«Кең болсаң, кем болмайсың» дейді халық нақылы. Жақсылық жасасаң, көп ұзамай еселеп өзіңе қайтады. Бұл – талай мәрте дәлелденген шындық. Заты әйел болса да, халық үшін еңбек етіп, қайраткерлігімен танылған Ләззат Салықова жайлы ел аузында жылы пікір көп. Ол – «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, игі істердің ұйытқысы. Ләззатты қашан көрсеңіз қайырымдылық іс-шараларының басы-қасында жүреді әрі ерекше күтімді қажет ететін мұқтаж жандарға қамқор.
Ләззатты мұндай игі іске итермелеген не нәрсе? Қандай күш? Ол әлемді ұстап тұрған жалғыз негіз мейірім мен ізгілік екенін түсінді. Сөйтті де адамдарға жақсылық жасаудың қамына кірісті. Ең бірінші ойына келгені күтімді қажет ететін адамдардың өмірі мен тұрмысын жеңілдету болды. Еш ойланбастан, туыстарымен ақылдаса отырып өзі тұратын қаласында осы игі іс жолында қоғамдық бірлестік ашты.
– Біздің ұйым халықтың осал топтарына көмек көрсетеді. Соның ішінде мүгедектердің арбасын сатып алу, мұқтаждарды емдеуге қажетті қаражат жинау – негізгі бағытымыз. Сонымен қатар, біз мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстарды орындауға қатысамыз. Біз мүгедектерге жеке көмекші ретінде қызмет көрсетеміз. Елімізде жастар саясатын жүзеге асыруға және волонтерлік, экологиялық қозғалыстарды дамытуға үлес қосамыз. Шығармашылық және спорттық іс-шаралар өткізуге де атсалысамыз, – дейді Ләззат.
Л.Салықованың арқасында бір-екі жыл бұрын жаңа жоба іске қосылды. Ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың қолынан шыққан экосөмкелер елді елең еткізді. «Keping the best» пилоттық жобасы аясында көптеген жаңа өнімдер пайда болды. «Өз қолыңмен жақсылық жаса» шеберханасында ойыншықтардың, аксессуарлардың және экотауарлардың интернет-дүкені ашылды. Онда қауымдастық өкілдері өз қолдарымен жұрт сұранысына ие заттарды жасайды.
– Біз мемлекеттік бағдарламаларға, соның ішінде, мысалы, «Бизнестің жол картасына» қатысамыз. Бизнес жобамыз үздіктердің бірі деп танылып, 2 миллион теңге грант ұтып алдық. Өзімізде өндірілген киімдерді, атап айтқанда, тігін машиналарын шығаруға қажетті құрал-жабдық пен керек-жарақты сатып алдық. Цех іске қосылды, онда халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобының өкілдері, мүгедек балалардың аналары жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Аялы алақан» жобасы бойынша күтімді қажет ететін жандарға массаж бөлмесі мен спорт залы да бар, – дейді мақала кейіпкері.
Қоғамдық бірлестік өкілдері мүгедектерге тең жағдай жасауға, қауіпсіз, жайлы және барлық стандартқа сәйкес келетін, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған пандустар салуға бағытталған «Қолжетімді Қазақстан» жобасының қатысушысы болып табылады. Бірлестік өкілдері нашар көретін және зағип адамдарға арналған жобаларды да назарда ұстайды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі мемлекет назарында болды және қала береді.
1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы өкімімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Кейіннен аталған құжатты Үкімет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның ішінде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды.
Аталған бағдарламалардың бәрі жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңыныңқабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырудың институционалдық негізіне айналды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.
2008 жылы «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының (бұдан әрі – «Нұр-Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті.
Білім және ғылым министрлігінің құрылымынан Жастар ісі комитеті мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармаларының құрылуы мемлекет пен жастардың өзара іс-қимыл жасау процестерін жетілдірудің келесі кезеңіне айналды.
Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, сол сияқты бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары бағытталған.
– Жалпы, біздің жобаларымыздың мақсаты – халықтың осал топтарынан шыққан адамдардың қоғамда белсенді өмір сүруін, қаржылық тәуелсіздігін, бос жұмыс орындарына орналасуын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын пайдалы өткізуге жағдай жасаймыз. Менің басты міндетім – адамдарға көмектесу. Мен әрқашан басқаларды қолдауға және ынталандыруға тырысамын: кеңес беремін, іспен қолдау білдіремін. Мүмкіндігі шектеулі жандарды, тіпті, ақыл-ойы бұзылған адамдарды қолдау, олардың бойына қуаныш пен өзіне деген сенімділікті ұялату – біздің бірлестіктің негізгі бағыты, — дейді Ләззат.
Кейіпкеріміздің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі өте көп. Олар өз таңдауын жасап, өмірді шексіз сүйеді. «Біз осы қоғамның белсенді және толыққанды мүшелеріміз. Сол сияқты күтімді қажет ететін жандар да осы әлемде өзін толыққанды сезінуі тиіс. Кедергілер мен шекаралар жойылып, шын мәнінде шексіз мүмкіндіктері бар адамдар өмір сүретін әлем орнағанын қалаймын», – деп түйіндеді сөзін Л.Салықова.
Сонымен қатар, ол қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетеді. Вокал бойынша республикалық байқауда топ жарған.
R-ақпарат