• Сб. Дек 20th, 2025
Популярные метки

Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Автор:admin

Ноя 24, 2025
1. Пешті пайдалану кезінде:
• Пешті пайдаланар алдында оның түтін шығару арналары мен мұржаларын мұқият тексеріп, тазалау қажет.
• Пештің түтін шығару тесіктері жақсы тартуы керек, бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
• Пешті жағу кезінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин, спирт т.б.) қолдануға тыйым салынады.
• Пештің есігі жабық болуы тиіс, алдына өртке төзімді қалқанша (металл табақ) орнату қажет.
• Пешті және басқа жылыту құрылғыларын балаларға қараусыз қалдыруға болмайды.
• Пешті түнде және үйден шығар алдында жағуға болмайды.
2. Электр жылытқыштарды пайдалану кезінде:
• Электр жылытқыштар зауытта жасалған, сертификатталған болуы керек.
• Электр сымдары зақымданбаған, штепсельдері мен розеткалары дұрыс жұмыс істеуі қажет.
• Электр жылытқышты жанғыш материалдар мен жиһаздарға тым жақын қоюға болмайды (кемінде 1 метр қашықтықта).
• Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қосуға болмайды.
• Құрылғыны қосулы күйде қалдырмаңыз, ұйықтар немесе үйден шығар алдында міндетті түрде өшіру керек.
3. Газбен жылыту кезінде:
• Газ құрылғыларының герметикалығын және тартуын үнемі тексеріңіз.
• Газдың иісі білінсе, жарық пен электр құралдарын қоспай, дереу газ қызметіне хабарласыңыз.
• Газ плитасын немесе жылытқышты ашық күйде қалдыруға болмайды.
4. Жалпы қауіпсіздік шаралары:
• Әр үйде өрт сөндіргіш құрал (өртсөндіргіш) және құм не су құйылған шелек болуы тиіс.
• Балаларға отпен ойнауға, сіріңке немесе шам жақпауға үйретіңіз.
• Қатты жел, аяз немесе электр желісіндегі ақаулар кезінде пеш пен жылытқыштарға ерекше назар аударыңыз.
• Өрт шыққан жағдайда бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *