• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Жұмыспен қамту – мемлекеттің басты назарында!

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

Сонымен қатар биыл президент «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша қатысу кезеңі мен жалақыны арттыруды, сондай-ақ бизнес-идеяларды дамыту үшін гранттар мөлшерін 400 АЕК-ке дейін ұлғайтуды тапсырды. Сондай-ақ өңірлерде жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру. Халық санының өсуін ескере отырып, негізінен, 2025 жылға дейін 780 мың жұмыс орны ашылады. Бұған қоса, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында мемлекет басшысы өңірлік жұмыспен қамту карталары арқылы жұмыс орындарын құру цифрлық форматта мониторингін қамтамасыз етуді тапсырды. 2020 жылдан бастап, ұстаздардың жалақысы кезең-кезеңмен көтеріле бастады. 2021 жылдан бастап, Медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Нәтижесінде, 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есеге артады. Ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап, ең төменгі жалақы мөлшері 41 пайызға өсті, бұл шамамен, 1 млн 650 мың адамның табысының өсуіне алып келді.

Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде 2022 жылғы ақпанда Еңбек министрлігі тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады. «Жастар практикасына қатысу кезеңі 6 айдан 12 айға дейін, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 12-ден 18 айға дейін ұзартылды. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысы 20 пайызға, яғни 25-тен 30 АЕК-ке дейін, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысушылардың жалақысы 50 пайызға, яғни 20-дан 30 АЕК-ке дейін өсті. Бұл 90 мың теңге көлемінде. Бұл мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы. Бұған қоса, жұмыс беруші төлем жасаса, бұл көрсеткіш 100 мыңнан асуы мүмкін. Сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар мөлшері 200-ден 400 АЕК-ке, яғни 1,2 млн теңгеге дейін 2 есеге ұлғайды.

Көбіне жастар жұмыспен қамту орталығына бармайды, қызмет алуға бармайды, оқыту мәселелері бойынша жүгінбейді. Сондықтан көмекке мұқтаж, жұмысқа орналаспаған, оқымайтын адамдарды әлеуметтік портрет бойынша анықтауға мүмкіндік беретін «Ерте анықтау жүйесі» енгізілді. Жұмыспен қамту орталықтары өтініш беру сипатындағы қызметтерді көрсетуге (оларға келген, тіркелген кезде) бағдарланған болатын, биылдан бастап, мұндай тұлғалар анықталады, олар смс-хабарламалар, хабарламалар арқылы хабардар етіледі, онлайн режимде қызмет көрсетіледі, қысқа мерзімді курстар өткізіледі немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Сондай-ақ жастарды жұмысқа тарту және ынталандыру үшін – еңбек заңнамасына «жас қызметкер» ұғымын енгізу, олар үшін сынақ мерзімін алып тастау, басқа өңірлерден келген жастар үшін тұрғын үй жалдауға көтерме жәрдемақы енгізу жоспарланды. Көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін барлық өңірлерде қолданыстағы үлгідегі әйелдерді қолдау орталықтарын құру көзделген. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелге кешенді қолдау көрсетілетін болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика