• Сб. Окт 11th, 2025
Популярные метки

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

Автор:admin

Сен 19, 2025

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі – Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы төмендегідей мәлімдеме жасады.
Абай ауданы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне қадам басуда. Аудан аумағында 27 елді мекен орналасып, мұнда 257 мыңнан астам халық тұрады. Инфрақұрылыммен қамту деңгейі айтарлықтай жоғары: тұрғындардың барлығы ауыз су мен электр жарығымен толық қамтылған. Биылғы ақпан айында «Ынтымақ-2» шағын ауданы мен «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы табиғи газға қосылып, аудан толықтай газ жүйесіне қол жеткізді. Бұл халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.
Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қарқын алды. Аудан аумағында 1274 көше бар, оның ішінде 844 көше асфальтпен жабылған. Жыл соңына дейін барлық тас жолдар толықтай асфальтталмақ. Бүгінге дейін 148 көше жөнделіп, жоспарланған жұмыстар толық орындалса, асфальтталған көшелердің үлесі 100 пайызға жетеді.
Бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ықпал етуде.
Инфрақұрылымды дамыту аясында аудан тұрғындарының күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған бірқатар жобалар қолға алынған. Жолдардың сапасын арттырумен қатар, аудан көшелерінде жарықтандыру жүйесі жаңартылып, көше жарығының тиімділігі арттырылуда. Бұл кешкі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігіне септігін тигізеді.
Ауылдық елді мекендерді газбен қамту жұмыстары жыл бойы белсенді түрде жүргізілуде. Газ жүйесінің кеңеюі тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартып, экологиялық таза энергияға көшуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілері мен бағдаршамдар жаңартылуда. Жаяу жүргіншілер өтпелерінің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, көлік апаттарының алдын алу шаралары күшейтілуде.
Қоғамдық көліктің жағдайын жақсарту бағытында да жұмыстар жалғасуда, бұл тұрғындардың қала ішіндегі мобильдігін арттыруға ықпал етеді.
Барлық осы шаралар Абай ауданының әлеуметтік-инфрақұрылымын нығайтып, тұрғындардың өмір сапасын көтеруге бағытталған кешенді жоспардың бір бөлігі болып табылады.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/wAOb96tzKBk?si=K6nWFYKPLo6DB8Vz
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *