• Ср. Сен 17th, 2025
Популярные метки

Жол қауіпсіздігі – басты назарда!

Автор:admin

Сен 8, 2025

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құраммен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында арнайы жиналыс өткізілді. Басқосуда қызметтік автокөлікті қауіпсіз пайдалану, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көлікті уақтылы тексеру және техникалық ақаулардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиналыс барысында департамент басшылығы жол-көлік оқиғаларының тек жүргізушілердің ғана емес, барлық жолаушылардың өміріне қауіп төндіретінін еске салды. Сондықтан әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі, тәртіпке бағынуы және сақтық шараларын орындауы аса маңызды екені атап өтілді. Қызметтік міндетін атқару кезінде жолда жасалған қателіктер тек жеке адамға емес, бүкіл ұжымның абыройына әсер ететіні айтылды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек жол-патрульдік полициясының немесе бақылаушы органдардың жұмысы емес, әрбір жүргізушінің күнделікті дағдысына айналуы тиіс екендігіне назар аударылды. Қызметкерлерге көлік жүргізу барысында телефон пайдаланбау, шаршаған немесе сырқат күйде рульге отырмау, жылдамдықты шектен асырмау сияқты қарапайым ережелердің маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ ауа райы қолайсыз жағдайларда – жаңбырлы, тұманды немесе көктайғақ кезде аса сақ болу қажеттігі баса айтылды.

Бұған қоса, жиналыста қызметтік көліктердің техникалық жағдайына ерекше назар аударылды. Әрбір жүргізуші сапар алдында дөңгелектердің жағдайын, тежегіш жүйесін, жарық бергіш құралдарды тексеріп шығуы тиіс екендігі ескертілді. Уақтылы тексерілмеген көлік – төтенше жағдайдың тікелей себебі болуы мүмкін.

Жеке құрамға жолдағы жауапкершілік әрбір қызметкерден басталатыны қатаң түрде түсіндірілді. «Қауіпсіздік – ең әуелі сақтықта» деген ұстаным жол үстінде үнемі есте сақталуы тиіс екені айтылды. Тәртіп сақшыларының, құтқарушылардың немесе кез келген мемлекеттік қызметкердің жолда жасаған қателігі – бүкіл қоғамның назарында болатыны, сондықтан қызметкерлер әрқашан үлгі көрсетуге міндетті екені атап өтілді.

Жиналыс соңында жол қозғалысы ережелерін сақтау тек жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ғана емес, сонымен бірге ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі екені айтылды. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының жолдағы мәдениеті мен тәртібі жалпы қала тұрғындарына да оң ықпал етіп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлес қосатынына сенім білдірілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *