтар АХАТ органына тіркеместен кетіп қалады. Ал бұл заң тұрғысынан неке бұзылды деп есептелмейтіндіктен, біршама азаматтардың алдағы құжаттандыру барыстарында кедергілер туындағандықтан, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап осындай өзгерістер қағидаға енгізілген болатын. Осылайша сот шешімімен бұзылған некені екінші рет рәсімдеудің қажеттілігі жойылды. Қаулыны алып, келесі мекемеге сабылу қажет емес. Ақпараттық жүйе арқылы мұны қарауға  мүмкіндік бар.
  4. Бала асырап алу және әкелікті анықтау туралы куәліктер қазіргі күні құпия ақпарат деп есептелгендіктен, балаға қатысты қандай да бір келеңсіз түсініспеушіліктердің алдын-алу мақсатында, қазіргі күні куәліктер берілмейді. Тек туу туралы куәлік рәсімделеді және барлық мағлұмат тек туу туралы акт жазбада көрсетіледі. Бала асырап алу тек соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде рәсімделеді. Ал әкелікті орнату ата-анасының бірлескен өтініштері негізінде немесе соттың әкелікті орнату туралы шешімі негізінде рәсімделеді. Құпаия ақпараттың жариялылыққа ұласып кетпеуі үшін жасалып жатқан оң қадам да қолдауға тұрарлық. Біріншіден анықтама деп сабылудың, басқа жерге құжат тасымалдаудың, жарнамалаудың қажеті жоқ. Бұл үшін туу туралы куәлікті көрсетсеңіз жеткілікті. Бала туралы бар мағлұмат сонда тұр.
  5. Аты-жөнін ауыстыруды рәсімдеу, ХҚКО арқылы заңға сәйкес негіздемелер болған жағдайда өтініш беруші өтініш беру арқылы, өзінің тегін атын, әкесінің атын өзгертуге мүмкіндігі бар. Мысалы құлаққа жағымсыз немесе ұлттық салт-дәстүрге байланысты атына, тегіне, әкесінің атына өзгерту енгізілуде. Өтініш жазылғаннан кейін белгіленген мерзім аралығында келіп, алып кетсе болғаны.
  6. Жоғалған, бүлінген немесе басқа да құжаттандыруларды рәсімдеу үшін, бөлім тарапынан ХҚКО арқылы немесе электронды өтініш беру арқылы қайталама куәліктер мен анықтамалар сұраныстарға сәйкес мерзімінде берілуде. Бұл үшін де барлық жағдай қарастырылған. Құжатты келіп, уақтысында алып кетсе болды.
  7. АХАТ саласы ЖАО құзырына Әділет басқармаларынан ауысып, бөлім тарапынан қызмет көрсету күндерінен бастап, сапалы, мерзімінде және азаматтарға қолжетімді түрде қызметтерін көрсету барысы бойынша, жылдан – жылға қағидаға және тиісті Заңдарға өзгерістер енгізіліп, олардың мүлтіксіз орындалуын үнемі бақылауда тұр. Атап айтқанда, 1938 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі азаматтарға қатысты мұрағатта сақталған акт жазбалардың электронды нұсқалары АХАТ ақпараттық жүйесіне сканерленген нұсқада көшіріліп, 2019 жылдан бастап, азаматтардың ЖСНдерін енгізу жұмыстары Әділет департаментінің тапсырмасына сәйкес бүгінгі күнге дейін өзектендіру жұмыстарын жүргізіп, толық мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізілді. Осының нәтижесінде азаматтар Egov порталы арқылы немесе мобилді банк қызметтері арқылы өздеріне және балаларына қатысты туу, неке қию, неке бұзу және т.б. құжаттардың электронды нұсқасын алуға мүмкіндіктері бар. АХАТ ақпараттық жүйесі цифрлы Қазақстан жобасы бойынша толықтай автоматты цифрландыруға көшірілген. Осылардың нәтижесінде азаматтардың куәліктерді, анықтамаларды, органдардың сұраныстарын алу мерзімі 1 немесе 2 күн ішінде орындалып, нәтижелі жұмыс атқарылуда.

Бөлімнің АХАТ саласы бойынша ағымдағы жыл басынан бастап                  8-айдың қорытындысымен, Туу – 1475 (5 өлі туылғандар) тіркелген, Қайтыс болу – 433 (1жасқа дейінгісі 11)  тіркелген, Неке қию – 364 тіркелген (18 шетел азаматтарымен), Неке бұзу – 25 тіркелген, Аты-жөнін ауыстыру – 37 тіркелген және 1500 жуық қайталама куәліктер мен анықтамалар берілген. Қазіргі күні сәуір айынан бастап Кентау қаласының АХАТ мұрағатына қатысты 247332 мұрағаттық акт жазбалары электронды түрге ауыстырылып, өзектендіру жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Бөлімге жүгінген азаматтарға консультация беріліп, тиісті шетел мен басқа аудандардың сұраныс хаттарына жауаптар заңға сәйкес мерзімде жолданып, ХҚКО арқыл, электронды түрде және тікелей қызметтер көрсетілуде. АХАТ саласы бойынша толықтай автоматтандыруға көшіріліп, ХҚКО арқылы немесе Егов порталы арқылы қызмет алушыларға жүгіну үшін мүмкіндіктер жасалған. Мүмкіндік өз шеңберінде пайдаланылып жатыр. Жарғақ құлағы жастыққа тимей жұмыс істейтін мамандардың еңбегінің ерекше екенін осы тұста да айта кеткен жөн.

  1. Ал әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша ағымдағы жыл басынан бастап 8-айдың қорытындысымен, Кентау қаласы және оған қарасты ауылдар бойынша 1587 отбасыға Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 474915,5 мың теңге қаржы төленіп, 1-6 жас арасындағы 2000 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілуде.  Атаулы әлеуметтік көмек тұрақты түрде Мемлекеттік корпорация арқылы әр айдың 1-10 күні аралығында сұранысқа сәйкес мерзімінде төленуде. Бұл өзгеріс 2022 жылдың қаңтар айынан бастау алып, қазіргі күні жүйелі түрде автоматты сұраныс арқылы төлем барлық қызмет алушыға бірдей және мерзімінде төленуде. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған жұртшылық ел үкіметінің шарапатты шарасына мейлінше қатыстырылып жатыр. 8345 адам қазір оның игілігін көруде. Қоғам бар жерде, толықтырулар да болып жатады. Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі мамандар басшылықтың қадағалауымен бұл жағдайды да жан жақты саралап жатыр.

АӘК алу үшін, электронды түрде Egov порталы арқылы немесе қала тұрғындары үшін жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығына, ауыл тұрғындары үшін ауыл әкімдіктеріне жүгіну қажет. Сонда өтініштерін қалдырып, әлеуметтік статусын айқындап берсе, қалған шаруаны мекеме өз құзіреті шегінде шешіп береді.

  1. Түркістан облысының экс- әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен «Қамқорлық» бағдарламасы аясында, жыл басынан бастап Кентау қаласы бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға, бөлім тарапынан және қаланың кәсіпкерлері тарапынан 22 отбасыға (Қамқорлық бағдарламасына енгізілген) жалпы азық-түліктей, көмір-отынмен, ақшалай және т.б түрлері бойынша 2,5 млн теңгеден астам қаржыға көмек көрсетілді. Жеке кәсіпкер есебінен, WaiKiki дүкендер желісінен 10 отбасыға киім-кешектер таратылып, құрбан айт мейрамы қарсаңында 18 отбасыға ет таратылды. Осы іспеттес көмектер бөлімнің ықпалымен кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға көмектер беріліп және әр ауыл әкімдіктері өз тараптарынан ауыл тұрғындарының ішінен әлеуметтік осал отбасыларға тиісті жәрдем көрсетуде. Бұл істе кәсіпкерлер де белсенді. Отандастарына көмек қолын созуға келгенде атымтай жомарттай жандар аянып қалған емес.

Атап айтар болсақ, Қарнақ ауылы бойынша 20 отбасыға 500 000 теңге шамасында азық-түліктей көмек беріліп, 6 отбасыға 3 тоннадан көмір түсірілген. Хантағы ауылы бойынша 18 отбасыға 540 000 теңге көлемінде азық-түліктей көмек беріліп, 4 отбасыға 50 000 теңге көлемінде ет таратылған. Байылдыр ауылы бойынша отбасылық жағдайы төмен, материалдық көмекке мұқтажданған отбасыларға, көмір және қатты отындай көмектер көрсетілген. Ал Ащысай ауылы бойынша 20 отбасыға азық-түліктей көмектер тоқсан сайын берілуде, ауыл имамы ауылдың аз қамтамасыз етілген 3 отбасыға қарыздарын өтеп қаржылай көмек көрсетілген, Ащысай ауылының жеке азаматтары тарапынан 50 отбасыға азық-түліктей көмектер беріліп, 8 отбасыға киімдей көмектер берілді. Сондай-ақ, ауыл кәсіпкері тарапынан өз қаражаты есебінен ауылдың отбасылық жағдайы төмен азаматына демеушілік көрсетіп, Умраға қажылыққа жолдама алып берген. Ащысай ауылында жалпы 2020 жылдан бастап «Қайырымдылық» қоры ашылып, түрлі көмектер мұқтаж азаматтарға көрсетілуде.  Бұл Кенді кентте атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Алда әлі талай  тындырымды тірліктер бар. Осы бағытта жалғасын таба да бермекші.

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика