Халықаралық ЮНИСЕФ ұйымы жүргізген зерттеулерге қарасақ, соңғы уақытта Еуропаның көптеген елдері, ТМД елдері (Ресей, Беларусь) баланың қамқорлық мекемесінде тәрбиеленуі оның дамуы мен денсаулығында із қалдыратынын мойындай бастады. Көптеген зерттеулер мекемелерде өсіп келе жатқан балалардың физикалық, эмоционалдық, әлеуметтік және когнитивтік дамуында тежелулер бар екенін көрсетіп отыр. Негізінен отбасы – бала үшін табиғи қорған. Отбасында балаға қамқорлық, күтім жасайды, қорғайды. Отбасындағы әр бала – жеке тұлға. Мекемеде тұлғалық ұғым ұжымдық ұғым көлеңкесінде жоғалады. Баланың өмір сүруі және отбасында тәрбиеленуі заңмен бекітілген. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 21 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан балалары» бағдарламасында интернат мекемелерінің функцияларын сатылы түрде өзгертудің маңыздылығы көрсетілген. Тәрбиеленушілерді отбасыларға орналастыру немесе отбасылық жағдайға жақын жағдай жасау – жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік тұрғыдан сәтті бейімделуінің маңызды бір механизмі ретінде қарастырылады. ЮНИСЕФ-тің ресми сайттарында жарияланған мәліметтерге сәйкес, сондай-ақ жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды интернат мекемелеріне орналастырудан бас тарту мәселесі бойынша Ресей мен Өзбекстан сияқты елдер жүргізген зерттеулерді талдасақ, аталмыш бағыттағы жұмыстар Қазақстанда 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексіне сәйкес жетім балаларды, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың келесі түрлері қарастырылған: Қорғаншылыққа және қамқорлыққа алу. 2. Патронаттық отбасыларға беру. 3. Асырап алу. Сонымен қатар, бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының талқылауында жатыр. Онда балаларды орналастырудың «меймандос отбасы» және «асырап алушы отбасы» сияқты формаларын енгізу қарастырылады. Бұл арадағы меймандос отбасы институтын енгізуге сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы өкімімен бекітілген 2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, моральдықэтикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарында қарастырылған. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат ұйымдардың профилін өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды қолдау орталықтарына өзгерту бойынша ұсыныстарды әзірлеген кезде 2008 ж. Шымкент қ. «Гармония» психологиялық отбасылық орталығы» ҚБ Қазақстан Республикасындағы «ЮНИСЕФ» БҰҰ Балалар қоры өкілдігінің қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының Білім департаментімен бірлесе әзірлеген «Интернат мекемесінің функциясын отбасыны қолдау қызметіне өзгерту» атты әдістемелік құралы (әрі қарай – Әдістемелік құрал) негізге алынды. Әдістемелік құралда ұсынылған балалар үйін отбасыны қолдау қызметіне өзгерту жоспары қазақстандық балалар үйінің бірі үшін әзірленген, яғни Қазақстандағы қазіргі жағдайға бейімделген. Сонымен қатар, интернат мекемелерінің профилін отбасыны қолдау қызметіне (отбасыны қолдау орталықтары) өзгертудің халықаралық тәжірибесі зерттелді.
R-ақпарат