• Чт. Окт 2nd, 2025
Популярные метки

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА «ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ – ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМЫ» АТТЫ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ.

Автор:admin

Сен 30, 2025

Бәйдібек ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Қоғамның тірегі – қарапайым еңбек адамы» атты жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бастаманың басты мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін дәріптеу, жастарға өнеге болатын еңбек майталмандарын насихаттау.

Жобаның бүгінгі кейіпкері – Ыбраева Жанат Тоқтамысқызы. Ол 22 жыл бойы аудандық ауруханада санитар болып еңбек етіп келеді. Күнделікті жұмысы көзге көп түспегенімен, ол – науқастардың саулығы мен ауруханадағы санитарлық талаптардың сақталуына жауапты маңызды міндетті абыроймен атқарып жүрген жан.

Жанат апай әрдайым:
«Жастарға айтарым – еңбектен қашпай, қандай істі атқарсаңдар да жүректеріңмен беріліп істеңдер. Еңбектің ешқашан зая кетпейтінін ұмытпаңдар», – деп ақыл-кеңесін айтып отырады.

Оның өмір жолы – шыдамдылықтың, төзімділіктің және қарапайым еңбектің үлгісі. «Шыдамдылық – үлкен жетістіктің кілті» деген ұстанымы Жанат апайдың әрбір ісінен көрініс табады.

Осындай еңбек адамдарының еңбегін бағалау – қоғам үшін үлкен маңызға ие. Себебі, аурухананың тазалығы мен тәртібін қадағалау – тек санитардың ғана емес, бүкіл ұжымның абыройына тікелей әсер ететін жұмыс.

Жастар ресурстық орталығы қолға алған бұл жоба еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп қана қоймай, жас буынды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, төзімділікке баулуды көздейді.

Қарапайым еңбектің қадірін ұлықтап, осындай еңбек майталмандарын құрметтеу – баршамыздың парызымыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *