• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Кейде әйелге үйіне полиция шақырудың өзі қауіп төндіруі мүмкін

Автор:admin

Сен 21, 2022
Spread the love

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адамдармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол заңгер Санжар Танагөзов кей жағдайларда әйелге полиция шақыру қауіп төндіру мүмкіндігін ескертті. Ұрпақ – болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы – кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді. Сондықтан да ата-ана беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды.

Әйелге полиция шақырудың өзі қауіпті болатын сәттер бар. Адамдар әр түрлі. Мәселен, ер адам қоңырау шалуға мүмкіндік бермей, телефонды жұлып алып, ұрып-соғуы мүмкін немесе тәртіп сақшысы келген соң әйел күйеуінің алдында батылы жетпей, жағдайды түсіндіре алмауы мүмкін жайттар көп болады. Бұл жағдайда әйел бірден дағдарыс орталығына келіп, жағдайды түсіндіріп, сол жерде мамандардың көмегімен полицияға жүгінгені абзал. Үйінде қалу қауіпті болса, полицияға айтып, орталыққа орналасқаны жөн. Ер адамдардың жазадан қорықпайтын, жасаған әрекеттерін жалғастыра беретін санаты бар. Егер әйел үнемі таяқ жеп, құқығы бұзылатын болса, азаптау дерегі бойынша арыз жазуы тиіс. Азаптау дерегі – қылмыстық жауапкершілік. Әйел азаматтарға қорлыққа шыдап жүре бермеуге және кешірмеуге кеңес беремін. Еркек жасаған ісінің жауапкершілігін түсінгені дұрыс, — деді заңгер.

Сонымен қатар ол қандай жағдай болмасын, полиция шақыртып, фактіні тіркету керек дейді.

Егер әйел жарақат алған болса, сот-медициналық сараптамаға жолдама сұрауы қажет. Тағы бір маңыздысы, қорғау нұсқамасын жаздырып алса, ер адамның зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алуға кепіл бола алады. Отбасы әрі қарай бірге тұратын болса да, қорғау нұсқамасына сәйкес ер адам агрессиясын қайталаса, ол әкімшілік тұтқынға алынады. Бірінші жолы агрессор әкімшілік ескерту алса, екінші рет оны тұтқындайды. Тіркелген қорғау нұсқамасының, полицияға жазылған арыздың болуы егер әрі қарай отбасы ажырасқан жағдайда әйел адамның қызығушылығына басымдық береді. Оның үстіне, кей еркектер әйелдің қорлыққа шыдамай, тиісті заң органдарына жүгінетінін білсе, келесі жолы физикалық күш көрсетуге бармайды, — деп түсіндірді Санжар Танагөзов.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика