• Вт. Сен 2nd, 2025
Популярные метки

ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

Автор:admin

Сен 2, 2025

Өткен жылы бірқатар өңірлерде жеке тұлғалардың пайдасына елден бөлініп шығуға шақыру фактілері орын алған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сәйкес Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағына қолданылады. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 180-бабында Қазақстан Республикасының бiртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуiн бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты дайындау, шақыру көзделген, осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында сақтау немесе тарату Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Азаматтар азаматтығына байланысты құқықтарға ие және міндеттер атқарады.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс – Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы.
Сонымен қатар жоғарыда аталған баптың ескіру мерзімі жоқ (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39-бабының 1-бөлігі және 71-бабы 6-бөлігінің 1-тармағы).

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *