Көптеген адамдар өз бизнесін ашуды армандайды. Алайда, көпшілік үшін негізгі кедергі — бастапқы капиталдың жетіспеушілігі. Банктен алынған несиелерді пайдаланып бизнесті бастау — бұл екі еселенген тәуекел. Жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін, мемлекет «Еңбек» бағдарламасын іске қосты, оның аясында жарты миллион теңгеден астам сомада, өтеусіз грант алуға болады. Грантты қалай алуға болатындығын, оның қандай жағдайда берілетіндігі, қаражатты кейін қайтару керек пе және ақша алу үшін қайда бару керектігі туралы көбірек біліңіз …
Гранттарды кім береді және неге?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016-шы жылғы 29-шы желтоқсандағы No919-шы қаулысымен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-ші — 2021- ші жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама бірнеше бағыттарды қамтиды, қазақстандықтарға сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби біліктілікті алуға, қажет болған жағдайда қайта даярлауға немесе өз ісін ұйымдастыруға, олардың дамуына көмектесуге арналған.
Осы бағыттардың бірі — «Бастау Бизнес» жобасы аясында (Еңбек бағдарламасының құрамындағы бір бөлігі) жаппай кәсіпкерлікті дамыту (бағдарламаның II-ші бағыты).
Жобаның мәні — қалайтындарға кәсіпкерлік негіздерді оқыту, содан кейін өз ісін бастауды қаржыландыру. Жалпы бағдарлама және «Бастау Бизнес» жобасының өзін, мемлекет қаржыландырады. Бұл бағыттың операторлары:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жобаның жүзеге асыратыны:
- халықты жұмыспен қамтудың аймақтық орталықтары;
- әкімдіктердің әлеуметтік әл-ауқатын басқару.
Жобаның мәні келесідей:
- жобаға қатысушылар алдын-ала мамандандырылған оқудан немесе жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын арнайы оқу курстарда (оның ішінде «Атамекен» палатасында) кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтуі қажет;
- оқу аяқтағаны туралы сертификат алғаннан кейін, қатысушылар болашақ қызметінің, кәсіп-жобасын қорғауға міндетті;
- өз кәсібін бастауға арналған бастапқы капитал ретінде, сәтті қорғалған адамдарға 100-ден (291 700 теңге) 200-ге дейін АЕК (583 400 теңге) көлемінде, өтеусіз мемлекеттік грант беріледі;
- бір жыл ішінде жаңадан бастаған кәсіпкерді, аймақтық кәсіпкерлер палатасы қадағалап, кәсіптік-жобаны жүзеге асыруға көмектеседі.
Мемлекеттік грант — кәсіпті дамытуға арналған несие емес екенін, есте ұстаған жөн. Оны қайтарудың қажеті жоқ, пайыздарды төлеу қажет емес. Ақша бөлудің бірден-бір шарты – қаражатты, өз ісін ұйымдастыру мақсаттына пайдалану.
R-ақпарат