• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

Жұмыспен қамту және кәсіпкер болсаң кім грантты ала алады?

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

«Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2018-ші  жылғы No513-ші қаулысымен реттеледі.

Жоба қарастырылған:

  • жұмыспен қамту орталықтарында оқу курстарында, мамандандырылған оқудан өткен адамдар;
  • жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеу фактісіне қарамастан);
  • ауылдық жерлерде және шағын қалаларда тұратын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар.

Грантты алу мүмкіндігіне ие болу үшін сізге:

  • Еңбек бағдарламасының мүшесі болу;
  • Жұмыспен қамту орталығы негізінде, қысқа мерзімді мамандандырылған оқыту курстарынан өту немесе кәсіпкерлік негіздеріне оқыту (колледждерде, университеттерде, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында,(«Атамекен» ЖКБ базасында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша);
  • бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша грант алмау.

Еңбек бағдарламасының қатысушылары бола алатындар:

  • жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
  • қоныс аударушылар;
  • оралмандар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар (АӘК).

Басымдық құқық:

  • еңбекке қабілетті мүгедектер;
  • жастар;
  • аз қамтылған және (немесе) көпбалалы отбасы мүшелері.

Демек, «Еңбек» бағдарламасының екі бағытындағы қатысушылары да, бастапқы капиталды алуына сенімді бола алады:

  • І бағыт — «Кәсіби біліктілікті қамтамасыз ету» (жұмыспен қамту орталықтарында арнайы оқу курстардан өткен);
  • II бағыттар — «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (кәсіпкерлік негіздеріне, оқыту курстарын аяқтаған жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар).

Қайда өтінуге болады?

Өзінің қызметін ұйымдастыруда, мемлекеттік қолдауды алғысы келетіндер, мына жерлерге өтінуі керек.

  • тұрғылықты жері бойынша, жұмыспен қамту орталықтарына «Еңбек» бағдарламасының(«Бастау Бизнес» жобасы) қатысушысы болуға ниет білдіру туралы өтініш;
  • аудандық әкімдіктер;
  • «Атамекен» ҰКП аймақтық кеңселері.

«Бастау Бизнес» жобасына қатысу процедурасының өзі, келесі кезеңдерден тұрады:

  • тестілеу (3 күнге дейін);
  • топтық дайындық (20 күн);
  • болашақ кәсіптік-жоба бойынша жеке кеңес беру;
  • кәсіптік-жобаны қорғауға дайындық (7-і күнге дейін);
  • кәсіптік-жобаны іске асыруда қолдау (12-і айға дейін).

Тестілеуді — жұмыспен қамту орталығы, әкімдік немесе «Атамекен» ҰКП өкілдігі өткізеді. Содан кейін, жоба қатысушысы қысқа мерзімді мамандандырылған оқуға немесе кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберіледі. Оқу ақысыз өткізіледі. Сонымен бірге, жобаға қатысушылар мемлекеттік стипендия алады және оқу кезеңіндегі жол ақысының шығындарын алады. Оқуды аяқтағаннан кейін, қатысушы сертификаттардың екі түрінің бірін алады:

  • мамандандырылған оқытуды аяқтау туралы;
  • «Бастау Бизнес» жобасына, оқуға қатысқаны туралы.

Оқу барысында кәсіпкерлер палатасының тәлімгерлерінің бақылауымен, қатысушылар өздерінің болашақ жобаларына кәсіптік-жоспар жасайды. Оқыту аяқталғаннан кейін, дайындалған кәсіптік-жоспарды қоса отырып, мемлекеттік грантқа өтініш беру қажет.

Жасалған кәсіптік- жоспарды, Кәсіпкерлер палатасы құратын арнайы комиссияда қорғау керек. Комиссия құрамына әкімдіктің, қоғамдық бірлестіктердің, жоғары оқу орындарының, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен кемінде 5 адам кіреді.

Егер жоба мақұлданса, қатысушы бастапқы капитал ретінде өтеусіз грант алады. Қаражат алғанға дейін, сіз салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз керек немесе Бірыңғай жиынтық төлем(БЖТ) төлеушісі болуыңыз керек.

Анықтама үшін: 2019-шы жылы Қазақстанда 46000-нан астам осындай грант берілді. Қорғалған кезде шамамен 75% жобалар өміршең болады.

Ары қарай «Атамекен» палатасы бір жыл бойы, жаңадан бастағандарды қадағалайды, оларға құқықтық, бухгалтерлік және маркетингтік қолдау көрсетеді.

«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқыту ережелерін prz.enbek.gov.kz веб-сайтынан «Бастапқы», «Нормативтік құқықтық актілер», « Бастау Бизнес »жобасы бойынша, кәсіпкерлік негіздерін оқыту ережелері» бөлімінен таба аласыз.

Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды телефон арқылы қоюға болады:

  • 1411 (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің байланыс орталығы);
  • 1432 (Атамекен ҰКП байланыс орталығы);
  • +7 (727) 33-101-33

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика